Microsoft Word на 5 формат doc



Pdf көрінісі
бет17/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   100
Байланысты:
клеткалық биотехнология негіздері

Жануар  жасушасын  өсіруге  қолданылатын    өсіру  ертіндісі  
өсімдіктер  ұлпаны  өсіруге  қолданылатын  қоректік  ортасына  
құрамы  жақтан  ұқсамайды.  Жануарлар  жасушасын  өсіретін  
ертіндінің  құрамында  үнемі  глюкоза,  аминоқышқылдар,  мине-
ралды  тұздар,  витамин  жəне  жануарлардың  қан  сарысуы  болады.  
Өсірілетін  жануарлар  жасушасының  басым  көпшілігі  жануар-
лардың  эмбрионынан  немесе  туылғанына  көп  уақыт  болмаған  
жас жануарлардың орнынан  немесе  ұлпадан  алынады. Ұлпаны  
ажыратып  алғаннан  кейін, əуелі  трипсин  сияқты  ферментпен 
ұлпаны  жеке  жасушаларға  ыдыратады,  онан  соң  белгілі    қою  
жасуша суспензиясын алып, оны өсіру шөлмегіне  құйып, өсіру  
сандығында   өсіреді. Бұл  кезең  алғашқы  ұрпақты  өсіруі  деп  
аталады.  Жасуша  өсіру  шөлмегінің  қабырғасына  жабысып  
өседі. Жасушаның өсуіне жəне көбеюіне ілесіп, өсіру  шөлмегін-
дегі жасушалар барған сайын көбейіп, трипсин арқылы  жасуша-
ларды шөлмектің қабырғасынан түсіріп, жасуша  суспензиясын  
жасауды, екі немесе оданда  көп  өсіру  шөлмегіне бөліп  өсіруді  
қажет  етеді. Бұл – ұрпақ  жалғастыру деп  аталады. 
Жануарлар жасушасын  өсіру  техникасының  қолданылатын  
жақтары  көп.  Вирусқа  қарсы  вакциналар,  интерферон,  монок-
лонды  антидене    қатарлы    аса    бағалы    көптеген    биологиялық  
бұйымдар  жануарлар  жасушасын  зор  көлемде  өсіру  арқылы  
өндіріледі. Күйген адамның терісінен  сау  жасуша  алып  өсірсе, 


 
24
көп мөлшерде  өзіндік тері  жасушалары  өндіріліп,  жараланған  
терісіне  жалғау  ретінде  көшіруге  болады.  Өсірілген    жануар  
жасушасы тағы улы заттарды тексеріп анықтауға  қолданылады. 
Тірі  организмдердің  жасушаларды  əртүрлі  тəсіл  арқылы 
өсіреді.  Мысалы,  жасушаларды  қорландырып  мерзімді  өсіреді, 
яғни  жасушалар  суспензиясын  жабық  ыдыста  бастапқы  құйыл-
ған қоректік ортасы жаңартылмай өсіреді  немесе жасушаларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет