Газет 2005 жылдың 28 Қазанынан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі6,2 Mb.
#5520
  1   2   3

НАУРЫЗ – 

ІЗГІЛІККЕ 

ТОЛЫ 

МЕРЕКЕ


ГАЗЕТ 2005 ЖЫЛДЫҢ 

28 ҚАЗАНЫНАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ:

Қазақты бір тудың 

астына біріктірген – 

Хақназар хан

ҚЫЗҒАЛДАҚ:

Әлия Молдағұлова 

туралы үзік сыр

ҰТҚЫРЛАРҒА 

АРНАЛҒАН 

«АКАДЕМИЯЛЫҚ 

ҰТҚЫРЛЫҚ»



7

-бет

БАЛБҰЛАҚ:

«Жан анама 

арнаймын»



6

-бет

2

бет

Павлодар

 

жастарының газеті

3



 (62)

28 наурыз 2015 жыл



5

-бет

3

-бет

2

Ұлыларымыздың Ұлыстың ұлы күні туралы ұлағаты



Омар Һаям: 

…үш жүз алпыс бес күннің (күндіз-түнінен) ширегінен 

тұратын ұлы дəуірді «ұлы жыл» деп атады да оны төрт 

бөлікке бөлді. Үлкен жылдың төрт бөлігі өткенде үлкен 

наурыз болады. Бұл кезде дүние жаңаланады. Патша-

лардың бір рəсімі бар: жыл басында олар жақсылыққа 

бағыштап, əрі жыл есебін белгілеп алу үшін, тыныштық 

өмір үшін баршаға қатысты діни жиындар өткізулері ла-

зым. Кімде-кім наурызды мейрамдап шуақты жүрсе, ке-

лесі наурызға дейін тыныш, бейған ғұмыр кешеді.



Абай Құнанбайұлы:

Ол  күнде  Наурыз  бір  жазғытұрым  мейрамы  болып, 

Наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол 

күнді «ұлыстың ұлы күні» дейді екен.



Мәшһүр Жүсіп: 

Қазақтың  қазақ  болғанда  өзіне  арнал-

ған,  сыбағасына  тиген  жалғыз  мейра-

мы – Наурызнама. 



Шәкәрім 

Құдайбердіұлы: 

«Наурыз»  парсы  тілінде 

«Жаңа  күн»  деген  сөз.  Ескі 

қазақта (ескі түрікте) Жаңа 

жыл  күнінің  атты  – 

Ұлыс. Жыл басының аты Ұлыс екенінің дəлелі мынау: 

«Ұлыс  күні  қазан  толса,  ол  жылы  ақ  мол  болар.  Ұлы 

кісіден бата алса, сонда олжалы болар», – деген ескі 

мақал. 

Ахмет Байтұрсынұлы:

«Наурыз  –  қазақша  жыл  басы.  Бұрынғы  кезде  һəр 

елде наурыз туғанда мейрам қылып бас асып, қазан-қа-

зан көже істеп ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп кəрі-

жас, қатын-қалаш бəрі де мəз болып, көрісіп, араласып 

қалушы еді. Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып 

бара жатқан секілді, Хұты наурыздың қай айда, қай күні 

болуы  хақында  һəр  түрлі  сөйленеді.  Біреулер  Наурыз 

марттың  бірінде,  екіншілері  тоғызында  келеді  деседі, 

һəр жұрттың белгілі күнде жаңа жылы туады, ескі жыл 

бітіп, жаңа жыл басталғанда: «Жаңа жыл қайырлы бол-

сын! Жаңа бақыт нəсіп болсын!» деп құттықтасады, ол 

күнді мейрам қылып шаттықпен өткізеді. 

Күн  жылынып,  қар  еріп,  жан-жануар  жаздың  жақын-

дағанын  сезіп  көңілденген  кез.  Шаруа  адамдарының 

бейнеттен  қолы  шешіліп,  алты  ай  қыс  баққан  арықта-

рын  үмітті  күнге  жеткізіп,  демалып  отырған  кез.  Ағаш, 

шөптер қар астынан сілкініп шығып, гүлденіп жасаруға 

даярланып,  күн  де  қыстай  бір  бүйірлеп  жүруін  қойып 

жоғары көтеріліп, бүтін ғаламға нұрын шашып, үйсізді 

үйлімен теңгеріп, бай мен жарлыға бірдей сəуле беруге 

тұрған кез. Міне, табиғаттың осындай көңілді өзгерісінің 

кезеңінде  біздің  Жаңа  жылымыз  –  Наурыз  туып,  ата 

ғұрпымызды ұмытпай белгілі бір күнді жыл басы қылып 

алсақ ұнамды іс болар еді.

Міржақып Дулатов:

Жер  жүзіндегі  жұрттардың  бəрінің  де  түрлі-түрлі 

мейрамдары болады. Мəселен, дін мейрамы ұлт мей-

рамы,  мемлекет  мейрамы  секілді.  Өзгелерді  былай 

қоя  тұрып,  өзіміздің  сыбайласымыз  орыс  жұртын  ал-

сақ,  бұл  туралы  қазақтың  мақалы  да  бар:  «Орыста 

мейрам  көп,  қазақта  айран  көп».  Біздің  қазақ  айран-

ға бай болғанымен, мейрамға жарлы екендігі осыдан 

да  көрінеді.  Жалпы  мұсылман  жұрттарына  ортақ 

жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын 

есепке  алмағанда,  бізде  жалғыз-ақ  мейрам 

бар, ол – Наурыз. 

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мей-

рамы. Наурызды қазақтан басқа: Күншығыс жұрттары-

ның көбі, мəселен, Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар, Кав-

каз, Түркістандықтар да мейрам етеді. Бірақ бұлардың 

бəрін  салыстырғанда  Наурызды  біздің  қазақтың  мей-

рам етуі айрықша сыйымды, артықша дəлелді. Неге де-

сеңіз, марттың ескіше 9-да, жаңаша 22-інде күн мен түн 

теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп шаруа кенеледі. Қыс бойы 

ақ кебінін жамылып өлім төсегінде жатқан табиғаттың, 

жанды, жансыздың тірілуі кімнің болса да көңіліне шат-

тық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуі-

не,  жаздың  жетуіне  қазақтан  артық  тілектес,  қазақтан 

артық қуанатын ел жоқ деуге саяды. 

Мағжан Жұмабаев: 

Əр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. 

Азияда  жаңа  жыл  –  жазғытұрым,  қазақ  елінде  –  Нау-

рыздың  жиырма  екісі.  Жаңа  жыл  күні  қазақ  күн  райы-

на қарай алдағы жазды рақатты, рақатсыз болады деп 

болжау жасайды. Қар тез кете ме, жаз жылдам бола ма 

деп болжам жасайды. Қазақтың Жаңа жылы – жызғытұ-

ры күн мен түннің теңелген (22 наурызда) күні болады. 

Жаңа жылдың ертеңіне жарық, жылы күн қараңғы суық 

түннен ұзара бастайды. 



Сәбит Дөнентаев: 

«Марттың  22  күні  –  Наурыз  мейрамы  (жаңа  жыл) 

екенін қазақ баласының көбі біледі. Бұл мейрам – дін 

мейрамы  емес,  ұлт  мейрамы.  Тегінде  Наурыз  ұлт 

мейрамы  болғандығының  үстіне  оның  тарихи  маңы-

зының  тереңдігі  бар.  Ызғарлы  қыстың  кетіп,  жан  иесі 

өмір  қуатын  туғызған  жыл,  жаздың  келетіндігіне  бар-

лық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. «Қыс 

бойы өлімнің есігін күзетіп, үңгірде жатқан кəрі құйрық, 

мертік-шортықтар  да  қыбырлап  дүниеде  бар  екендік-

терін білгізе бастайтын, аурулар сауығамын деп, аттар 

тойынамын  деп,  жалаңаштар  киімсіз  де  күн  көремін» 

дегендей  жұрттың  бəріне  үміт,  əркім  де  жылы  шырай 

сезіне  бастап,  «бəріміз  де  табиғаттың  бергеніне  ор-

тақпыз» дегендей сағынышты көрісулері, жалынды құ-

шақтасуларымен  Жаңа  жылды  қарсы  алатын.  «Бүгінгі 

күні Самарқанның көк тасы да жібіпті» – десіп Наурыз 

күні пейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып 

шығарғысы келіп, аңыз қылысатын. Еңбекші қазақ елі, 

шығынды тыртаңнан аттарының басын тарта ұстап, та-

рихи мейрамдардың Наурызды жаңа тұрмысқа лайық-

ты мейрамдап өткізудің жолына түсіңдер. Жаңа жылға 

жаңа тілек, игі үмітпен шығуымыз керек».

Ұлыстың ұлы күні

НАУРЫЗ – ІЗГІЛІККЕ 

ТОЛЫ МЕРЕКЕ



Құлпырып көктем де келіп қалды… Айналасына шуағын мейірлене төгетін бұл жыл мезгілін 

барлығымыз да асыға күттік. Өзімен бірге ырысты да, несібені де аямай ала келетін ғажайып 

көктемді кім жақсы көрмесін?! Бастауы 8 наурыз яғни, халықаралық әйелдер күнімен бас-

талса, келесі кезекте халқымыздың төл мерекесі – Ұлыстың ұлы күнімен жалғасады. Олай болса 

ізгілікке толы мереке – Наурыз жайында біраз қызықты мәліметтермен бөліскенді жөн санаймын.

Наурыз – көне мейрам. Наурыз 

мерекесін  тойлау  дəстүрі  дүние 

жүзі халықтарының көпшілігінің тұр-

мыс-салтында  бағзы  замандардан 

орын  алған.  Бұл  ежелгі  мейрам  жа-

йында,  шығыс  халықтарының  Нау-

рызды  қалай  тойлағандығы  туралы 

Əбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. 

өз  еңбектерінде  мəліметтер  келтірген. 

Мысалы,  парсы  тілдес  халықтар  Нау-

рызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл 

күндерде əр жерге үлкен от жағып, отқа 

май  құяды,  жаңа  өнген  жеті  дəнге  қарап 

болашақты болжайды, жеті ақ кесемен дəс-

түрлі ұлттық көже ұсынады, ескі киімдерін 

тастайды,  ескірген  шыны  аяқты  сынды-

рады,  бір-біріне  гүл  сыйлап,  үйлерінің  қа-

бырғасына дөңгелек ою – «күн символын» 

салады, үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі, түрлі 

жарыстар ұйымдастырады.

Бұл  мерекені  Қазақстанмен  қоса  шығыс 

елдері:  Өзбекстан,  Қырғызстан,  Ауғанстан, 

Тəжікстан,  Пəкстан  сынды  шығыс  елдері 

ежелден  бері  тойлап  келеді.  Мереке  таби-

ғат  пен  адамның  үндестігін  көрсетеді.  Нау-

рыз  –  күн  мен  түннің  теңелген  күні.  Көктемгі 

күн  тоғысы  наурыз  айының  21-нен  22-не  ауысқан 

түні  болады.  Осы  уақыттан  бастап  күн  ұзарып,  түн 

қысқарады.

Дəстүр  бойынша  бұрын  Наурыз  мейрамын  бүкіл 

ауыл, ел болып, əсіресе жастар жағы түгелдей таң ша-

пағатын қарсы алудан, тазаланған арықтарға су жібе-

руден, ағаш отырғызып, гүл егу рəсімін өткізуден бас-

тайтын.  Қызықшылық  онан  əрмен  «Ақ  серек  пен  көк 

серек», «Ақ сүйек» сынды халық ойындарын ойнап, əн 

салып,  би  билеумен,  ақындар  айтысымен,  «Қызғал-

дақ»  мерекесімен,  қазақша  күреспен,  ат  жарысымен 

жалғасып кете беретін де, түнге қарай алтыбақан ай-

наласындағы  тамашамен  жалғаса  беретін.  Бұл  мей-

рам – бүкіл шығыс халықтарына ортақ салт.

Тегінде  Наурыз  ұлт  мейрамы  болғандықтан,  оның 

тарихи  маңызының  тереңдігі  бар.  Ызғарлы  қыстың 

кетіп, жаздың келетіндігіне жер бетіндегі тіршілік атау-

лының  барлығы  қуанады.  Жасы  үлкендер  өздерінен 

кішілерге ақылын айтып, Ұлыстың ұлы күнінің қасиетін 

түсіндіреді.  Адамдар  араларында  болған  араздықта-

рын ұмытып, бір-біріне кешірім сыйлайды. Бұл күні тек 

жақсылықтар  жасалып,  қонақ  болып  бір-бірінің  үйіне 

барады.  Науан  дастарханнан  дəм  ауыз  тиіп,  шаңы-

раққа сəлем беріп кетеді. Осы күнді «Ақ түйенің қарны 

жарылған күн» дейді халық.

Бұл  мейрам  –  адамзат  пен  табиғаттың  үйлесімін 

паш ететін күн. Сондықтан, Ұлыстың ұлы күнінде Жер 

Анаға тағзым жасау осы мерекенің басты нышаны бо-

лып  табылады.  Бұл  күні  адамдар  табиғатқа 

жақындай түсіп, Жер Анамен үйлесім тауып 

өмір кешуге қадамдар жасайды. Бұлақтар та-

зартылып, ағаштар отырғызылады. «Бұлақ 

көрсең  көзін  аш!»,  «Бір  тал  ексең,  он  тал 

ек!» деген сөздер осыдан шыққан болу ке-

рек.


Наурыз – достық, еңбек, бейбітшілік ме-

рекесі.  Əжелеріміз  бен  аналарымыздың 

мерекеге  арнап  дайындайтын  тағамда-

рының  өзі  қандай  керемет!  Дастарқан-

ның басты асы – «Наурыз көже» тоқ-

шылықтың  белгісі.  Наурыз  көже  жеті 

түрлі  тағамнан  жасалады.  «Наурыз 

көжені тойып ішу керек, сонда жыл 

бойы тоқшылық болады!» деген 

сенім  бар.  Дастарқан  басында 

жастар  үлкендердің  батасын 

алады.  Бата  –  үлкендердің 

өзінен  жасы  кішілерге  бе-

ретін  ықыласты  тілегі. 

Ақсақалдар:  «Ұлыс  оң 

болсын! Ақ мол болсын, 

қайда  барсаң  да  жол 

болсын!» деп бата беріп, 

ақ  ниеттерін  білдіріп 

отырады.


Дайындаған Ақмарал ЕРМАНАТ

3

Замана


 



ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ



 



ТҰЛҒА

Біз  Қазақ  хандығының  тарихын 

сөз  еткенде  Керей  мен  Жəнібекті, 

Абылайды, Тəукені, Қасым хандар-

дың  атын  ерекше  атаймыз.  Бірақ, 

ұзақ уақыт бойы хан тағында оты-

рып, Қазақ хандығын құлдыраудан 

аман  алып  қалған,  Хақназар  хан 

жайлы  неге  айтпасқа?  Қасым  ұлы  Хақ-

назарды атақты, даңқты хандарымыздың 

қатарына  қосуға  əбден  болады  деген 

пікірлерді  неге  елемеске…  Олай  болса, 

Қазақ  хандығының  550  жылдығына  ар-

налған, арнайы хандар жайлы мақалала-

рымыздың тізбегін бұзбай, келесі кезекте 

Хақназар хан жайлы ерекше мəліметтер-

мен бөлісеміз.

Хақназар ханның 

билікке келуі

Хақназар ханның нақты қай уақытта ел 

билегені жайында пікірлер көп кездеседі. 

Соған  қарағанда  Хақназар  тарих  сахна-

сынан ойып тұрып орын алған хан болды-

ау, шамасы. «Хақназар хан билікке қашан 

келді?» деген сұраққа, атақты ғалымдар-

дың  берген  жауаптарын  ортаға  салып 

қарастырсақ… 

Шығыстанушы-иранист 

Олег  Акимушкин  «Хақназар  хан  1523-

1524 жылдары билікке келді» дейді. Тари-

хи  деректерге  сүйене  отырып,  Хақназар 

ханның билiкке қашан келгенiн анықтауға 

көмектесетiн 1537 жылы орын алған оқи-

ға деп қарастырайық. «Уақытша əлсiреу» 

кезеңiндегi  бес  ханның  соңғысы  Тоғым 

хан 1537 жылы Моғолстан ханы Абдура-

шитпен  соғысады.  Сол  шайқаста  Тоғым 

хан  өзiнiң  қасындағы  37  қазақ  сұлтаны-

мен бiрге қаза тапқан. Демек, Тоғым хан 

қайтыс  болған  соң  Хақназардың  билiкке 

келгенi  шындық.  Осыған  сүйенiп  тарих-

шы-шығыстанушы  М.Əбусейiтова  Хақна-

зар билiкке 1538 жылы келдi деп көрсетуі 

əділдікке  сəйкес  келедi.  Ол:  «оның  ХVI 

ғасырдың 50-60 жылдарында ымырасыз-

дықпен жүргiзген үздiксiз күресi хандықты 

саяси жəне экономикалық жағынан жаңа 

сатыға көтердi», – деп жазды.

Қазақтар мен 

қырғыздардың басын қосты

«Хақназар хан таққа отырған соң хандық 

үкіметтің билігін нығайтуға жəне күшейтуге 

қажырлы қайрат жұмсаған. Өзінен бұрын-

ғы хандардың тұсында бытыраңқы жағдай-

ға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірген. 

Қазақ-қырғыз  одағын  үздіксіз  нығайтып, 

тіпті,  сол  заманның  тарихи  деректерінде 

Хақназар  хан  «қазақтар  мен  қырғыздар-

дың патшасы» деп атала бастаған. Ол осы 

қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Мо-

ғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл 

алқабын  жаулап  алу  əрекетіне  тойтарыс 

берді. Хақназар хандық құрған дəуірде қа-

зақ  хандығының  сыртқы  жағдайында  аса 

ірі тарихи оқиғалар орын алған. Бұл кезде 

батыста  күшейе  түскен  орыс  мемлекеті 

шығысқа  қарай  ірге  кеңейтіп,  Қазан  хан-

дығын, Астрахан хандығын басып алды, – 

дейді зерттеушілер.

Қазақ жерін кеңейтті

Хақназар билiкке келген алғашқы кезең-

де  Дештi  Қыпшақты  қазақ  хандығы  туы-

ның астына қайта бiрiктiрудi көздедi. Сон-

дай-ақ,  Моғолстанды  бағындыруға  көп 

күш жұмсайды. Ол Ноғай мырзаларын да 

бiр тудың астына бiрiктiру қажеттiгiн жіте 

түсiндi. Хақназар сыртқы саясатын алды-

мен  Жайық  өзенiнiң  сол  жағында  көшiп 

жүрген ноғай ұлыстарын Қазақ хандығына 

түпкiлiктi қосып алу əрекетiмен бастаған. 

Хақназардың бұл мақсаты орындалды да. 

Осылайша Қасым ханның кезiнде бастау 

алған  Жайықтың  бойын  Қазақ  хандығы-

на қосу əрекетi Хақназардың тұсында да 

жалғасты. Нəтижесiнде қазiргi Қазақстан-

ның батысы Қазақ хандығына толығымен 

қосылды.  Хақназар  хан  бастаған  қазақ 

пен  қырғыздың  бiрiккен  қолы  Моғолстан 

ханы  Абдурашиттiң  баласы  Абдулатифтi 

1556  жылы  ойсырата  жеңдi.  Абдулатиф 

осы шайқаста қаза болды. 1550 жылдың 

соңына дейiн Моғол ханы Абдурашитпен 

Жетiсу  мен  Ыстықкөл  үшiн  шайқастар 

жүргiзiп  отыруға  тура  келдi.  Жетiсу  мен 

Шу, Талас аумағы 1570 жылдары түпкiлiктi 

түрде қазақтардың иелiгiне өттi.

Хақназардың өлiмi

«Хақназар  хан  Баба  сұлтанның  қайын 

атасы Жалым сұлтанмен бiрге оны өлтiр-

мек  ниетiнде  қастандық  ұйымдастырды. 

Бiрақ қастандық кездейсоқ жағдайда ашы-

лып  қалады.  Бұл  кезде  Баба  сұлтан  Ше-

рабхан дейтiн өзеннiң жағасында Жалым 

сұлтанның екi ұлы жəне Хақназар ханның 

екi ұлымен алдын ала келiсiлген кездесуге 

бара  жатқан  едi.  Қастандық  ұйымдасты-

рылмақ болғанын ести сала Баба сұлтан-

ның жендеттерi Хақназар хан мен Жалым 

сұлтанның  ұлдарын  адамдарымен  қоса 

қырып салды. Баба сұлтан сол күнi-ақ Бұ-

зағыр  сұлтанға  Хақназардың  ордасына 

лезде жетiп, оны өлтiрудi бұйырады. Егер 

Бұзағыр  Хақназар  ханды  өлтiрген  болса, 

ол  туралы  мəлiмет  жазба  деректерде  қа-

лар едi. Хақназар ханды Баба сұлтан ас-

тыртын  жiберген  жансыз  у  берiп  өлтiрген 

болуы  ықтимал»,  –  дейді  ОҚМПИ-дiң  аға 

оқытушысы, т.ғ.к. Бахадыр Айтай.

Түйінсөз. Хақназар ханның билік құр-

ған  тұсында  Қазақ  хандығы  көршілес 

елдермен  дипломатиялық  байланыс-

тар орнатты. Хандықтың сыртқы жəне 

ішкі  жағдайы  тұрақталды,  жақсарды. 

Хандықтың  территориясы  кеңіді.  Мұ-

ның  бəрі  Хақназар  ханның  жүргізген 

парасатты  саясаты  мен  көрегенділік 

қабілетінің арқасы болар. 

Ендігі міндет – Хақназар ханның са-

рабдал қайраткерлігі мен саясаткерлігі, 

ержүрек  батырлығы  мен  əміршілігі 

жайында  кейінгі  ұрпақ  өкілдеріне  на-

сихаттау. Тарихымыз бүгіннен бастал-

мады. Тек жалғасын тауып, өз ретімен 

келе жатыр.

Ақмарал Ерманат

Шерхан ағаның шері

Шерхан Мұртаза қазақ журна-

листикасына  тың  дүниелерді 

енгізді.  Оның  публицистика-

лық  еңбектері  арқылы  оқыр-

ман  əдеп,  адамгершілік  жəне 

парасатты  тереңнен  ұғынуды 

үйренді.  Жақсы  журналист 

болу  үшін  –  əдебиетті  жақсы 

білу керек екенін өзінің өмірлік 

тəжірибесі  арқылы  көрсете 

білді.  Ол  қаламды  өмірлік 

қару етті. Əділ сөзді, шындық-

ты  дұрыс  көрді.  Əдебиетте, 

журналистикада 

халықтың 

тынысын  айта  білген  өжет 

тұлға.  Оқырманды  ойланды-

ратын  жəне  ой  тастай  білетін 

жазушы.  Оның  табандылығы 

мен рух жігерлігін бүгінгі жас-

тар  үлгі  тұтулары  қажет.  1932 

жылы ашаршылық кезінде дү-

ние есігін ашқан Шерхан Мұр-

таза өмірден, жастық шағынан 

бастап  жеңілмеуді  үйренді. 

Шығармашылықтың  адамы 

қиындыққа  тап  болған  сайын 

шыңдала  түсетіні  айқын.  Се-

бебі  рухы  мықты  адамдарды 

қиындық  құлатпайды.  Өмірі 

күреспен  өткен  Шерағаңның 

оқырмандарына  да  беретін 

ойлары көп. Өйткені ол өмірде 

азды емес, көпті көрген тұлға. 

Сондықтан  да  ол  өзгелерден 

ерекшеленіп  тұрады.  Шерхан 

Мұртаза  ұлттық  намыс,  тіл 

мəселесі  жəне  адами  құнды-

лықтарды  көп  жазды,  ұлттық 

мəселелерді  халықтың  сөз-

дерімен айтты.

Елім саған 

айтам

«Елім,  саған  айтам,  Елба-

сы  сен  тыңда»  тақырыбында 

жазылған  Камал  Смайылов 

екеуінің  хаттары  журналистика 

əлеміне тың жанрды енгізді. Қос 

журналист  азаттыққа  оңай  жет-

пегенімізді, ендігі мақсат тəуелсіз 

елдің  тұғырындағы  көк  туды  құ-

латпауды  ертеден  ойлады.  Ха-

лыққа  елдегі  болып  жатқан  өз-

герістерді  іштей  бұқпай  айтты. 

Сол мəселелердің шешімін табу-

ға  тырысты.  Бұл  еңбекте  «Жур-

налистің  мақсаты  –  қоғамдық 

маңызы бар мəселелерді қозғау, 

көтеру,  ел  назарын  соған  ауда-

ру,  ал  содан  нақтылы  қандай 

істер,  нəтижелер  шығатыны  сол 

іс басында отырған адамдардың 

ой-өрісіне,  қабілет  қимылына 

байланысты», – деп Камал Сма-

йылов журналистің нақты қалай 

жұмыс  істеу  керектігін  жазды. 

Сондықтан  екі  нар  тұлғалы  аза-

маттар бұл еңбекте елдің дамуы 

үшін қандай іс-əрекеттер жасалу 

керектігін айқын дəлелдеп берді. 

«Тəуелсіздік  –  жаңа  шығып 

келе  жатқан  күн.  Елдің  емес, 

жас  мемлекеттің  емес,  өз  қа-

рақан  басының  қамын  ойлаған 

жемқорлар, парақорлар, Қазақс-

тан  байлығын  талан-таражға 

салған  сатқындар!  Жаңа  шығып 

келе  жатқан  Күнді  көлегейлеп, 

бұлтпен  бүркемелеп,  тұмшала-

мандар!»,  –  деп  Шерхан  Мұр-

тазаның  елдегі  болып  жатқан 

əділетсіздіктерге  бей-жай  қарап 

отыра  алмайтындығы  көрініп-ақ 

тұр. Камал Смайылов екеуі бас-

таған бұл игі мəселеге елім деп 

жүрегі соққан əр азамат «Егемен 

Қазақстан»  газетіне  жауаптарын 

жаза бастады.



Ғылымдағы 

инфляция

«Тек  адамдар  имансыз  бол-

маса  екен.  Əркім  атақ-дəреже, 

мансап  дегенді  өз  бойына,  өз 

ойына,  талант  –  талайына  шақ-

тап  өлшесе,  нысап  деген  қа-

сиетті  ұғымды  ұмытпаса  деймін 

ғой. Əйтпесе, қазір көшеде келе 

жатып,  абайламай,  біреумен 

қақтығысып  қалсаң,  академик 

болып  шығады.  Анау  да  акаде-

мик,  мынау  да  академик.  Үлкен 

де  академик,  кіші  де  академик. 

Мейлі  ғой,  қызғанбайық.  Бірақ, 

бұл  ғылымдағы  инфляция  ғой. 

Осыны  неге  түсінбейді  «акаде-

микті»  оңды  солды  үлестіруші-

лер?  «Академик»  деген  атаққа 

шыннан  лайықтымын  ба?»  деп 

бір  сəт  неге  ойланбайды  атақ-

дəреже алушылар? Неге көз ал-

дарына Мұхтар Əуезовті, Қаныш 

Сəтбаевты елестетпейді бір сəт-

ке?  Өз  шама-шарқын  солардың 

ұлылығымен, даналығымен неге 

ойша  салыстырмайды?  Біле 

білсе,  оңай  академиктер  қорла-

ды  ғой  ғылымды  да,  ұлыларды 

да!», – деген сөзі ғылыммен тек 

қабілеті  бар  жандар  айналысу 

қажет  екендігін  өз  сөзімен  дə-

лелдеп  отыр.  Ғалымдар,  акаде-

миктер қоғамда көп болғанымен, 

өкініштісі  –  ашқан  жаңалықтары 

аз.  Бүгінде  Шерхан  Мұртазаның 

көтерген  мəселесі  қазіргі  күнге 

дейін  шешімін  таппай  келе  жат-

қаны көңілге қаяу салады.



Адам еңбек етті 

ме – ақысын 

алсын

«Қазақстан  –  бəріміздің  ортақ 

үйіміз.  Кім  үйін  лас  ұстағысы 

келеді  дейсің?!  Ортақ  үйдегі  əр 

азамат таңертең ұйқыдан тұрған-

да: Үйімнің таза болуы үшін мен 

бүгін не істеуім керек? – деп тү-

регелсе, ұйқыға жатарда: Үйімнің 

таза  болуы  үшін  мен  бүгін  не 

істедім?  –  деп  жатса».  Ал  жеке 

басынан бұрын халықтың, елдің 

жағдайын  ойлау  қажет  екендігін 

Шерағаңның осы бір сөзінен аң-

ғарамыз.  Бір  сөзінде  «Заңның 

азы, орындалуының көбі лазым. 

Əйтпесе  не,  Конституцияда  да, 

заңда да жазылған. Адам еңбегін 

қанауға  болмайды.  Адам  еңбек 

етті ме – ақысын алсын! Бұл қа-

ғида қасиетті Құран – Кəрімде де 

айтылған»,  –  деген  сөзінен  əді-

летті адам екені аңғарылады. 

«Елге  оралған  ағайынға  жылу 

беру  –  ата-бабамыздың  адам-

гершілік  дəстүрі.  Жылу  беру  – 

қайыр-садақа  емес,  ағайынның 

жанын  жылыту,  ұясын  жылыту 

деген  ұғым.  Сонда  ертең  сен 

жаурасаң,  ол  сені  жылытады. 

Ұлттың  бірлігі,  бауырмалдығы 

осындайдан  құралады»,  деген 

сөзі  қоғамды  бауырмал  болуға 

үйретеді. Абай Құнанбайұлының 

«Адамзаттың бəрін сүй бауырым 

деп» – деген өлең шумақтарын-

дай жазушы Шерхан Мұртаза да 

адамзатты бірлікке шақырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет