Microsoft Word на 5 формат doc



Pdf көрінісі
бет4/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
 
 
 


 
5
БІРІНШІ ТАРАУ 
 
 
 
БИОТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
 
 
 
1.1. Биотехнологияның даму тарихы 
 
Биотехнология  биологиялық,  химиялық,  техникалық  ғылым 
арқылы  түзіледі.  Биотехнология – өте  күрделi,  интегралды 
ғылым.  Сондықтан,  оның  теориялық  негiзi  биология  ғылымы-
ның  көптеген  салаларынан  (цитология,  физиология,  генетика, 
биохимия  т.б.)  нəр  алып,  ұсыныстарын  сiңiрiп,  олардың  басты 
принциптерi  мен  əдiстерiн  өзiне  бағындыру  арқылы  қалып-
тасқан. 
Голланд ғалымы Е.Хаувинк биотехнологияның пайда болуы 
мен даму тарихының  5 ғылыми кезеңін ажыратқан. Олар:  
1-кезең (1865 ж.) - Пастер  ғасырына  дейінгі  кезең – сыра, 
шарап,  нан  өнімдері  жəне  сыра  ашытқыларын,  ірімшік 
алғандағы  спирттік  жəне  сүт  қышқылды  ашытуды  қолдану, 
сірке қышқылын жəне ферментативті өнімдерді алу.  
2-кезең (1866-1940 ж.) - Пастер  ғасырлық  кезеңі – этанол, 
бутанол,  ацетон,  глицерин,  органикалық  қышқылдарды,  вакци-
наларды,  сондай-ақ  көмірсулардан  азықтық  ашытқыларды 
өндіру, канализациялық суды аэробты тазалау.   
3-кезең (1940-1960 ж.) - антибиотиктер  өндіру  кезеңі – 
тереңдетілген  ферментация  жолымен  пенициллин  жəне  басқа 
антибиотиктерді,  вирустық  вациналарды  алу,  өсімдік  жасуша-
ларын  in vitro жағдайында  өсіру,  стероидтардың  микробиоло-
гиялық биотрансформациясын жүзеге асыру.  
4-кезең (1961-1975 ж.) - меңгерілетін биосинтезяғни микробты 
мутанттар  көмегімен  амин  қышқылдарын  өндіру,  тазартылған 
ферменттік препараттар алу, иммобилденген ферменттерді жəне 
жасушаларды өндірісте қолдану, бактериалды полисахаридтерді 


 
6
өндіру, канализациялық суларды анаэробты тазалау жəне биогаз 
алу.  
5-кезең (1973 жылдан  бастап)    жаңа  биотехнология  – 
биосинтез  агенттерін  алу  мақсатында  жасушалық  жəне 
генетикалық инженерияны қолдану. Моноклонды антиденелерді 
өндіретін  будандарды,  протопласттарды  жəне  меристемді 
дақылдарды  будандастырып  алу,  эмбриондарды  транспланта-
циялау.  
«Биотехнология»  терминін алғаш рет 1917 ж. венгр ғалымы  
Карл Эрике енгізді. 
Биотехнология  физика-химиялық  биология,  молекулалық 
биология,  генетика,  микробиология,  биоорганикалық  химиямен 
өте  тығыз  байланысты.  Биотехнологияның  əдістері  мен  прин-
циптері  осы  ғылыми  салаларға  негізделеді.  Себебі  ол  тірі 
организмдердің  белгілі  биохимиялық  процестерді  пайдалану 
арқылы  тиімді  өнімдерді  өндірістік  жолмен  алудың    əртүрлі 
тəсілдер жүйесінен тұрады.   
Биотехнологиялық  жолмен  алынатын  өнiмдерге  көптеген 
дəрi-дəрмектер, ақуыздар мен ферменттiк препараттар, құлпыр-
ған  табиғи  бояулар,  хош  иiстi  заттар,  витаминдер  жəне  тағы 
басқа да биологиялық белсенді қосындылар кiредi. Биотехноло-
гиялық  əдiстердiң  көмегiмен  селекция  процессiн  жүргiзуде 
ежелден  қолданылып  келе  жатқан  тəсiлдердi (будандастыру, 
мутагенез,  сұрыптау  т.б.)  едəуiр  жеңiлдетуге,  тездетуге  болады. 
Биотехнологиялық  тəсілдері  арқылы,  əсіресе,  биоинженерия 
(клеткалық  инженерия,  гендiк  инженерия)  тəсілдері  арқылы  
өсiмдiктердiң  сапалы  сорттары,  малдың  асыл  тұқымдары, 
микроорганизмдердiң  аса  өнiмдi  штамдары  алынады.  Сонымен  
биотехнология  -  биологиялық  процесстердiң  өту  заңдылықтарын 
терең  зерттеп,  ұғу,  биологиялық  нысаналардың  қызметiн 
пайдалану  негiзiнде  iске  асырылатын  қазiргi  заманның  өте 
тиiмдi де биiк деңгейдегi технологиясы болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет