Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар


Микроорганизмдерді тірідей зерттеу әдістері



бет12/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Микроорганизмдерді тірідей зерттеу әдістері
Микроорганизмдерді тірідей зерттеу негізінде бактериялардың қозғалғыштығын зерттеу үшін, кейде агглютинациялық реакция кезінде қолданады. Ол үшін препараттарды «езілген тамшы» және «ілінген тамшы» әдістермен дайындайды.
«Езілген тамшы» препараты.
Зерттелетін зат бар сұйықтықты заттық әйнекше бетіне тамызады да бетіне жабынды әйнекшені қояды. Зерттелетін тамшы көлемі заттық әйнекше мен жабынды әйнекшенің арасындағы қуысты толық толтырайтын болуы керек және айналасына шығып кетпеуі керек.

«Ілінген тамшы» препараты.
Зерттелетін микроб дақылы бар сұйықтықты жабынды әйнекшеге тамызады да, төңкеріп ұстап, айнанысы вазелин майы жағылған ойығы бар заттық әйнекшеге қояды.
Нәтижесінде екі әйнекше бір-біріне жабысады, герметикалық камера пайда болып, тамшы ұзақ уақыт кеуіп кетпейді. Жылдам кеуіп кетпеуі үшін ылғалды камераға яғни бірнеше ылғалды фильтрлік қағаздар салынған петри табақшасына орналастырады.
«Езілген» және «ілінген тамшы» препараттарын сәулелі микроскопта зерттеу кезінде ең алдымен кішкентай үлкейткіштің көмегімен жабынды әйнекшенің астындағы тамшының шектерін (диафрагманы шамалы таратып) тауып алады да содан кейін үлкен объективпен ақтық зерттеу жүргізеді. Түйнек-айдынды, фазалы-контрастты және аноптральды микроскопиялау морфологиялық зерттеулер үшін ең қолайлы әдістер болып табылады.
Бактерияларды бояп зерттеу олардың морфологиясын ғана емес, кейбір химиялық құрылысы туралы да мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Ол үшін арнайы бояу әдістері қолданылады.

Тақырып № 3 «Микроорганизмдердің экологиясы. Адам ағзасының микрофлорасы. Дисбактериоз. Санитарлық микробиология. Зарарсыздандыру,залалсыздандыру, асептика, антисептика негіздері.»


Судағы бактериялардың жалпы санын анықтау
Судағы бактериялардың жалпы санын анықтау үшін суаттардан алынған су үлгілерді жалпы тәсіл бойынша сұйылтады. Ол үшін 2 мл үлгіні алып, 1 мл-ін бірінші стерильді суы бар бірінші шыны түтікке құйып, араластырғаннан кейін, ерітіндінің 1 мл-ін екінші 9 мл стерильді суы бар шыны түтікке құйып, жақсылап араластырған соң келесі пробиркаға 1 мл құяды. Осындай жолмен небары 3-7 сұйылтым дайындайды. Сонан соң осы шыны түтіктердегі су үлгілерін 1 мл-ден стерильді Петри шыныларына құяды. Олардың әрқайсысына 10-12 мл-ден 450С-қа дейін салқындатылған ЕПА-ын құйып, айналмалы қозғау арқылы су үлгілерімен араластырады. Петри шыныларына қаранданпен себу жасалған уақыты, су үлгілермен сұйылтымның дәрежесі және басқа керекті мәліметтерді жазғаннан кейін аударып, 35-370С-қа дәлденген термостатқа, 24-48сағатқа қойылады.
Өсіп шыққан микроб колонияларының санын су үлгісінің сұйылту дәрежесін еске ала отыра, микроорганизмдердің 1 мл-дегі мөлшерін лупамен санау арқылы анықталады. 1 мл
құбыр судағы бактериялардың жалпы саны 100-ден, ал ашық су қоймаларынікі 1000-нан аспауы керек. 1 мл суда 0-ден 100-ге дейін колониялар кездессе – таза, ішуге жарамды, 100-ден 1000-ға дейін колониялар болса – күдікті, ал 1000-нан жоғарылары – ластанған деп есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет