Қатал режімді зонада: анализдеудің химия-аналитикалық әдістер зертханасы



Дата06.01.2022
өлшемі26,29 Kb.
#11820

Су мен әр типті конденсатты, сонымен қатар радиоактивті мен АЭС-тің су-бу жолын өңдеу үшін қондырғылардан сынама алу мен оны дайындау үшін арналған жүйелермен,  көлемдегі химиялық және технологиялық бақылау құралдары мен қамтылуы керек (нормативті талаптарға сәйкес).  Химиялық анализдерді орындау мен судың, будың, майлардың, реагенттердің, т.б. материалдардың радиохимиялық бақылауын жүргізу үшін АЭС-те келесі салаларға арнайы зертханалар қарастырылады.  а) жалпыстансалық, орталық су-химиялық зертхана жалпы ауданы 280-380 м2; б) бірінші контурдың экспресс-зертханасы ауданы әр блокқа 80м2 реакторлы бөлімде орналасқан жоғары активті пробаларды өңдеуге арналған бөлмелері бар; в) арнайы корпуста орналасқан жалпы ауданы 80 м2 болатын арнайы су тазалау экспресс-зертханасы; г) екінші контурдың экспресс-зертханасы, ауданы әр екі блокқа 120 м2, немесе стансаның айырылған компоновкасында әр блокқа 80 м2; д) сухимиялық тазартудың экспресс-зертханасы, жалпы ауданы 50 м2.

ЖЭС-да ОСЗ ауданы 280-300 м2 құрайды, басты корпуста экспресс-зертханалар қарастырылады: блокты станцияда 140м2 әр екі блокқа, блокты емес стансада-120 м2 барлық электрстансасына.

АЭС-тің су-химиялық зертханасы санитарлы-тұрмыстық ғимаратында орналасқан. АЭС-тің су-химиялық зертханасы санитарлы-тұрмыстық ғимаратындаорналасқан. Ол қатал және еркін режимді екі зонаға бөлінеді, осы екі зона арасында еркін араласу болмауы тиіс. Еркін режимді зонада: судың аналитикалық зертханасы, газдар зертханасы, май зертханасы, жалынфотомертиялық зертхана, препараторлы, салмақтық, жуғыш, химиялық ыдыс қоймасы, реактивтер қоймасы, шыны үрлеуіш, зертхана бастығының бөлмесі.

Қатал режімді зонада: анализдеудің химия-аналитикалық әдістер зертханасы,

радиохимия зертханасы, радиометриялық зертхана, спектрометриялық зертхана,  фотометрия зертханасы, газды анализдеу зертханасы, ыдыс пен реагенттер қоймасы. Экпресс зертханаларында пробаларды дайындау үшін, датчиктер үшін, бақылаудың екіншілік аспаптары мен анализдер орындау үшін оқшауланған бөлмелер қарастырылған. Құрама қалқан басқармасында (ҚҚБ) бірінші және екінші контурдың су режимінің негізгі көрсеткіштері қайталанады, сонымен қатар, эксплуатация нормаларының дөрекі ауытқуларының сигнализаторлары шығарылады.

Радиоактивті ластанған суларды өңдеу мен сақтау, жинау нұсқаулары. Станса циклында қайта қолдану мақсатында, контурлы және контурдан тыс радиоактивті сулар арнайы сутазарту жүйесінде тазартылуы тиіс, тұздылығы төмен (1 г/кг-дейін) сулар үшін ионалмасулық сүзгілер қолданылады, ал одан жоғары тұздылықты сулар үшін буландырғыш қондырғылар мен мембраналық типті аппараттар (элетродиализ, қайта осмос) ион алмасулық тазартқыш. Тазартудан кейінгі дебалансты сулар құрамында нуклеидтердің орташа жылдық рұқсатты концентрациясынан (СДК) кіші мөлшерінде тасталуы мүмкін. Беттік-активті заттарды радиоактивті сулардан тазартудың негізгі әдістерін қолдануға дейін жою керек. Радиоактивті контурдағы ірі арматуралардан, сорғылардан ағып кеткен сулар арнайы ағып кеткен сулар 

жүйесімен әкетіліп, тазалауға дейін және дегазапиядан кейін әдетте контурға қайтаралады. Бөлмені дезактивация кезінен қалған су мен ерітінділер «трапты» канализация арқылы арнайы бактарға әкетіледі.Реакторлы суды тазалау 

қондырғыларының өндірулігі (АСТ-1) және буөндіргіштердің үрлегіш 

суларының өндірулігі (АСТ-5) АЭС барлық режімдерінің бірінші және екінші контурда су режімінің нормаларын қамтамасыз етуі керек.

Бірінші контур суын тазалау жоғары қысымды қондырғыда жүзеге асады, екі ионалмасулы және бір резервті аралас әрекетті сүзгілерден тұрады және төменқысымды қондырғыдан тұрады.Бұл қондырғы барлық төмен қысымды ионитті қондырғылар сияқты екі жіптен тұратын (резервті және жұмыстық) иониттердің регенерациялау жүйесімен қамсыздандырылған, Н-, NH4-, OH- жеке әрекетті 

ионитті сүзгілерден тұрады. Бу өндірудің 0,5% сәйкесті буөндіргіш өдірулігі үрлегіш судыңтазалауы механикалық және жеке Н-, OH- ионитті сүзгілерден

тұрады. Блокқа бір жұмыстық қондырғыдан басқа 2 немесе 4 блокқа арналған резервтіжалпыстансалық қондырғылар қарастырылады. (АСТ-3) суды тазалау үшін қондырғылардың өндіргіштігін таңдауда мыналар ескеріледі: а) қалпына келтіру, жуу, шаю және арнайы су тазалау сүзгілерін ылғалшығаруүшін өзіндік қажеттілігіне кеткен су шығыны; б) бірінші контурдағы ұйымдастырылмаған ағу – 0,2 м3/сағ әр күбіден болса болады, ал 1 күбіден 10 тәулік ішінде 2 м3/сағ болса бұл апатты жағдай ; в) әрлабораториядағы су шығыны – 0,25 м3/сағ; г) бөлмені сумен дезактивтілеу күбіге 1 м3/тәулігіне және ВВЭР-100 күбісін 50 тәуліктік жөндеуге 8-10 тәулік; д) жинап алатын жабдықтан дезактивті жүйесінен төгу, әр күбіден 0,2 м3/сағ – 0,6 м3/сағ - жөндеу және жүктеу тәртібінде; е) мөлшерлі төгуден 20% есепсіз шығын. Қосалқы қондырғы ластанған суларды өңдеуге арналған қондырғылар және арнайы кір жуатын бөлмедегі ертінділер үшін жалпылама қаралып жатыр. Бор апатты қорының және сақтау су алаптарының күбілеріндегі суды тазалауға арналған қондырғылар жалпы стансалы болып табылады. Әр 2 күбіге 40 т/сағ қосалқысыз өндіріліспен жобаланады. Борлы сулардағы (АСТ-2) жабдықтардың мөлшері және өндіргіштігі борлы қышқылды қалпына келтіруде есептеулі жолмен, АЭС жұмысының жүйесі есебімен базалық немесе шыңды, әрбір 4 күбіге бір қосалқы жабдықпен анықталады.  Арнайы су тазалаудың сүзгілеуін жылдамдығын жобалауда мыналар қолданылады: ластанған суларды алдын-ала тазалауға арналған механикалық сүзгілер, бугенераторлардың үрленетін суларын тазалауға арналған механикалық сүзгілер, қалпына келтірілген борлы қышқылды тазалауға арналған катионды және анионды сүзгілер үшін – 30 м/сағ-қа дейін. (АСТ-1) АӘСның жоғары қысымы үшін – 40 м/сағ-қа дейін (АСТ-1) төменқысымды механикалық, катионды және анионды сүзгілер үшін,

(АСТ3) буқондырғылары дистилятын тазалайтын сорбциялық, катионды және аниондысүзгілер үшін, (АСТ-5) бу генераторларының үрленетін суларын тазалауға арналған катионды және анионды сүзгілер үшін – 50 м/сағ-қа дейін. Жылутасымалдағышты жоғары температуралы жүйедегі тазалауға арналған жоғары қысымдымеханикалық сүзгілер үшін-150 м/сағ-қа дейін. 

Радиоактивті- ластанған суларды жинау және сақтау тотықтанбайтын болат сыйымдылығында жүзеге асырылады. Активтілігі 10-5 Ки/кг жоғары орталар үшін құрылған бөлмелер бақылаудың алыстан басқару құралын пайдаланулары қажет. Яғни өз уақытында ағып кетулер мен сыйымдылықтарда тығыздықты таба алатын болуы қажет.

Қондырғының және ғимараттың дезактивациясы. Жұмыс персоналы қондырғының жөндеу жолын жеңілдету үшін, радиактивті ортаға байланысты жөндеу алдында беттің дезактивациясын жасайды. Осындай мақсатта дезактивациялық ортаны және берілген реагенттерді сақтау үшін қарастырылады. Осындай мақсатта дезактивациялық ортаны және берілген реагенттерді сақтауүшін қарастырылады. Жұмыстық ерітінділерді дайындау үшін, су активтілігі 3*10-9 Ки/кг нана аспауы керек.

 Ғимарат пен қондырғының дезактивациясын пайдалану үшін мынадай әдіс 

қолданылады: а) ретті; б) жүктемелі; в) электрохимиялық; г) ультрадыбыстық; д) булық дезактивация; ж) дезактивацияның құрғақ әдісі; (порошок тәрізді сорбенттер).Көп пайдаланылатын дезактивациялық ерітінділер, үш ванналық әдіс бойыншажәне лас дезактивациялық бөлшек бойынша іске асады. Олар: а) алдын-ала дезактивациялық ерітінді қарастырылады; б) шықтағыш және сығылған ауа; в) араласуы және жылуы. Дезактивация және бу генераторының түйіндеріне берілген ерітінді орталықтандырылған болып, компенсатор көлемі, БОС-ң (басты орталық сорғы) қорабы, жобалағанда, ондағы сұйық затты пайдалану мүмкін емес, болған жағдайда, құрғақ әдесті немесе бетті щеткамен механикалық тазалау әдісін қолданады. Дезактивациялық ерітіндінің құрамын және тізбегін пайдалану, қондырғыныңконструкциясымен байланысты болады, олар қабырға және полдыңбеті, жерлеужәне қайта өңдеу мүмкіншілігі. Қондырғы мен АЭС ғимаратыныңдезактивациясын жасау, ерітіндінің рецептурасы төмендегіде келтірілген: 1) тат баспайтын болат қондырғының дезактивациясы үшін тізбекті және көпше түрдегі t=100°С-ғы композициялық ерітіндінің екі түрін қарастырамыз. 1-ші ерітінді: - натрий сілтісі және калий перманганаты -20÷5 г/кг. 2-ші ерітінді: - щавель қышқылы мен араласуы мүмкін – 1 г/кг. 2) Бірінші контурдағы дезактивация үшін, актив зонасы жоқ және (ҚЖБ – қорғаныс жүйесін басқару) пайдалану, қышқылдатқыш ерітіндісіне және дренирлік соңғы уланғыш ерітіндісіне де, ыстықтығы 1500С-ға дейін болуы керек. Қышқыл ерітінді құрамы: - бор қышқылы 6г/кг, калий перманганаты1 г/кг, улағыш – лимон қышқылы 1г/кг;

- ЭДКТ – 4 г/кг, гидразин – гидратты, рН=5,0÷5,5 болғанша салады. 3) Бірінші контур жақтан қарағанда бугенераторының автономды дезактивациясы екі ерітінді бойынша, ыстықтығы 90÷100 °С болғанда жүзеге асады. I-ші ерітінді құрамында сілтілік калий -30÷40 г/кг және калий перманганаты -20÷5 г/кгқұрайды. II – ші ерітінді құрамында щавель қышқылы -10÷30 г/кг, сутек перекисі – 0,5 г/кг немесе азот қышқылы – 1 г/кг.

4) Дезактивацияның жүктемелі әдісі қондырғының көміртекті болаттан пайдалануерітіндісі: фосфор қышқылы 20÷50 г/кг, каптакс 0,2 г/кг және ОН-7,1 г/кг. 5) Ғимараттың сыртқы беттік дезактивациясы үшін ғимараттың шашыратқышы болып, бу эжекторлар пайдаланылады да, оған берілетін бу қысымы Р=0.5 МПа болуы керек. Дезактивация үшін ерітінді құрамы мынадай болуы керек: I-ші үшін сілтілік натр 50÷60 г/кг және калий перманганаты 5÷10 г/кг болуы керек. I-ші ерітінді щавель қышқылы 20÷40 г/кг. Ғимарат пен қондырғының дезактивациядан бөлек суды жинау, жасалмаған тесіктер мен техникалық дренаждар, өздігінен ағатын арнайы канализациялық жүйеге байланысты өндірістік ғимараттарда трабтық қондырғылар қолданылады.  

Қатты, сұйық және газ тәрізді радиактивті қалдықтың сақталуы және қайта өңделуі. Сұйық және қатты радиактивті қалдықтардың сапасын және көлемін ұстап тұру уақытымен таңдап алынып, қалдықтың қайта өңдеу сүлба, екіншілік қайта өңдеу сүлбамен анықталады. Сұйық шаршы қалдық және гидропульп сақтайтын күбі сүзгілерінің жабдықтары бөлек болуы керек және де олар тат баспайтын болаттан жасалынып, оларға жиналатын зиянды радиактивті газ және сутекті азот немесе ауамен мәжбүрлі үрлейді. Резервтік күбіде сұйық қалдықтарды толық жоғалу мүмкіндігін алдын-алақарастырамыз да, оның көлемі әртүрлі ХЖО күбі көлемінен жоғары болуы керек, сондай-ақ сұйықтың бір күбіден екінші күбіге айдалуы қарастырылады. Бұл мүмкіндікте қарастырылған темір күбілер көмегімен вакуум жасап, олардысұйықпен толтырып соңында сығылған ауамен сұйықты екінші күбіге ығыстырады да АСТ (арнайы су тазартқыш) багінде қондырғы үшін өңдейді. Шынылау, кептіру, битумлеу әдісі бойынша, сұйық радиактивті қалдықтардың қатты фазаға айналуы, сақтау орнының көлемін төмендетіп, ал қатты қалдықты қондырғының құрылымына байланысты нығыздайды, жағады және брикеттейді. Әлсіз активті қатты қалдықтар β- активтілігі 37*106 Бк/кг (10-4 Ки/кг), ү – сәүлену 30 мр/сағ траншей типті орнында ұсталады. Арнайы қондырғылар мен ХЖО күбірлеріндегі радиактивті газдарды аластау және тазалау үшін жүйедегі технологиялық үрлеу, газ қоспаларының ішіндегі радиактивті газдарда шыдап ұстап тұру үшін, адсорбердағы радиактивті аэрозолдар мен иодты тазалау үшін және де өзін-өзі тазалау аэрозолдық сүзгілермен ылғалдылық 



жұтушылар қолданылады. Газды тазалау жүйесін жобалаған кезде, біріншіден, стационарлық және апаттық эксплуатация жағдайы ескеріледі, екіншіден, жүктеме және борды реттеу жағдайы, негізгі және көмекші алыстан басқару газ тазалау қондырғысының 100%-к қорын қарастыру керек. Тазаланып болғаннан кейін атмосфераға тасталатын технологиялық үрлеу, желдеткіш құбырлары арқылы іске асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет