Модуль 1 Макроэкономиканың базалық теориялары


Роберт Солоу “Солоу моделін” 1956 жылы дайындап, 1986 ол үшін Нобель сыйлығын алды



бет6/7
Дата12.12.2022
өлшемі300,23 Kb.
#56655
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4 дәріс Макроэкон (1) 4

Роберт Солоу “Солоу моделін” 1956 жылы дайындап, 1986 ол үшін Нобель сыйлығын алды.

Солоудың экономикалық өсу үлгісі бірқатар негізгі алғышарттарға негізделеді:

− өндіріс факторлары, еңбек пен капитал өзара алмастырыла алады;

− капиталмен қарулану көрсеткіші тұрақты шама емес, ол экономикалық жағдаятқа байланысты өзгеріп отырады;

− үлгіде мемлекет пен сыртқы орта секторлары қарастырылмайды;

− фирмалар мен үй шаруашылықтары секторларынан тұратын игіліктер нарығы жетілген бəсекелестікке жəне икемді бағаларға негізделеді;

− үлгіде Кобб-Дугластың өндірістік функциясы қолда-нылады.

Үлгіде сипатталатын барлық көрсеткіштер бір адамға шақ-қандағы есептеулермен беріледі, олай болса, жан басына шақ-қандағы табыс, инвестиция, жинақ көрсеткіштері былай беріледі:

s – ұлттық табыстағы жинақтың үлесі, 0 < s < 1;

y – ұлттық табыс немесе шығарылым көлемі;i – жоспарланған инвестициялар;

i = sy, яғни инвестициялар = жинақ нормасы . ұлттық табыс;

k – еңбектің капиталмен қарулануы (капиталовооружен-ность),

K / L;δ – капиталдың істен шығу нормасы.

Үлгіде y шамасы капиталмен қаруланудың функциясы болып табылады:

y = f (k)

k шамасы неғұрлым жоғары болса, y көрсеткіші соғұрлым үлкен болады

Солоу үлгісіндегі технологиялық прогрессті ескеру өндіріс функциясының берілген түрін өзгертеді. Өндіріс функциясы төмендегідей бейнеленеді:

Y=F(K,L·E)

Мұндағы: Е – еңбектің тиімділігі, ал (L·E) – тұрақты Е тиімділігі болған кездегі бірлік еңбектің саны.

Неғұрлым Е үлкен болған сайын, осы берілген жұмысшылар соғұрлым өнімді көп өндіреді.

Солоу үлгісі

к=s · f(к') = (d + n + g) к‘

к- еңбектің құрал-жабдықпен қамтамасыз етілу деңгейі

s · f(к') - инвестиция деңгейі

n – тұрғындар саны өсу темпі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет