Модуль 1 Макроэкономиканың базалық теориялары



бет1/7
Дата12.12.2022
өлшемі300,23 Kb.
#56655
  1   2   3   4   5   6   7

Модуль 1 Макроэкономиканың базалық теориялары Дәріс 4. Тақырып 4. Экономикалық өсу

1. Экономикалық өсудің алғышарттары мен оған тəн белгілер.

2. Экономикалық өсудің үлгілері.

3. Экономикалық өсудің негізгі көзі мен бағыттары.

1. Экономикалық өсудің алғышарттары мен оған тəн белгілер.

Экономикалық өсу – дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі.

Экономикалық өсу – деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдег іөзгерістерін айтады.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты – бұл халықтың əл-ауқатын материалдық тұрғыдан көтеру, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шығарылған тауарлар мен көрсетілген қыметтердің сапасын жақсарту, орта есеппен бір адамға шаққандағы табыстың өсуін шапшаңдату, сонымен қатар, ұлттық табыстың халықтың əр топтары арасында бөлінуін жақсарту.

Экономикалық өсудің міндеттері:

1. Посткризистік даму жағдайында мемлекеттің экономикаға араласу саясатын оңтайлы үйлесімділікпен жүргізу.

2. Экономикалық өсуге негізделген өңдеуші өнеркəсіп салаларына шетел инвестицияларын көптеп тарту жəне тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыру.

3. Отандық кəсіпкерліктің өнімділігін арттыру.

4.Отандық өндіріс салаларының бəсекелік қабілеттілігін көтеру жəне өндірісті əртараптандыру.

Экономикалық өсудің тиімділігі

  • – бұл тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту, олардың бəсекелік қабілеттілігін көтеру, өнімнің жаңа түрлерін жасау, өндірістің мамандандырылуын тереңдету, инновациялар мен жаңа технологияларды игеру сияқты экономикалық қызметтің əртүрлі бағыттарын қамтитын кең мағыналы ұғым.

Экономикалық өсудің сапасы

  • – бұл халықтың материалдық жағдайларын жақсарту, əлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму деңгейін арттыру, адам капиталына инвестиция құюды күшейту, адамдардың өмір сүру деңгейі мен еңбек жағдайларының қауіпсіздігін сақтау, толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету жəне халықты əлеуметтік қорғауды күшейту сияқты маңызды көрсеткіштер арқылы сипатталатын ел экономикасының дамуының əлеуметтік бағыттылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет