ГЕНОМДАР ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?
285
мутацияның айтарлықтай жою эффектісі болса, ол тазартқыш селекция көмегімен жо-
йылады және тұрақтанады. Керісінше, маңызды репродуктивтік артықшылық беретін
сирек мутациялар популяцияда өте тез тарайды. Адамдар жынысты жолмен көбейтетін-
діктен және генетикалық рекомбинация гамета түзілген жағдайда орын алатындықтан
мутацияны қабылдаған әр дарақның геномы көптеген ататектерден қабылданған сег-
менттердің қайталанбас рекомбинациялық мозаикасы болып табылады.
Зиянды емес мутациялардың көпшілігі артықшылық бермейді. Сұрыптамалы бей-
тарап мутациялар популяцияға тарап, тұрақтана алады және олар геномдағы эволю-
циялық өзгерістерге үлкен үлес қосады. Бейтарап мутациялардың тарау жиілігі, сирек
артықшылық беретін мутацияларға қарағанда, төмен болады. Ол мутациясы бар жеке
организмнің берген мутациясы бар ұрпағының санына тәуелді болады. Осындай «кез-
дейсоқ жүріс» процесі арқылы мутантты аллель жойыла алады немесе көптеп
тарай
алады.
Көлемі тұрақты
N болатын кездейсоқ будандасатын популяцияда бейтарап мутация
пайда болған кезде, оның тұрақты болу мүмкіндігі 1/(2
N) болады. Себебі диплоидты
популяцияда әр геннің 2
N көшірмесі болады және олардың әрқайсысының предоми-
нантты болу мүмкіншілігі бірдей болады. Тұрақты болған мутациялардың тұрақтану
уақыты, математикалық болжау бойынша, шамамен,
4N ұрпақты құрайды. Адамның ге-
нетикалық түрлілігінің нақты талдануы ататектік популяцияның 10000-ға жуық өкілден
тұрғанын болжауға мүмкіндік берді. Осындай көлемге жеткен популяцияда осындай
жаңа селективті бейтарап мутацияның тұрақтану мүмкіншілігі өте төмен (1/20000) бо-
лады және тұрақтанудың орташа уақыты, шамамен, 800000 жыл (әр ұрпақ 20 жыл деп
есептегенде) құрайды.
Ұқсас жағдайлар генетикалық кеңес беру айналасындағы практикалық маңызы бар
феноменді түсіндіреді. Негізін қалаушылардың кішкентай топтарынан дамыған, Ислан-
дия немесе Шығыс Еуропаның еврейлері сияқты, оқшауланған қоғамдастықтарда бар-
лық адамдарда сирек болатын генетикалық түрлілік осы популяцияда жоғары жиілікте
кездесе алады (
Достарыңызбен бөлісу: