Мобильді технология ұялыбайланысүшінқолданылатын технология


Мобильді қосымшалардың конструкторлары және мобильді қосымшаларды әзірлеу ортасы



бет28/92
Дата23.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#37247
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92
Мобильді қосымшалардың конструкторлары және мобильді қосымшаларды әзірлеу ортасы

Кез келген адам өзіне қажетті мобильді қосымшаны «желімдеп» алатындай ақылы конструктор-платформалар бар. Мобильді қосымшаларды жасауға арналған платформалар функциялардың жиынтығы, бағалары, сондай-ақ қосымшаны жасауға болатын тәсілдері жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар. \ Қосымшаны жасау тәсілі бойынша олар былай бөлінеді:


Генераторлар. Бұл – қолданыстағы web-беттердің негізінде мобильді қосымшаны жасайтын платформалар. Генераторға өз сайтыңның URL-ін бересің, ол автоматты түрде сенің сайтыңдағыдай бөлімдер мен контенті бар мобильді қосымшаны жасайды.
Конструкторлар. Бұл – дайын элементтерден өзіңе қосымшаны жинауға мүмкіндік беретін платформалар. Оның контентін болашақ қолданушыларың жасайды. Сенің қарамағыңда дайын үлгілер мен интерфейс элементтері, сондайақ функционалдылықтың бөліктері, мысалы, геопозициялау, хабарламаларды жіберу, банк карталарымен жұмыс істеу, т.б. болады. Осы платформаларды жасай алатын екі түрлі қосымша бар:
Гибридті (PWA). Бұл, шын мәнінде, web-ке ұқсас, мобильді құрылғы экранына бейімделген web-қосымшалар. Олар смартфонда браузердің көмегімен ашылады.
Нативті. Бұл – мобильді құрылғының операциялық жүйесіне орнатылатын қосымшалар. Нативті қосымшалар қолданушыға әлдеқайда ыңғайлы және кәсіпкерлер үшін тиімді. Қосымшаны жасау тегін болуы мүмкін, есесіне одан кейін сенде екі жол бар. Біріншіден, сервистен оның түпнұсқасын сатып алып, оларды өз бетіңше сүйемелдеп, қосымшаны тарата аласың. Сонымен қатар ақылы негізде жазыла аласың. Содан кейін сайт командасы қосымшаны App Store/Google Play-де өзі жариялап, онымен қолдау жұмысын жүргізеді. Қолдау төлемінен басқа, App Store немесе Google Play-де аккаунт сатып алуға тура келеді. Шығыныңның орнын өтеу үшін, көптеген платформалардың текқосымшаны жасауға ғана емес, сондай-ақ жарнамаларды қосу арқылы ақша табуға мүмкіндік беретін міндетті программалары бар.
IDE – әзірлеменің шоғырландырылған ортасы Егер өзіңнің жеке қосымшаңды жасау арқылы программалау дағдыларыңды бекіткің келсе, онда мобильді қосымшаларды әзірлеудің­ шоғырландырылған ортасы қолданылады. Қазіргі уақытта танымал IDE орталарының бірі – Android Studio.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет