Мобильді технология ұялыбайланысүшінқолданылатын технология



бет29/92
Дата23.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#37247
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92
MIT App Inventor. MIT App Inventor-де программалау үшін, графикалық интерфейс Scratch пен StarLogo TNG тіліне өте ұқсас визуалды программалау тілі қолданылады. MIT App Inventor-ды қолдана бастау үшін мыналар қажет:
1. Интернетке қосылған компьютер мен браузер (мысалы, Google Chrome, Mozilla Firefox немесе Safari). Браузерде қосымшаны жасайсың.
2. Android 4.0 немесе одан да жоғары операциялық жүйесі бар смартфон немесе планшеттік компьютер.
3. Google немесе Google Apps аккаунты MIT App Inventor сайтында авторизациядан өту үшін қажет болады. MIT App Inventor ресми сайты – ai2.appinventor.mit.edu. Сайтта өз аккаунтыңа кіргеннен кейін өзіңде бар жобаны ашуға немесе жаңасын жасауға мүмкіндігің бар. Қажетті нұсқаны таңдағаннан кейін, әзірлеу ортасы көрсетіледі. MIT App Inventor программалау тілінің интерфейсі дизайнер мен блоктар
MIT App Inventor интерфейсінің негізгі элементтерін қарастырайық
1 – сенің жобаңның атауы; 2 – жобалармен жұмыс мәзірі; 3 – жасалған қосымшаны іске қосу әдісін таңдау; 4 – Дизайнер және Блок режімдерінің ауысуы. «Дизайнер» режімі – қосымшаның интерфейсі жасалатын режім. Бұл режім қосымшаның әртүрлі құрауыштарын таңдау мен орналастыру үшін қолданылады: олар – қосымшаны іске қосқан кезде құрылғы экранында көрсетілетін батырмалар, мәтіндік өрістер, суреттер, т.б. Мәтінді, датаны енгізу өрістері, Android құрылғысының түрлі датчиктеріне қосылуға арналған интерфейстер (акселерометр, GPS, деректер қоры, т.б.) сияқты қосымшаның функционалдық элементтері компоненттер деп аталады. Кейбір компоненттер – графикалық дизайнның бөлігі, мысалы, батырмалар, ал кейбіреулері – таймер, сенсор немесе бейнеплейер сияқты экранда көрінбейтін компоненттер. Жоба дизайнын әзірлеуге арналған интерфейс келесі негізгі элементтерден тұрады: Палитра – оған болашақ қосымшаның компонентінің жиынтықтары (топтары) кіреді .Көру (Просмотр – сенің қосымшаңның экраны. Дәлірек айтқанда, экрандардың бірі. Қосымшада түрлі әрекеттер жасалатын бірнеше экранды қолдануға болады. Мысалы, бірінші экранда қосымшаға нұсқаулық, ал екінші экранда қосымшаның өзі – оның функционалдық бөлігі бар. Компоненттер – мұнда өз жобаңда қолданып отырған компоненттер тізімі бар. Қосымшаның компоненттерінің атауы Компоненттерге атау берген кезде мынадай ережені басшылыққа алуға кеңес береміз: «Компоненттің аты» = «Компонент атауы» + «Әрекет/Функция». Мысалы: Артқа Батырмасы, әрі қарай Батырмасы, Сурет, Фон, т.б. Компонентті бұлайша атау олар үшін әрекеттер немесе оқиғаларды программалау кезінде жеңілдік береді. Қасиеттер – экранның осы бөлігінде сенің қосымшаңның компоненттерінің қасиеттері орнатылады. Мысалы: түсі, қаріп өлшемі, суреттер мен дыбыстар көзі, жазулар, бастапқы мән және басқалар. Медиа – қолданылатын медиафайлдар тізімі (суреттер, бейнеаудиороликтер, т. б.) «Блоктар» режімі сенің қосымшаң мен оның компоненттерінің жүрісін программалау үшін қолданылады, яғни өзің таңдаған компоненттер қолданушының түрлі әрекеттеріне жауап беретін болады. Қосымшаларды жасау кезінде қолданылатын блоктардың негізгі топтары: 1. Кіріктірілген блоктар Бұл блоктар тобы құрылған компоненттерге белгілі бір әрекеттерді/функцияларды қоюға мүмкіндік береді. Басқару барлық компоненттер үшін ортақ тармақталу, цикл, бірнеше экранмен жұмыс, т.б. блоктардан тұрады. Логика – қосымшадағы логикалық функцияларды қолдануға арналған блоктарды қамтиды. Математика – математикалық блоктар жиынтығын қамтиды. Мәтін – мәтіндік блоктар жиынтығын қамтиды. Массивтер – массивтермен/тізімдермен жұмыс істеуге арналған блоктарды қамтиды. Түстер – түстермен жұмыс жасайтын блоктарды анықтайды. Айнымалылар – жаһандық және жергілікті айнымалылардың мәнін анықтауға және орнатуға мүмкіндік беретін блоктар. Процедуралар – қосымша ішінде параметрлерімен немесе оларсыз процедуралар мен функцияларды анықтауға мүмкіндік беретін блоктардан тұрады. 2. Сенің қосымшаңның компоненттеріне арналған ісәрекеттер/оқиғалар блоктары (Screen 1 тобы). Нақты қосымша компоненттеріне іс-әрекеттер береді. Қажетті компонентті ерекшелеген кезде, ол үшін қолжетімді блоктар бейнеленеді. 3. Кез келген компонент. Бұл блоктар тобы 20 спрайт немесе 40 батырма сияқты қосымшадағы көп бір типті компонентті ұйымдастыруға әрі басқаруға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет