15
Бұйрықты сөйлем қазақ тілі грамматикасында жаңа бір сөйлем түрі болып
кірді.
Профессор М. Балақаевтың еңбегінде жоғарыда аталған сөйлемнің
түрлерімен бірге есімді, етістікті сөйлем түрлерін баяндауыштың жасалуына
қарай топтауды жөн көрген. Сөйтіп, қазақ тіл біліміне енді есімді сөйлем де
енді деп айтуға болады. Осы уақытқа дейін есімді, етістікті сөйлем түрлері деп
қазақ ғалымдарының бірі бұл түрлерін бөліп қарастырмағаны мəлім. Дегенмен
сөйлемнің де осы түрлері орыс тіл білімінде бұрыннан айтылып жүргенімен,
түркологияда соның ішінде қазақ тіл білімінде профессор М. Балақаев
еңбегінен басталады. «Баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай
етістікті
(Үйдің іші жылынды), (Күн жылы. Аспан ашық. Айнала жым-жырт)
болып бөлінеді» - деп ғалым баяндауыштарын
жылы, ашық, жым-жырт сын
есімді есімді сөйлем арқылы көрсеткен. М. Балақаев «Қазіргі қазақ тілі»
еңбегінде «Есім баяндауыштар» деген тараушасында есім баяндауыштарға
жалпы түсінік беріп: «Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім,
есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді, бұл
үшін олардың қасында көмекші етістіктің тұруы шарт емес. Сонымен қатар
есімді сөйлемдердің қазақ тілінің өзіне тəн ерекшеліктері де бар» - деп орыс
тілімен салыстыра отырып: «Бұл – қазақ тілінің артықшылығы емес,
өзгешелігі» - дейді [1, 131 б.].
Проф. М. Балақаев сөйлемдерді:
-Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер;
-болымды, болымсыз сөйлемдер;
-жақты, жақсыз сөйлемдер;
-белгісіз жақты жəне жалпылама сөйлемдер;
-толымды жəне толымсыз сөйлемдер;
-атаулы сөйлем, – деп бөледі. Автордың 1954 жылы жəне 1992 жылы қайта
басылып шыққан «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында есімді сөйлем мəселесіне
тоқталғанын көреміз. «Сапалық есімдер мен есімдіктерден болған
баяндауыштар» тараушасында: «Сапалық есімдер мен есімдіктердің бəрі де
баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Бірақ олардың баяндауыш болу
дəрежесі де, баяндауыштық қызметі де бірдей емес» - деп мына мысалдар
арқылы көрсетеді:
Ай
Достарыңызбен бөлісу: