Microsoft Word Тыныс алу толық



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата19.12.2022
өлшемі1,04 Mb.
#58065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
 
 
 
 
 
 


МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ 
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ 
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 
Ауа жолдары 
Қызметтері
•Жұтылған ауаны респираторлы бөлімге өткізеді. 
• Кондиционерлік қызметі: ауаны жылытады, дымқылдатып тазалайды 
(ауамен келген шаң-тозаңды, микроорганизмдерді шырышпен шылап, сыртқа 
шығарады-эвакуациялық). 
• Қорғаныс-сүзгілік қызметі. Ауа жолдарындағы кілегейлі қабық 
эпителийі ауадан келген микроорганизмдердің астыңғы қабатқа өтпеуіне 
септігін тигізеді. Эпителидің меншікті пластинкасында иммундық қызмет 
атқаратын бронхтар,онда лимфоидты түйіндер де болады (БЛТ). 
• Секреторлы қызметі. Ауа жолдарын тыстайтын кілегейлі қабық 
эпителиінің құрамында шырыш бөлетін- бокал тəрізді жасушалар болады. 
Бөлінген шырыштың құрамында иммундық қызмет атқаратын антиденелер 
мен лизоцим болады. Эпителий қабатының құрамындағы эндокринді 
жасушалардан біраз гормондар да бөлініп, бұл ауа жүретін жолдарындағы 
эндокриноциттердің гормоналді немесе эндокринді қызметіне жатады . 
 
Мұрын қуысы 
Мұрын қуысы екі бөліктен: кіреберісі мен тыныс алу бөлігінен тұрады. 
Мұрын қуысының кіреберіс де кілегейлі қабықпен тысталған, құрамында көп 
қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителиі мен эпителидің меншікті 
пластинкасы бар. Тыныс алу бөлігі бір қабатты, көп қатарлы кірпікшелі 
эпителимен тысталған, құрамында кірпікшелі, бокал тəрізді, жиекті немесе 
микробүрлері бар қыстырма немесе базальді жасушалардан тұрады. 
Аталған жасушалардың көмегі арқылы мұрын қуысына ауадан келіп түскен 
бөтен- текті заттар мен микроорганизмдер сыртқа шығады не болмаса 
жойылады. Бокал тəрізді жасушалары- муцинді бөледі. Муцин бөтен 
заттарды өзіне жабыстырады да, сыртқа шығуына септігін тигізеді. Мұрын 
қуысынан бөлінетін секреттің құрамында антидене-иммуноглобулин «А» 
эпителидің 
астындағы 
меншікті 
пластинкасының 
құрамындағы 
плазмоциттерден бөлінеді. Бұл плазмоциттер лизоцимді де синтездейді. 
Жиекті жасушалар-хеморецепторлар болып саналады. Базальді немесе 
қыстырма жасушалары регенерациялық- камбиалді қызмет атқарады. 
Эпителидің меншікті пластинкасының құрамындағы борпылдақ дəнекер 
тінінде 
белокты-шырышты, 
аралас 
бездермен 
бірге 
лимфоидты 
фолликулдар да болады. 
Мұрын қуысының тыныс алу бөлігінің кілегейлі қабығы екі бөліктен тұрады: 
• Иісті қабылдау аймағы; мұрын қырының едəуір бөлігімен мұрын 
сүйегінің жоғарғы жəне мұрын пердесінің 1/3 бөлігін алып жатады. 
Кілегейлі қабығы-иіс сезу мүшесі болып саналады. Иіс сезу мүшесі, иіс сезу 
анализаторының шеткі бөлігі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет