Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


ты қаңқаның үзілуін қажет етпейді. Кейін, әр тізбек жаңа тізбектің синтезіне қажетті  матрица қызметін атқарады ( 1.3-сурет



Pdf көрінісі
бет16/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   330
5
ты қаңқаның үзілуін қажет етпейді. Кейін, әр тізбек жаңа тізбектің синтезіне қажетті 
матрица қызметін атқарады (
1.3-сурет
). Клеткалардың әртүрлі типтерінде ДНҚ-ның 
репликациясы әртүрлі деңгейде, басталуы мен аяқталуының әртүрлі реттегіштері 
және әртүрлі көмекші молекулалардың қатысуымен, жүреді. Бірақ, оның негізі бір: 
ДНҚ тұқым қуалау ақпаратының қоры болып табылады және тірі әлемде ақпараттың 
көшірілуі матрицалық полимеризция жолымен іске асырылады. 
1.3-сурет.
ДНҚ репликациясы 
көмегімен генетикалық ақпа-
ратты көшіру. Осы процесте 
ДНҚ қос спиралінің екі тізбегі 
ажыратылады және олардың 
әрқайсысы жаңа тізбектің син-
тезінде матрица ретінде қолда-
нылады.
Барлық клеткалар өзінің тұқым қуалау ақпаратының бөлігін бірдей аралық 
күйге транскрипциялайды: РНҚ
Өзінің ақпарат сақтаушы функциясын атқару 
үшін ДНҚ-ның өзін-өзі көшіріп жаза алу қабілеті 
жеткіліксіз болады. Сонымен қатар ол өз ақпара-
тын экспрессиялайды да, клеткада осы ақпарат-
тың арқасында басқа молекулалардың синтезі 
арнайы бағытта іске асып отырады. Экспрессия 
барлық тірі организмдерде бірдей болатын ме-
ханизм бойынша іске асырылады да, полимер-
лердің негізгі екі класының түзілуіне әкеледі: 
РНҚ-лар мен белоктар. Процесс (6 және 7 тарау- 
ларда толығырақ талқыланады) транскрипция 
деп аталатын матрицалық полимеризациядан 
басталады. Транскрипция кезінде ДНҚ тізбегінің 
сегменттері рибонуклеин қышқылдары (РНҚ) 
молекулаларының синтезіне қажетті матрицалар 
ретінде қолданылады. Кейін, одан да күрделі 
трансляция процесі кезінде осы РНҚ молекула-
ларының көбісі мүлдем басқа химиялық класқа 
жататын белоктар-полимерлер синтезін бағыт-
тайды (
1.4-сурет
).
РНҚ-да, қант-фосфатты қаңқа басқа қанттар-
дан түзіледі – дезоксирибозаның орнына рибоза, 
ал төрт негіздердің біреуі, тиминнің орнына 
урацил (У) болады. Бірақ қалған негіздер ортақ 
болады. Транскрипция кезінде РНҚ мономерлері 
тізбектеле орналасады және ДНҚ-ның матрица-
лық тізбегінде полимеризациялану үшін сұрып-
талады. Нәтижесінде клетканың генетикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет