ЖЕР БЕТІНДЕГІ БАРЛЫҚ КЛЕТКАЛАРДЫҢ ОРТАҚ ҚАСИЕТТЕРІ
3
раты басқа клетка түрімен оқыла алатындығы аз да болса қорқыныш тудырады. Жер
бетіндегі барлық тірі клеткалар өзінің тұқым қуалау ақпаратын ДНҚ-ның қос тізбекті
молекуласында сақтайды – ұзын, тармақталмаған, жұптасқан
полимер тізбектері, әрқа-
шан төрт түрлі
мономерлерден құрылады. Осы мономерлер нуклеотидтер деп аталатын
химиялық қосылыстар, алфавиттің қысқаша 4 әрпі – А, Г, Ц, Т-мен таңбаланады және
олар генетикалық ақпаратты кодтайтын ұзын сызықты тізбек түрінде бір-бірімен жалға-
сып орналасады. Біз адам клеткасынан ДНҚ-ның қысқа тізбегін бөліп алып, бактерияға
немесе бактериалдық ДНҚ-ны адам клеткасына енгізе аламыз. Ал пайда болған ақпа-
рат нақты оқылады, талқыланылады және көшіріледі. Химиялық әдістердің көмегімен
зерттеушілер кез келген ДНҚ молекуласындағы бірнеше миллон нуклеотидтен тұратын
мономерлердің толық тізбегін оқуды және әр организмдегі
тұқым қуалау ақпаратын
ашуды үйренді.
Достарыңызбен бөлісу: