«Блоктар» режімінің функциялары «Блоктар» режімінде жұмыс істегенде көбіне төмендегі функциялар қолданылады:
Блокты түру/жазу
«Блокты түру» функциясы бағдарламалық кодтары көп қосымша жасаған кезде экрандағы орынды оңтайландыру үшін қолданылады.
«Блокты түру» функциясы орындалғанда, блоктардың конструкциясы төмендегідей түрде болады:
Блокты жазу үшін конструкцияны тіртуірдің оң жақ батырмасымен нұқып, «Блокты жазу» мәзірін таңдау қажет.
Басқа да функциялар:
Комментарий қосу. Кез келген бағдарлама жазған кезде блоктарға комментарий жазу өте пайдалы. Осы конструкцияға телінген әрекеттер мен оқиғаларға түсініктеме беру үшін комментарий қалдыруға болады.
Блокты сөндіру/ қосу. Бағдарламаны тексерген кезде белгілі бір блок дұрыс қолданылғанына күмәнданған жағдайда оны жоймас үшін осы функция қолданылады. Блокты себетке тастамас бұрын, оны уақытша сөндіріп қоюға болады.
Блокты жою.
Орындау. Бұл функция кодтың кез келген бөлігін іске қосуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны тексерген кезде қолданылады. Бұл функцияны қосқан жағдайда эмуляторға қосулы болу керек.
Блоктарды көшірмелеу. Блоктарды көшірмелеу үшін қалқымалы мәзірді қолдануға болады. Ол үшін блоктың тиісті конструкциясына тінтуірдің оң жақ батырмасымен нұқып, «Көшірме жасау» функциясын таңдау қажет.