Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет18/42
Дата07.04.2017
өлшемі8,12 Mb.
#11299
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42

Нəтижені талдау 
Қауіпті карантинді, химиялық препараттар (фунгицидтер) қолдансада емделмейтін 
вирустық аурулармен баялды сортүлгілерінің залалдануы төменгі деңгейде болды. Атап 
айтқанда,  тəжірибедегі  сортүлгілер  барлық  үш  вирус  ауруларымен  (мозаика,  столбур, 
стрик) зақымдануы келесі деңгейде болды. Черный принц – 0,9%, К-243 - 0,9%, К-136 – 
1,0%,  К – 1063 – 0,8%, К-96 – 0,2%. Вирустық  ауруларымен  салыстырмалы  түрде  көп 
залалданған сортүлгілер К-96, Черный принц, К-243 жатады. Тəжірибе алқабында вирус 
ауруларының  ішінде  Столбур  кеңірек  кездесті.  Дегенмен,  жалпы  алғанда  вирус 
аурулары  аз  болғанын (0,2-1,0%) атап  өткен  орынды.  Саңырауқұлақ  ауруларының 
ішінен  негізгі  екі  түрі  макроспориоз  жəне  фитофтороз  таралғаны  анықталды.  Баялды 
сортүлгілерінің  ішінде  өте  көбірек  мөлшерде  макроспориозбен  К-96 – 0,5%, К-1063 – 
0,4%,  зақымданса,  фитофторозбен  К-243 – 1,3%, К-1063 – 1,3%, К-96 – 1,0%, Черный 
принц 1,2% сортүлгілері  залалданды.  Əрине  бұл  тек  салыстырмалы  түрде  ғана  екенін 
айтып  өту  керек.  Жалпы  алғанда,  сыналған  барлық  сортүлгілер  арасындағы 
айырмашылықтар  көп  болған  жоқ  жəне  сынақтағы  баялды  сортүлгілердің  барлығы 
зиянды  саңырауқұлақ  ауруларына  (макроспориоз,  фитофтороз)  салыстырмалы  түрде 
алғанда  төзімді  екені  анықталды.  Ал  сортүлгілерінде  бактериялы  дақ,  физиологиялық 
ауру жеміс төбе шірігі, саңырауқұлақ, ақ ұнтақ сеппесі ауруларымен зақымдану болған 
жоқ.  Сондықтан,  барлық  баялды  сортүлгілері  бұл  ауруларға 100% төзімді  деп  айтуға 
негіз бар.  
Қортынды 
Қорыта келгенде, фитосанитарлық мониторинг жұмыстарының нəтижесі негізінде, 
барлық  сыналған  баялды  сортүлгілері    Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  жағдайында 
кездесетін  зиянды  саңырауқұлақ,  бактериялық  жəне  вирустық  ауруларына  қарсы 
салыстырмалы түрде төзімді екенін көрсетті.  
 
Литература 
1. 
Доспехов Б. A. Методикa полевого опытa. – М. : Aгропромиздaт,1965. – 76 с.  
2. 
Өтешқaлиев A. Ө. Көкөнiс өсiру технологиясы. - Aлмaты, 2008. - 81 б. 
3. 
Мaсленников  И.  П.Ореховскaя  М.  В. , Коргaновa  Н.  Н. , Мельниковa A. И. 
Вредители и болезни овощных культур и меры борьбы с ними. - М.: «Россельхозиздaт», 
1974. - 160 с.  
4. 
Молостов Л. С. Методикa полевого опытa. – М. : Колос, 1966. – 116-137с. 
 
 
 

149
 
Максатова И.М. 
УСТОЙЧИВОСТЬ СОРТОВ БАКЛАЖАНА К ОСНОВНЫМ РАСПРОТРАНЕННЫМ  
БОЛЕЗНЯМ ЮГА ВОСТОКА КАЗАХСТАНА  
В  статье  было  исследована 5 сортообразцов  баклажана  из  генофонда  Казахского 
научно-исследовательского института картофельеводства и овощеводства по устойчивос-
ти основным болезнями встречающимся  юга-востока Казахстана. 
Ключевые  слова:Баклажан,  сорт,  инфекционные,  неинфекционнные,  вирусные 
заболевание. 
Maksatova I.M. 
RESISTANT VARIETIES OF EGGPLANT TO THE BASIC COMMON DISEASES SOUTH 
EAST KAZAKHSTAN 
In the article it was examined five eggplant accessions from the gene pool of the Kazakh 
research institute of potato and vegetable for resistance to disease of the south east of 
Kazakhstan. 
Keywords
: Еggplant, grade, infectious, notinfectious, viral diseases 
ƏОЖ 635.26:631.527.001.76 
Құраманəлі Б.,  Алпысбаева В.О.  
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
Қазақ картоп жəне көкөніс шаруашылығы ҒЗИ 
КҮЗДІК САРЫМСАҚТЫҢ КОЛЛЕКЦИЯЛЫҚ СОРТҮЛГІЛЕРІНІҢ СЕЛЕКЦИЯДАҒЫ 
БЕЙІМДЕЛГІШТІГІН БАҒАЛАУ 
Андатпа  
Сабақтанатын  күздік  сарымсақтың  бейімделу  қабілеттілігі  анықталынып  жəне 
жылдың əр түрлі климаттық жағдайдаларына байланысты өнімділік деңгейі бағаланды.   
Кілт сөздер: сарымсақ, бадана, селекция, сортүлгі, бейімделу. 
Кіріспе 
Сарымсақ  дақылы -  жуалар  тұқымдасына,  баданалы  өсімдіктер  тобына  жатады, 
сонымен  қатар  өткір  иісімен  жəне  дəмімен  ерекшеленеді.  Сарымсақ  ұзақ  уақыттық 
эволюциялық  үрдісте  мəдени  өсімдік  болып  қалыптасты,  сондай-ақ  өндірісте  тұқым 
арқылы көбею қабылетін жоғалтты жəне  тек ғана вегетативті жолмен – тісшелермен жəне 
баданамен  немесе  ауалық  баданашықтармен  көбейеді,  жəнеде  сабағында  гүл  шоғырын 
қалыптастырады. 
Сорттардың  көпшiлiгi  өз  таралу  аймақтарында  шектеулiлiгiмен  сипатталады,  сон-
дықтан  олардың  басқа  топырақ-климат  жағдайларына  ауысқан  кезінде  кенеттен  айырма-
шылығы  болатыны,  осы  сорттардың  қалай  қалыптасатыны,  морфологиялық  жəне 
биологиялық  белгілерінен  айтарлықтай  өзгерістерді  байқауға  болады  жəнеде  өнім 
сапасына,  баданалар  санының  кемуіне  жиi  алып  келеді.  Əсiресе  бағалы  материал  халық 
сорттары болып табылады, жəне де жергiлiктi шарт-жағдайларда өсiруге жақсы бейiмдел-

150
 
 
ген.  Табиғи  əсер  етуде  жəне  шаруашылық  іріктеуде  олар  өнімдік  бойынша  үлкен 
потенциалдық  мүмкіндіктерге  ие  болып  жатыр,  яғни,  аурулар  мен  зиянкестерге  төзімді, 
сақталғыштығыштық,  ерте  пісетін,  суыққа  төзімді.  Сарымсақтың  мұндай  түрлерін  əр 
экологиялық-географиялық  аймақтарда  отырғызу  материалы  ретінде  пайдалану  керек, 
ескерте кетсек, сарымсақ – жергілікті таралуы аз дақыл. 
Көптеген ауылшаруашылық дақылдары бойынша, оның ішінде сарымсақ, селекция-
дағы басым бағыты селекциялық бейімделгіштігі болып табылады. 
Бейімделу – өсімдік  ағзаларының  тіршілік  еткен  ортасына  жерсіну  процесі,  ең 
жылжымалы  жəне  нəзік  пішінмен  бейімделу  болып  табылады.  Бұл  фенотиптік  жəне 
генотиптік  болуы  мүмкін.  Селекцияда  бейімделгіштікке  үлкен  қызығушылық  танытуда 
экологиялық  икемдi  сорттар  шығару  үшін,  Бірдей  жақсы  өсіп  шығатын  жəне  əр  түрлі 
жағдайларда жеміс беретін.  
Сорттардың қоршаған ортаға, олардың əртүрлі жағдайларға (бейімделуі) икемденуі. 
Əрбір  биотип  сорттық  популяцияда  кешенді  шарт-жағдайларда  нақты  əсерімен 
сипатталады, сорттық популяция əсері ортақ мөлшерге тəуелді болады. Шарт-жағдайлар, 
өсірілетін  сорттар,  үнемі  өзгеріп  отырады.  Бұл  сорттық  популяциялық  құрам  фенотипті 
үздiксiз өзгергiштiкке алып келедi жəнеде бұл олардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді [1]. 
Бейімдеу  қабілеттілігінің  көлемі  сорттарды  бағалау  кезінде  сапаны  негізгі  белгісі 
ретінде  пайдаланылады. Бұл көлем əр түрлі селекциялық белгілері бойынша анықталады, 
олардың арасында ең маңызды өнімділік болып табылады. 
Өнімдік  жəне  тұрақтылық  оның  əр  түрлі  гидрометеорологиялық  шарт-жағдайдағы 
жылдар  бойынша - өсімдіктер  селекциясындағы  ең  маңызды  белгі.  Есептейдi,  бұл 
полигендік белгi, тұқымқуалауы əсіз жəне қоршаған орта жағдайларына бағынышты. 
Генотиптер бейімделуге үлкен көлемде тұрақтылық береді деген пікірлер бар, бірақ 
əртүрлі  шарт-жағдайларда  өнім  өте  жоғраы  емес.  Осы  уақытта  біржақты  бейімделген 
сорттар тек қолайлы шарт-жағдайларда ғана жоғары өнім береді [2]. Кейбір зерттеушілер 
қазіргі  кезеңдегі  ең  абзалы  біржақты  бейімделу  бойынша  селекция  жұмыстарын  жүргізу 
деп санайды [3]. Басқа авторлар оңтайлы сорт сондай сорт болып көрiнгенi деп есептейді, 
яғни,  жоғары  бейімделгіштік  қасиетке  ие  болып,  оның  қолайсыз  шарт-жағдайларға 
жоғары  тұрақтылығының  арқасында  қолайлы  орталарда  жоғары  өнім  алуды  қамтамасыз 
етеді [4].  
Селекцияда ең маңыздысы əр түрлі климаттық шарт-жағдайларға бейімделуді сақтап 
қалу арқылы, ары қарай селекция жұмыстарын жүргізеді. 
Тəжірибе  қазақ  картоп  жəне  көкөніс  ғылыми-зерттеу  институтының  сұрыптау 
тұқымдық  ауыспалы  егістігінде  қойылды.  Егістік  Іле  Алатауының  солтүстік  беткейінің 
суармалы тау етегінің аймағында орналасқан. Топырағы қара жəне ашық қоңыр, қарашірік 
құрамы 3%, жəнеде  су-физикалық  құрамы  қолайлы,  климаты  күрт  құбылмалы,  топырақ-
климат  жағдайы  бойынша  зерртеу  жұмыстары  жүргізілген  аймақ  көкөніс  дақылдарын 
өсіріп-өндіруге қолайлы болып табылады [5]. 
Ал  біздің  зерттеулеріміз  жүргізілген  жылдардағы  ауа  райы  мəліметтері (2014-2015 
жылдардағы метеорологиялық көрсеткіштер) төмендегі 1- кестеде келтірілді. 
Ауа-райы жағдайының сипаттамасы ҚазККШҒЗИ (теңіз деңгейінен 950 м биіктікте) 
метеопостынан алынған мəліметтер бойынша жасалды. 
Зерттеулер  жүргізілген  жылдардың  ауа-райы  жағдайы  орташа  көп  жылдық 
мəліметтермен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылықтар болмады.  
 
 
 

151
 
Кесте 1 - 2015 жылдың  вегетациялық  кезеңінің  метео  мағлұматтары  (ҚазККШҒЗИ 
метеопостысының мағлұматтары) 
Сонымен, 1- кестеде  көрсетілгендей, 2014 жылғы  өсіп-өну  кезеңіндегі  ауаның 
орташа  температурасы  көп  жылдық (17,1
0
С)  көрсеткіштен 1,7
0
С-қа  жоғары  болды. 
Жауын-шашын  мөлшері 229,4 мм,  ал  орташа  көп  жылдық  көрсеткіш 288 мм  болды. 
Ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығы 57,6% құрады,  ал  көрсеткіш  орташа  көпжылдық 
көрсеткіштен 0,3% -ға төмен. 
2015  жылы  өсіп-өну  кезеңіндегі  ауа  температурасы  көп  жылдық  көрсеткіштерден 
төмен  болды,  тек  шілде,  тамыз  айының  көрсеткіштері  жоғары  болды.  Жауын-шашын 
мөлшері 239,3мм,  ал  көп  жылдық  көрсеткіш 288 мм  болды.  Əсіресе  жауын-шашын 
мөлшері маусым, шілде, тамыз жəне қыркүйек айларында көп жылдық көрсеткіштен 0,3-
3,9 есе көп болды. Өсіп-өну кезеңіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы көп жылдық 
көрсеткіштен жоғары болды. 
Вегетациялық кезеңдегі ауа температурасының көрсеткіштері бойынша 2014 жылға 
қарағанда 2015 жылы  төмен  болды.  Ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығының  орташа 
Көрсеткіштер 
Мерзімдер  
(онкүндіктер, 
жылдар) 
Айлар 
Вегетациялық
 
кезең
 бойына
 
орташа
 
Сəуір
 
Ма
-мыр
 
Маусым
 
Шілде
 
Тамыз
 
Қыркүйек
 
Температура, 
С
0
I
-2.15 
11.6 
15.03 
29.7 
26.5 
17.6 
16.38
II
6.43 
10.88 
14.18 
31.0 
25.7 
15.8 
17.33
III 
8.18 10.62 16.4 28.0 19.1  9.6  15.32 
Орташаайлық 4.15 11.02 15.2 29.6 23.75 14.3  16.3 
Орташа 
көпжылдық 
9.2 14.5 18.8 21.5 
20.9 
17.6 17.1 
Ылғалдылық, 


80.9 67.95 53.9 39.24 37.1 56.6  55.95 
II 66.33 
70.17 
53.2… 43.8 
44.2 
59.2 
56.15 
III 
68.10 66.55  60.9  45.8 65.9 72.2 63.24.- 
Орташаайлық 71.78 68.22  56.0  42.9 49.1` 62.7  58.45 
Орташа 
көпжылдық 
66.03 61.0  55.0 49.2 57.0 57.0  57.9 
Жауын-
шашын,мм 

10.0 12.5 32.5 10.0  -  5.0  70.0 
II 
35.5 27.5 14.0  -  7.5 13.0  97.5 
III 
29.3 2.5 12.5 12.0 
12.5 3.0  71.8 
Орташаайлық 74.8.  42.5  59.0  22.0 20.0 26.0  239.3 
Орташа 
көпжылдық 
90,6 81,2 57,7 21,8 17,5 22.1 288,0 
Температура, 
С
0
 
2014 
10.2 17.4 22.0 25.5 22.6 15.2  18.8 
2015 4.5 
11.02 
15.2 
29.6 
23.75 
14.3 
16.3 
Ылғалдылық, 

2014 
77.2 53.8 56.7 54.5 44.0 59.6  57.6 
2015 71.78 
68.22 
56.0 
42.9 
49.1 
62.7 
58.45 
Жауын-
шашын, мм 
2014 133.5 
58.0 
17.5 
7.0 
12.5 
0.9 
229.4 
2015 
74.8 42.5 59.0 22.0 20.0 26.0 239.3 

152
 
 
көрсеткіші  бойынша 2015 жыл  жоғары  болды.  Жауын-шашын  мөлшерінің  жылдық 
орташа көрсеткіші бойынша 2015 жылы 239,3 мм көрсетті. 
Тəжірибені  жүргізу  əдістемесі  мен  материалдары.  Күздік  сарымсақтың 
колекциялық  үлгілерін  бағалау 2014-2015 жылдары  жүргізілді.  Сібір  өсімдік  шаруашы-
лығы  жəне  селекциясы  ғылыми - зерттеу  институтынан  (Сиб  НИИРC),  Батыс-Сібір 
тəжірибе  стансасы  (Барнаул),  Бүкіл  Ресейлік  көкөніс  дақылдарының  селекциясы  жəне 
тұқым  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институты  (ВНИИССОК,  Москва),  сондай-ақ 
Қытай, Корея, АҚШ, Германия жəне Өзбекстаннан коллекциялық материалдар əкелінді.  
Күздік  сраымсақтың  сортүлгілерін  өсіру  барысында  аймаққа  мына  агротехникалық 
шаралар  ұсынылды.  Тісшелерді  отырғызу  алдын-ала  дайындалған  жүйектерге 6-8 см 
тереңдікке  отырғызылды,  қатар  аралығы 70 см  болды,  бөлтек 2 қатарлы  (қос  ізді),  есеп 
жүргізу  ауданы 5 м
2
.  Қазақстан  республикасында  аудандастырылған  Арман  сұрпы 
қолданылды.  Пияз  дақылдарының  селекциясы  бойынша  əдістемелік  нұсқаулыққа  сəйкес 
есептеулер  мен  бақылаулар  жүргізілді  жəне  мемлекеттік  сынақтың  əдістемесі [6]. 
Доспехов.Б.А. – тың  дисперсиялық  талдау  əдісі  бойынша  мəліметтерді  математикалық 
өңдеу [7], бейімделгіштік  сау  өсімдіктер  санына  (бірлік  үлестері)  қатынасы  арқылы 
анықталды,  Подольских  А.Н.  бойынша  өнген  өсімдіктердің  жалпы  санын  өсімдіктердің 
тауарлық  баданасы  қалыптастырады.  Тəжірибені  егістікте  орналастыру,  биометриялық 
есептер  жүргізу  жəне  фенологиялық  бақылау,  дақылдың  бейімделгіштігіне  баға  беру, 
қолданылып жүрген методика əдістемесіне сəйкес жүргіздім [8]. 
Зерттеу нəтижелері 
Селекция  жұмыстарының  міндеті  жоғары  өнімді  сорттар  шығару  болып  табылады, 
соған  байланыты,  бұл  қасиеттері  қоршаған  ортаның  абиотикалық  жəне  биотиялық 
жағдайларына  тұрақты  үйлесетін,  бейімделгіштік  қабілеттілік  селекция  материалдары 
үшін  маңызды,  шығарылған  сорттар  əртүрлі  шарт-жағдайларда  өсіріп-өндіруге  ыңғайлы 
болуы  керек.  Генотиптердің  тұрақтылығы  мен  бейімделгіштіктерін  бағалау  əртүрлі 
əдістерімен  жүргізіледі.  А.  Н.  Подольский  бойынша  оларды  анықтаудың  өте  қарапайым 
жəне  ыңғайлы  əдісі  қолданылды [8], генотиптардың  бейiмделгiштiгi  бiрлiктердiң 
үлестерiндегiмен  анықталады  жəне  белгiленедi  К
А
.  Бірліктер  мəні  К
А
,  сол  генотиптің 
жоғары бейімделгіштік қабілеттілігі. 
Сарымсақтың  өсіп-өну  кезеңіндегі  қолайсыз  ауа-райы  көрсеткіштерінің  теріс 
ықпалын  болдырмау  немесе  барынша  азайту  мақсатында  дақыл  егістігінде  тиісті 
агротехникалық шаралар жүргізілді. 
 
Кесте 2 - күздік  сарымсақтың  коллекциялық  үлілерінің  бейімделуіндегі 
шаруашылық-құнды белгілері (2015ж) 
 
Сорт үлгілер 
Өнімділік, кг/м
5
 
тауарлығы

Бейімделу 
қабілеттілігі, К
А
 
жалпы 
тауарлы 
К-1 Новосибирск 4,8  4,5 
93 
0,94 
US-7135 2,95 
2,80 
94  0,95 
US-7189 2,33 
2,23 
95  0,96 
ЧС-20 2,05 
1,98 
96  0,97 
Камыш Новосибирск 1,75  1,64 
93 
0,93 
ЧС-108 ВИР 059169 
0,8 
0,73 
91 
0,91 
ЧС-12 Башкула 0.5 0,42  84 
0,84 
ЧС-28 Фатима 2,25 2,0  88 
0,88 
ЧС-21Чиргин 2,85 
2,79  97 
0,97 
ЧС-14 Германия 1,7 1,56  92 
0,92 
ЧС-1 Андижан 1,67 1,56  93 
0,93 

153
 
Американский 4,77 4,64  97 
0,97 
ЧС-133 Корея 1,05 0,93  88 
0,88 
К-4
2,46 
2,21 
89,8
0,90
Касмала
1,44 
1,21 
84
0,84
К-6
1,82 
1,64 
90
0,90
К-8
1,77 
1,58 
89
0,89
Герман
1,19 
0,96 
74
0,74
С-12
2,33 
2,16 
83
0,93
Арман стандарт 1,89 1,85  97 
0,97 
Зерттеу  жылдарындағы  сарымсақтың  сортүлгілерінің  қалыптастырған  тауарлық 
баданаларының  өзарасында  айтарлықтай  айырмашылық  болмады,  бірақта  екі  сортүлгі 
стандарт  Арманмен  бірдей  көрсеткішті  көрсетті.  Бейімделу  коэфициенті  бойынша 
13сортүлгі (К
А
, 0,90-0,97) үздік болып ерекшеленді. Ал қалған сорт үлгілерінің бейімделу 
қабілеттілігі онша жоғары болмады. 
Қорытынды  
Сарымсақтың  коллекциялық  үлгілерін  зерттеу  нəтижесінде  шаруашылық-құнды 
белгілері  бойынша 13 сортүлгі  ерекшеленді,  бұл  сортүлгілер  келешекте  біздің  топырақ-
климат жағдайларға бейімделген болашағы зор коллекциялық материал болып табылады. 
Əдебиеттер 
1. Пивоваров В. Ф. Селекция и семеоводство овощных культур 1 том М., 1999- С 78.
2. Пивоваров  В.  Ф.,  Добруцкая  Е.  Г.,  Тареев  А.  И.  и  др.  Оценка  адаптивной
способности родительских линий и гетерозисных гибридов моркови. Селекция овощных 
культур. Сб. научн. тр. ВНИИССОК,  вып.35.М..1998-С.61-68. 
3. Кильчевский А. В., Хотылёва Л. В. Генотип и среда в селекции растений. Минск:
Наука и техника, 1989-189 с. 
4. Жученко А.А.Адаптивный потенциал культурных растений (эколого-генетические
основы) Кишинев: Штиинца, 1998-777с. 
5. Делянки  и  схемы  посева  в  селекции  и  сортоиспытании,  в  первичном
семеноводстве. Параметры. Отраслевой стандарт. ОСТ 4671-78.М.:Колос, 1979. 
6. Методические указания по селекции луковых культур. М., 1997-153с.
7. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта М.: Агропромиздат, 1985-345с.
8. Подольских  А. Н. Научные основы  селекции риса. Дис. уч.ст. д.с.-х.н. Кзылорда,
2004.-274с. 
Курманали Б.,  Алпысбаева В.О. 
ОЦЕНКА КОЛЛЕКЦИОННЫХ СОРТООБРАЗЦОВ ОЗИМОГО  
ЧЕСНОКА НА АДАПТИВНОСТЬ 
На  сортообразцах  озимого  стрелкующегося  чеснока  определены  коэффициенты 
адаптивности  и  уровни  урожайности  при  оценке  их  в  различные  по  климатическим 
условиям годы. 
Ключевые слова: чеснок, сорт, сортообразец, луковица, селекция, адаптация.

154
 
 
Kurmanali B., AlpisbaevaV.O. 
 
EVALUATION OF COLLECTION ACCESSIONS OF WINTER GARLIC ON ADAPTIVE 
 
On the accessions of winter garlic arrows identified factors of adaptability and productivity 
levels when evaluating them in different climatic conditions of the years. 
Keywords: garlic, sort, accessions, onion, selection, adaptation. 
 
 
ƏОЖ635.649:631.8 
 
Омарова А., Амиров Б.М. 
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
 
ГЕНОТИПІ МЕН МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ  МӨЛШЕРІНЕ 
БАЙЛАНЫСТЫ ТƏТТІ БҰРЫШ ӨНІМІНІҢ ӨЗГЕРУІ 
 
Аңдатпа 
Жүргізілген  ғылыми  зерттеулердің  нəтижесінде,  зерттелген  тəтті  бұрыш  сортүлгі-
лерінің  жалпы  жəне  тауарлы  өнімділігі  қолданылған  минералды  тыңайтқыштардың 
мөлшеріне  байланысты,  тиісінше, 20,4-104,7 жəне 20,3-107,9 пайыз  аралығында  өзгере-
тіндігі  дəлелденді.  Тəтті  бұрыш  жемісінің  биохимиялық  құрамына  қолданылған  тыңайт-
қыштар    елеулі  əсер  етпеді.  Қазақстанның  оңтүстік  шығысы  қара  қоңыр  топырағы 
жағдайында  тəтті  бұрыштың Yildiz буданының  ең  жоғары  өнімділігі  тыңайтқыштардың 
N150P150K150 дозасын қолданғанда қамтамасыз етілсе, Ergenekon, Қаз-Тай жəне Очаро-
вание  сортүлгілерінің  ең  жоғары  өнімділігі  тыңайтқыштардың N100P100K100 дозасын 
қолданғанда алынды. 
Кілт  сөздер:  тəтті  бұрыш,  бағалау,  сортүлгі,  тыңайтқыш,  өнімділік,  корреляция, 
регрессия 
 
Кіріспе 
Бұрыш (
Capsicum spp.)  - өте құнды жəне барлық елдерде кеңінен тараған танымал 
көкөніс  дақылдарының  бірі.  Бұрыштың  өсірілетін  бес 
Capsicum  тұқымдыстарының  (C. 
annuum, C. frutescens, C. chinense, C. baccatum, C. pubescens) ішінен ащы жəне тəтті бұрыш 
жататын C.annuum түрі  кеңінен  өсіріледі.  Есептеулер  бойынша 2013 жылы  егілетін 
бұрыштың  жер  көлемі 3,8 миллион  гектарды  құрап,  оның  ішінде3,3  миллион  гектар  аз 
дамыған Азия елдердері мен Африкаға тиесілі болды [1].    
Қазақстанда,  тəтті  бұрыш  (
Capsicum annuum L.) ең  танымал  жəне  сүйікті  көкөніс 
дақылдың  бірі  болып  табылады.  Ол  жергілікті  нарықта  сатуға  жəне  сыртқа  экспорттау 
үшін өте қолайлы дақыл.  
Елімізде  тəтті  бұрыштың  себу  көлемі соңғы  жылдары  едəуір  артып 2015 жылы 8,7 
мың гектарға жетті. Бұл көлемнің 90 пайызы еліміздің оңтүстігі  мен оңтүстік-шығысында 
шоғырланған:  Алматы  облысы – 3,1 мың  га,  Жамбыл  облысы – 1,1 мың  га,  Оңтүстік 
Қазақстан облысы – 3,2 мың га, Шығыс  Қазақстан облысы – 0,5 мың га [2].     
Ауылшаруашылығы  дақылдарының  өнімділігін  арттырудағы  бірден-бір  шешуші 
факторларының  қатарына  жергілікті  топырақ  пен  ауа  райы  жағдайына  бейімделген 
сорттардың  өсірілуі  мен  олардың  оңтайландырылған  минералды  қоректік  жүйелерін 
қамтамасыз етуіне жоғары талаптар қойылады. Өкінішке орай, өндірісте бұрыш өсіруде əр 
түрлі  сорттар  мен  олардың  минералды  тыңайтқыштарды  оңтайлы  қолданудағы  үйлесім-

155
 
ділгі назардан тыс қалып жатады. Бүгінде Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген селекция-
лық жетістіктердің мемлекеттік тізімінде тəтті бұрыштың 24 сорты  мен буданы кіргізіл-
ген,  оның  ішінде 11 сорт  жəне 13 будан  бар [3]. Бұл  мақалада  біз  бұрыш  өсімдігінің, 
əсіресе  оның  əр-түрлі  генотипінің  тыңайтқыштардың  мөлшеріне  байланысты  өсіп-өнуін 
зерттеу мақсатында Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында жүргізілген зерттеулер-
дің нəтижесін беріп отырмыз.  
Материалдар мен əдістемелер 
Зерттеулер  Ауыл  шаруашылығы  Министрлігіне  қарасты  Картоп  жəне  көкөніс 
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тұрақты тəжірибе алаңында жүргізілді.  
Тəжірибе  алаңы  теңіз  деңгейінен 900-1000 м  биіктікте 43°16' солтүстік  ендік  пен  
76°53' шығыс бойлық аумағында орналасқан. 
Танаптың  топырағы  қара-қоңыр,  орташа  саздауыт,  қоректiк  элементтермен  орташа 
қамтамасыз етiлген. Қопсытылатын топырақ құрамындағы қара шіріктің (гумус) мөлшері 
2,7-3,0%, жалпы азот - 0,18-0,20%, жалпы фосфор -,19 – 0,20%, жылжымалы фосфор – 30-
35 мг/кг, ауыспалы калий - 320-360 мг/кг.  
2015  жылдың  сəуір,  мамыр,  маусым  жəне  қыркүйек  айлары  көпжылдық  қалыпты 
жағдаймен  салыстырғанда 3-5 градус  төмен  болды,  ал  шілде  мен  тамыз  айларында  ауа 
температурасы  ыстық  болып  көпжылдық  қалыпты  көрсеткіштен 3-8 градус  жоғары 
қалыптасты.  Жауын-шашын  мөлшері  де  айтарлықтай  ауытқып  сəуір  мен  мамыр 
айларында  нормадан  төмен  болды,  бірақ  одан  кейінгі  айларда  көпжылдық  қалыпты 
нормада  болды.  Жалпы  алғанда,  сəуір – қырқүйек  айлары  аралығында  көпжылдық  
көрсеткішпен салыстырғанда 48,7 мм төмен ылғал түсті.  
Ауа райының көрсеткіштері зерттеулер жүргізілген 2015 жылы көпжылдық қалыпты 
жағдайдан  аздап  ауытқығанмен  тəтті  бұрыш  дақылының  өсіп-өнуіне,  гүлденуі  мен 
тозаңдануына  жəне  жемістерінің  қалыпты  түзіліп  жетілуіне  айтарлықтай  кері  əсерін 
тигізбеді.  
Танаптарда  тəтті  бұрыштың  Каз-Тай, Yildiz, Ergenekon жəне  Очарование 
сортүлгілері  отырғызылды.  Тəтті  бұрышты  өсіріп  баптауда  осы  аймақтағы  қолданылып 
жүрген дəстүрлі агротехникалық шаралар қолданылды.  
Тəтті  бұрышты  өсіріп  баптау  жүйелерінің  негізінде  тыңайтудың  төрт  нұсқасы 
зерттелді: 1. Тыңайтқышсыз. 2. N50P50K50. 3. N100P100K100. 4. N150P150K150. 
Тыңайтқыштар бұрыш көшеттерін  отырғызар алдында (50%) жəне отырғызғаннан кейін 
30 күн өткен соң (50%) топырақты қопсытып босату кезінде  енгізілді.  
Тəжірибе  барысында  барлық  ғылыми  бақылаулар,  зерттеулік  өлшеу  мен  анықтау 
жұмыстары  жалпы  қолданылып  жүрген  əдістемелер  мен  нұсқаулықтар  негізінде 
атқарылды [4-6].    
Тəтті  бұрыштың  өнімділігі  жемістерін  қолмен  жинау  арқылы  барлық  есепке 
алынатын жер бөлшектерінде анықталды. Есепке жалпы жəне тауарлы өнім алынды. 
 Зерттеу  нəтижелері Microsoft Excel бағдарламалық  қосымшаны  қолданып 
корреляциялық жəне регрессиялық өңдеуден өткізіліп сарапталды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет