106
36. Оқытудың деңгейлік мақсатты анықталған дағдыларды қалып-
тастырған тапсырмалар мен жаттығулар
бағалау құралдары болып
табылады.
37. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін
бағалау тек ішкі бағалау құралдарымен ғана жүзеге асырылады. Оқу
бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері білім беру процесі барысында
мұғаліммен сабақтарда тікелей бағаланады. Ақыл-ой кемістігі бар білім
алушылармен жүргізілетін педагогикалық процес арнайы педагогиканың
«диагностика мен түзете-дамыту жұмысының бірлігі» қағидасына сәйкес
құрылады, педагогтар бақылау-бағалау әрекетін жүйелі түрде жүзеге
асырылады.
38. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім
алушылардың нәтижелілігін
бағалау ағымды (сабақтағы), әлсін-әлсін (тақырыптық) және қорытынды
бақылау түрінде жүзеге асырылады.
39. Ағымды бақылау сабақ барысында білім алушыларды бақылау,
тәжірибелік және дербес жұмыстарды, әрекеттердің ұжымдық түрін тал-
дау арқылы жүреді. Сабақ барысындағы бақылау оқу процесінің сапасын
қамтамасыз ету үшін педагогтың пайдаланатын оқытудың мазмұны мен
тәсілдерін түзету мақсатында жүргізіледі. Бұндай бақылау білім алушы-
ларға қатысты ынталандыру және тәрбиелеу сипатында болады.
40. Әлсін-әлсін бақылау бағдарламалық тақырыпты, бӛлімді ӛткен-
нен кейін жүргізіледі. Педагог белгілі бір тақырып аясындағы оқу мате-
риалын оқыту нәтижесі әр түрлі типологиялық
топтардағы білім алушы-
ларда бірдей болмайтынын түсінеді және соған дайын болады.
1-
типологиялық топ білім алушылары (В.В.Воронкова бойынша) оқу
материалын білімді қолдану деңгейінде меңгере алатындарын кӛрсетеді.
2-
типологиялық топ білім алушылары тақырыптың негізгі мазмұнын түсі-
нетіндерін байқатады.
3-
типологиялық топ білім алушылары материалды тану деңгейінде
меңгере алады, ӛзінің білімін ӛзектендіруде мұғалімнің кӛмегіне мұқтаж
болады.
4-
типологиялық топ білім алушылары аясында олардың жетістіктері
жүзеге асырылатын жеке бағдарлама бойынша оқиды.
41.
Қорытынды бақылау тоқсанның, оқу жылының соңында жүргі-
зіледі. Педагог оқу жылы бойы бақыланған сыныптың әр білім алушының
даму және табыстылық динамикасы талқыланады және білім алушылар-
дың жетістіктер картасында тіркеледі.
42. Бағалау шараларының кӛмегімен алынған ақпарат педагогқа
дағдылар мен икемділіктерді меңгеру процесінде туындаған қиындықтар-
ды дер кезінде байқауға және сайма-сай бағалауға мүмкіндік береді.
Педагог білім алушыларға жеке кӛмек кӛрсетудің мазмұны мен тәсіл-
дерін дәйекті анықтау мүмкіндігіне ие болады.
43. Сипаттамалық бағалау даму мен оқудың бар деңгейін ғана
емес, сонымен бірге білім алушымен жұмыстағы
келесі қадамдарды да
анықтайды. Сипаттамалық бағалау білім алушыларда ӛзін-ӛзі адекватты
107
бағалауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, білім алу-
шылардың жетістіктерін бірімен-бірін салыстыруға болмайды. Білім
алушының жетістігін тек ӛзінің бұрынғы жетістіктерімен ғана салыстыруға
болады. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға қатысты оқу үлгерімінің
пайызы мен білім сапасын анықтауға болмайды.
44. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың
жетістіктерін крите-
риалды сипаттамалық бағалауды қолдану педагогтардың бағалау
әрекеттерінің әділ болуына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: