Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция



Pdf көрінісі
бет57/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80

– 
Тақырып. 
Ұжымдағы 
тұлғааралық 
қарым-қатынасты 
қалыптастыру  механизмдері.  Кросс  –  мәдени  менеджмент  өндірістегі 
коммуникация факторы ретінде. 
 
Жоспар: 
1. Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясының  теориялық негіздері  
2.  Әлеуметтік  психологиядағы  тұлғааралық    қатынаc    ұғымы  және 
түрлері, қарым-қатынасты жақсартуға арналған  тренинг жаттығулар. 
3.  Кросс  –  мәдени  менеджмент  өндірістегі  коммуникация  факторы 
петінде 
1.  Тұлғааралық  қарым-қатынас  психологиясының    теориялық 
негіздері  
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, 
оның  талаптарына  сәйкес  өз  ойлары  мен  мiнез-құлқын  өзгертедi,  топтың 
басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. 
Егер  қарым-қатынас  болмаса,  бiздiң  рухани,  материалды  даму 
деңгейiмiздiң  қандай  дәрежеге  көтерiлгенiн  бiлмес  едiк.  Бiздiң  әрқайсымыз 
өзiмiздiң  негiзгi  қырларымызды  жеке  қарым-қатынас  тәжiрбиелерiмiз 
арқылы  жанұядағы,  мектептегi,  жұмыстағы,  көшедегi  тiкелей  қатынастар 
арқылы  игеремiз,  бұл  микроорта.  Микроортадағы  қарым-қатынас  арқылы 
әрқайсымыз  әлеуметтiк  әлемдi  кеңiнен  танимыз  және  қарым-қатынасқа 
түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз. 


Макроорта  –  бұл  өз  ғылымы,  мәдениетi,  идеалогиясы,  заңы,  қоғамдық 
өлшемдерi бар қоғам. 
 Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн 
шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi. 
Қарым-қатынас  психологиясы  мынандай  құбылыстарды  зерттейдi: 
адамдардың  бiр-бiрiн  қабылдауы  және  түсiнуi,  елiктеу,  сендiру  және 
нандыру,  ұйымшылдық  немесе  жанжалдық,  бiрiккен  iс-әрекет  және 
тұлғааралық  қатынастар.  Осы  психологиялық  құбылыстың  әр  түрлiлiгiнде, 
олардың  пайда  болуының  негiзгi  қайнар  көзi  болып  адамдар  арасындағы 
қарым-қатынас аймағы болып табылады. 
Қарым-қатынас  тарихи  алғашқы  форма  болып  табылады,  оның  негiзiнде 
өркениет  дамуының  кейiнгi  кезеңдерiнде  қарым-қатынастың  басқа  түрлерi 
пайда болды. Мысалы, жазбаша қарым-қатынас жазбашалықтың құралуынан 
кейiн  ғана  пайда  бола  бастады.  Бiздiң  әрқайсымыз  адамдар  арасында  өмiр 
сүрiп  және  жұмыс  iстегендiктен  кез-келген  жағдайда  өз  тiлектерiмiзге 
тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз. 
Адамдар  түрлі  әлеуметтiк  топтардың  құрамына  кіреді.  Адам  бір  уақытта 
белгілі  жұмыспен  айналыса  алады,  спорт  клубының  мүшесі  бола  алады, 
қоғамдық қызметтер атқара алады, саяси өмірге араласа алады және сонымен 
қатар  отбасындағы  әке  мен  шеше  міндеттерін  де  атқара  алады.  Адам  өзі 
кіретін  топтың  әрқайсысында  белгілі  орын  ала  отырып,  сол  топтың  iшiнде 
әлеуметтiк әрекеттестiктi қалыптастырады. 
 Әлеуметтiк  әрекеттестiк  –  бұл  бiр-бiрiне  уақыт  аралата  әсер  етiп,  әр 
серiктестiктiң 
әлеуметтiк 
әрекетi 
жүзеге 
асып 
отыруын 
және 
серiктестiктердiң  бiр-бiрiнiң  әрекеттерiне  бейiмделуiне  қол  жеткiзу.  Мұндай 
әрекетте  екi  адамның  немесе  бiрiккен  әлеуметтiк  топтың  қарым-қатынасын 
айтамыз. 
 Қарым-қатынас туралы ұғым: 
 Біріншіден  бiрiгiп  әрекет  ету  қажеттiлiгiнен  туындайтын,  құрамына 
ақпарат  алмасумен  өзара  әрекеттесудiң  бiртұтас  стратегиясын  жасау,  өзге 
адамдарды  қабылдау  және  түсiну  адамдар  арасындағы  байланыстың  орнауы 
мен дамуының күрделi көп мақсатты процесi. 
 Екіншіден субъектiлердiң белгiлi құралдарымен жүзеге асыратын бiрiгiп 
әрекет  ету  қажеттiлiгiнен  туындаған  және  серiктесiнiң  жай-күйiн,  мiнез-
құлқымен  тұлғалық  маңыздылық  құрылымын  едәуiр  өзгертуге  бағытталған 
өзара әрекеттесу.  
 Кезінде  бірінші  болып  қарым-қатынастың  көп  деңгейлі,  иерархиялық, 
көп  өлшемді  ұйымдасуын  көрсеткен  белгілі  кеңес  психологы  Б.Г.Ананьев 
қарым-қатынастың макро-, мезо-, микродеңгейлерін бөледі: қарым-қатынасқа 
түсуші адамдар өмір сүретін қоғам, өздері мүшесі болып табылатын әр типті 
ұжымдар,  өздері  жиі  байланысқа  түсетін  жақын  қоршаған  ортасы,  сонымен 
қатар  осы  іс-әрекет  субъектісі  ретіндегі  өзара  әрекеттесуші  адамдардың 
қарым-қатынаста  қалыптасатын  және  жүзеге  асатын  индивидуалды 
сипаттамалары. 


 Қарым-қатынасқа  байланысты  келесi  ұғымдар  төмендегідей  бөлуге 
болады: 
 Тұлға  диспозициясы  –  бұл  әрекеттiң  белгiлi  бiр  жағдайлары  және  осы 
жағдайлардағы  белгiлi  бiр  мiнез-құлықты  қабылдауға  деген  бейiмдiлiктiң 
жүйесi немесе кешенi. 
 Өмiр  салты  –  бұл  адамдардың  тарихи  нақты  әлеуметтiк  қатынастары 
типтiк болып табылатын өмiр сүру формасы. 
 Әлеуметтiк  институт  –  бұл  адамдардың  бiрiгiп  әрекет  етуін 
ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. 
 Фактiлiк  қатынас  –  коммуникативтiк  құралдарды  тек  қатынас  процесiн 
қолдау мақсатында ғана падаланылатын мазмұнсыз құбылыс. 
 Әлеуметтiк  психологиялық  бiлiктiлiк  –  индевидтiң  өзiн  қоршаған  адам 
мен тұлғаарлық қатынастар жүйесiнде тиiмдi әрекеттесе алу қабiлетi. 
Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп жұмыс iстеймiз, қонаққа 
барамыз,  бiр  ортақ  iстi  орындаймыз.  Кез-келген  жағдайда  бiз  адаммен 
қаласақ  та,  қаламасақ  та  қарым-қатынасқа  түсемiз  яғни  ата-аналарымызбен, 
құрдастарымызбен  және  т.б.  Өзге  адамдармен  қатынаса  отырып  бiз  оларды 
қабылдаймыз  және  бағалаймыз,  бiздiң  әрқайсымыз  өзiнiң  ерекшелiгiн  жеке 
қарым-қатынас  тәжiрибесi  арқылы  қоршаған  ортадағы,  мектептегi,  көшедегi 
тiкелей байланыс арқылы қалыптасамыз. Ол: 
 Микроорта  –  микроортадағы  қарым-қатынастың  арқасында  бiздiң 
әрқайсымыз  анағұрлым  кең  әлемдi  танып  онымен  қарым-қатынас  жасаймыз, 
басқаша айтқанда макроортаның әсерiн сезiнеміз. 
 Макроорта  –  өз  ғылымы,  мәдениетi,  идеалогиясы,  заңдары,  қоғамдық 
нормалары  және  басқа  да  осындай  жетiстiктерi  бар  қоғам.  Бiздiң 
әрқайсымыздың өмiрiмiз өтiп жатқан шағын топ. 
 Микро  және  макроорта  тоғысатын  орын,  олар  әрекеттесетiн  шет  болып 
табылады. 
 Алдыңғы  және  қазiргi  ұрпақ  бiлiмi  мен  тәжiрибелерiн  адам,  дәл  осы 
шағын  топтарда  отбасында,  көшеде  т.б.  өзiнiң  микроортасында  меңгередi. 
Тұлға қоғаммен тiкелей емес өзiнiң арласатын ортасы ғана әрекеттседi. 
 - микроорта: отбасы, мектеп, көше, өндiрiс және т.б. 
 - шағын топ: тiкелей қарым-қатынас. 
 - макроорта: өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы.  
Өзiнiң  мiндетi  бойынша  қарым-қатынас  көп  функциялы.  Қарым-
қатынастың 5 негiзгi функциясын бөлiп көрсетуге болады. 
 1.  Прогматикалық  функция  –  адамдардың  бiрiккен  iс-әрекетi  процесiнде 
өзара әрекеттесуде жүзеге асады. 
 2. Қарым-қатынастың қалыптастырушы функциясы - бұл адамдық тұлға 
ретiнде  дамуы  және  қалыптасу  процесiнде  танылады.  Шындығында  үлкен 
мен қарым-қатынас жасамай болмайды. 
 3.  Растау  функциясы  –  бiз  өзге  адамдармен  қарым-қатынас  жасағанда 
ғана  өзiмiздiң  қандай  екенiмiздi  танып  түсiнiп  растай  аламыз.  Өз 
құндылығыңды  мойындалатынына  көз  жеткiзу  үшiн  адам  өзге  адамдардың 
қолдауын  iздегенде  осы  функция  көрiнедi.  Ульям  Джеймс  өзi  адам  үшiн 


қоғамда  өзiмен  өзi  қалдырылып  мүлде  ескерусiз  қалғанан  артық  жаза  жоқ 
дейдi.  Мұны  психология  тұрғысынан  растамау  деп  атаймыз.  Қарапайым 
сенiкi  дұрыс  емес  немесе  сен  жамансың  деген  сөздермен  бiлiнетiн  және 
растаудың  белгiлi  бiр  бөлiгi  бар  жоққа  шығарумен  салыстыруды,  яғни 
растамау деп аталады. 
 4. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциялары – 
кез-келген  адамдардың  қарым-қатынасы  өзге  адамдарды  бағалаумен  және 
белгiлi  бiр  жақсы  немесе  жаман  эмоцияналды  қатынастарды  орнатумен, 
байланысты  тiптi  адамдардың  өзiмен  әртүрлi  жағдайда  қатынас  жасауға 
болады. 
 5.  Тұлғаның  iшiндегi  қарым-қатынас  формасы  –  бұл  маңыздылардың 
бiрi.  Өз-өзiмен  жүргiзiлген  диалогтың  негiзiнде  бiз  белгiлi  бiр  шешiмдер 
қабылдап  маңызды  әрекеттерге  барамыз.  Мұндай  iшкi  қарым-қатынасты 
адам ойлауының әртүрлi тәсiлi ретiнде қарастыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет