314 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
клеткалардың ұзындығы бірнеше жүз нуклеотидтерді құрайтын ДНҚ тізбектерімен
анықталады. Осы ДНҚ тізбегінің құрамына белоктарды тартатын қысқа тізбектер мен
ажырауға оңай келетін
ДНҚ тізбектері кіреді. Біз 4.4-суретте А мен Т арасында, Г мен
Ц-ге
қарағанда, сутектік байланыстардың аз болатындығын көрдік. Сондықтан, А-Т
жұптарына бай аудандарды ажырату оңай келеді және осы аудандар репликацияның
басталу нүктелерінде кездеседі.
5.23-сурет.
Репликативтік айыр инициациясымен
түзілетін репликативтік көпіршік. Осы диаграмма репли-
кацияның басталу нүктелерінде репликативтік айыр ини-
циациясының негізгі қадамдарын көрсетеді. Соңғы қа-
дамда түзілетін
құрылым репликативтік көпіршік деп
аталады. Осы көпіршікте ата-аналық ДНҚ-ның екі тізбегі
ажырайды және олар ДНҚ синтезінің матрицалары бола-
ды.
5.23-суретте көрсетілген репликациялық айыр-
дың қалыптасуы бактериялар
мен эукариоттарда
ұқсас келеді, бірақ оның реттелуі екі организм
класында әртүрлі жүреді. Алдымен біз көбірек
зерттелген бактериялардағы процеске, ал кейінірек
ашытқылар, сүтқоректілер мен басқа да эукариот-
тарға көңіл бөлеміз.
Бактериялық
хромосомаларда, әдетте, ДНҚ
репликациясының бір басталу нүктесі болады
E.coli-дің геномы 4,6*10
6
нуклеотидтер жұбынан
тұратын сақиналы ДНҚ-дан тұрады. ДНҚ-ның ре-
пликациясы репликацияның жалғыз басталу нүк-
тесінде басталады және қалыптасатын екі репли-
кативтік айыр екі бағытта секундына, шамамен,
1000 нуклеотидтер
жұбы жылдамдығымен қара-
ма-қарсы бағытта әрекет етеді (
5.24-сурет
).
E.coli
ДНҚ-ның репликациясын тек инициация кезеңінде
ғана реттейді: басталу нүктесінде айырлар қалып-
тасқаннан кейін олар ДНҚ-ны тұрақты жылдам-
дықпен синтездейді. Сондықтан тек инициацияның реттелуі ғана таңғаларлық уақиға
емес. Процестің басталуында инициаторлық белоктардың (АТФ-пен байланысқан
күйінде) көптеген молекулалары репликация басталу нүктесіндегі көптеген сайттармен
байланысады. Осыдан кейін олар ДНҚ-ны орайды да, үлкен ДНҚ-белок кешенін түзеді.
Осы кешен екі ДНҚ-хеликаза ферментін тартады және олар ДНҚ тізбектеріне орнала-
сады. Хеликазалар ДНҚ-ға арнайы тиегіш белоктармен байланысқан түрде жалғанады.
Тиегіш белоктар хеликазаларды олардың айырға жинақы
орналасуына дейін тыныш
күйде сақтайды. Тек дұрыс орналасқан хеликазадан тиегіш белок ажырайды да, хелика-
за ДНҚ-ның тізбегін тарқата бастайды. ДНҚ праймазаға ең алғашқы РНҚ праймерлерін
синтездеуге жеткілікті аудан ашылады (
5.25-сурет
). Осының әсерінен екінші реплика-
ХРОМОСОМАЛАРДА ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫНЫҢ ИНИЦИАЦИЯСЫ МЕН ОНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ
315
тивтік айырдың қалыптасуына
қажетті барлық белоктардың
жиналуы
қоздырылады және
ДНҚ репликациясы барлық
ДНҚ тізбегі екі еселенбегенше
жұмысын тоқтатпайды.
E.coli-де
инициаторлық
белоктың репликация басталу
нүктесімен әрекеттесуі өте қатаң түрде реттеледі. Инициация
репликацияның толық
Достарыңызбен бөлісу: