Microsoft Word на 5 формат doc


Жасушаларды ағынды ашық жүйеде өсіру



Pdf көрінісі
бет19/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   100
Жасушаларды ағынды ашық жүйеде өсіру  үздіксіз ағып кіріп 
тұрған  жаңа  қоректік  орта  мен  төгіліп  сыртқа  ағып  шыққан 
жасушалар суспензиясының қарқыны (көлемдерінің) тең болуы. 
Өндірістік  микроорганизмдердің  штамдарын  əртүрлі  тəртібінде 
өсіріп олардың өсу қарқындылығын бақылайды. Бұл турбидос-
татта  өсіру (лат. turbo – құйын, шыр айналу) – фотоэлементті 
қолданып  биомасса  концентрациясын  тікелей  бақылау  арқылы, 
жасушаларды  сыртқы  жағдайдан  ешқандай  шектеусіз,  үздіксіз 
өсіру  жəне  жасушаларды  хемостатта  өсіру  (гр.  chemia – 
химия), яғни құрамында өсуді тежейтін концентрациясы белгілі 
құраушылары  бар  жаңа  қоректік  орта  тұрақты  жылдамдықпен 
биореакторға  құйылып  түсіп тұрады  да, сондай  жылдамдықпен 
өскен жасушалар суспензиясы алынып отырады.  
Бірнеше  сағат  бойы  организмдердің  жасушалары  жаңа  жағ-
дайға,  жұмсалатын  субстрат  құрамына  бейімделеді – лаг-фаза 
(бүркеулі, жасырын кезеңі) – бұл кезде су мен қоректік заттарды 
сіңіру  процесі  жəне  бөлінуге  дайындық  белсенді  өтіп  жатады, 
жасушалардың  өсуі,  ферменттер,  нуклеин  қышқылдарының, 
əсіресе РНК құмарлығының артуы орын алады. Одан кейін үдеу 


 
25
кезеңі,  бұл  кезде  жасушалар  бөлініп,  созылып  өсе  бастайды. 
Келесі  экспоненциалды  даму  кезеңі  басталады,  жасушалар 
жылдам бөлінеді, жасушалар көбейеді, олардың биомассасының 
жоғарылауы  байқалады.  Экспоненциалды  немесе  лог-фазада  
өсу жылдамдығы өте қарқынды, уақыт өткен сайын екі еселеніп 
өседі.  Əрі  қарай  қоректік  ортаның  қоспа  бөлшектері  біртіндеп 
төмендейді,  жасуша  метаболиттерінің  құрамы  артады,  жасуша-
лар өсуі мен көбею қарқының төмендесуіне əкеліп соғады. Бұл 
баяу өсу кезеңі (өсудің бəсендеу фазасы). Стационарлық кезең – 
бұл жаңадан пайда болатын жəне жасаушалардың тең қатынасы 
салдарынан  қоректік  ортада  жасушалар  санының  бірталай 
тұрақтылығымен  сипатталады.  Ақырында  жасушалардың  бір-
тіндеп  жойылып  құруы,  өсу  мен  көбеюі  жоғарыда  көрсетілген 
кезеңдердің  жүру  ұзақтығына,  биопродуценттің  физилогия 
ерекшеліктеріне  байланысты.  Мысалы,  Baccillus thuringiensis
тің  өсу  циклі – 36 сағат,  Аspergillus awamori – 144 сағат. 
Жасушалардың  өсуі S-тəрізді  қисық  сызықпен  бейнеленеді  (3-
сурет).  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет