Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция


ІІІ. Іскерлік коммуникациядағы кедергілер және оны жеңу жолдары



Pdf көрінісі
бет54/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80
ІІІ. Іскерлік коммуникациядағы кедергілер және оны жеңу жолдары. 
Ұйым  бөлімшелері  мен  жекелеген  мүшелерінің  іс-әрекетін  жалпы 
мақсатқа  жету  үшін  үнемі  үйлестіру  қажеттігі  басқару  іс-әрекеті  мәнінің 
өзімен  байланысқан.  Бұл  үйлестіру  әртүрлі  формасында,  ең  алдымен 
коммуникация  барысында,  яғни  ұйым  мүшелерінің  алуан  түрлі  түйісулері 
арқылы  жүзеге  асырылады.  Ұйымның  ішінде  жүріп  жатқанның  барлығы 
коммуникативтік  процестермен  байланысқан.  Сондықтан  да  олар  оның 
тұтастығы  мен  қызмет  етуін  қамтамасыз  етудің  негізгі  құралдары  болып 
табылады.  Жетекші  іс-әрекетінде  коммуникация  қызметі  ерекше  рөл 
атқарады. Ол басқарудың басқа барлық  қызметтерін жүзеге асыру мен өзара 
үйлестіру  құралы  ретінде  болады.  Сондықтан  бұл  қызмет  шешім  қабылдау 
қызметімен 
қатар 
ұйымдағы 
байланыстырушы 
процесс 
ретінде 
қарастырылады. 
Жалпы  тұрғыдан  коммуникация  –  бұл  адамдар  немесе  адамдар  топтары 
арасындағы  кез  келген  ақпарат  алмасуы,  ол  өзара  түсіністікке  алып  келу 
немесе келмеуіне тәуелді емес. 
«Коммуникация»  ұғымына  енгізілетін  құбылыстар  мен  процестердің 
алуан  түрлілігіне  байланысты,  оны  құрылымдау  және  жетекші  іс-әрекетінің 
мазмұнын  сипаттауға  арналған  сандағы  ең  маңызды  аспектілерді  айқындау 
қажеттігі туындайды: 
1. Коммуникация жалпы құбылыс ретінде; 
2. Коммуникация 
жетекшінің 
атқарушылармен 
және 
ұйым 
бөлімшелерімен тікелей байланыс тәжірибесі ретінде; 


3. Коммуникация басқарудың ерекшелік қызметі ретінде. 
Бұл  аспектілердің  әрқайсысы  нормативтік-ұйымдастырушылық  және 
субъектілік-психологиялық 
жоспарлардан 
тұрады. 
Біріншісі 
оңтайлы 
коммуникативтік 
процесс 
құрылымымен 
байланысқан. 
Екіншісі 
«коммуниканттардың» психологиялық ерекшеліктерінің осы қызметке үлкен 
ықпалын  көрсетеді  және  оның  маңызды  деген,  соның  ішінде  тиімділікке 
бөгет  болатын  маңызды  сипаттарын  түсіндіреді.  Коммуникативтік  қызмет 
ұғымы 
өзіндік 
үш 
психологиялық 
аспектіден 
тұрады: 
жетекшінің 
коммуникативтік 
мінез-құлқы, 
оның 
іс-әрекетінің 
коммуникативтік 
құбылыстары мен процестері. 
Келесі бағыттар коммуникативтік қызмет мазмұнын сипаттайды: 
– бұл қызметтің мәні мен оның ерекшелігін анықтау; 
– коммуникациялардың негізгі түрлері мен типтерін талдау; 
–  коммуникация  үдерісінің  құрылымдық  компоненттері  мен  кезеңдерін 
анықтау; 
– осы қызметтің жүзеге асу формасын сипаттау; 
–  «барьерлерді  (кедергілерді)»  талдау  (сипатты  қателіктер  мен 
қиындықтар); 
– коммуникативтік қызметін оңтайландыруға арналған негізгі талаптарды 
сипаттау (оңтайлы коммуникация принципі). 
Жетекшінің  коммуникациялық  қызметінің  негізгі  міндеті  –  ұйым  ішінде 
оның  бөлімшелері  арасындағы  және  сыртқы  ортамен  ақпараттың  оңтайлы 
алмасуын  қамтамасыз  ету.  Оңтайлылық  көрсеткіші  –  қолданыстағы 
коммуникация  желісінің  ұйымның  жалпы  мақсаттарына  жетуге  қолдау 
көрсетуінің  нәтижесі.  Коммуникациялар  тиімділігі  үшін  мақсаттың  айқын 
тұжырымы, оның әр бөлімше үшін шағын мақсатқа нақтылануы; бөлімшелер 
жұмысының  белгілі  бір  түрлері  мен  нормативтерін  реттейтін  мүшеленген 
жоспар;  дұрыс  таңдалған  ұйым  типі;  бақылаудың  тиімді  жүйесі  қажет. 
Коммуникациялық  қызметтің  ерекшелігіне,  басқарудың  басқа  қызметтерінің 
барлығы,  яғни  мақсат  қою,  жоспарлау,  ұйымдастыру,  бақылау  оны  жүзеге 
асыру  құралдары  болып  табылатынын  көрсетеді.  Мұны  жетекшінің  бүкіл 
жұмыс  уақытының  50-90  пайызы  осы  коммуникациялармен  толатыны 
туралы мәліметтер растайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет