Нашар сипатталған Пост-трансляциялық модификация, бе-
лок айналымы, шаперондар
8
Жалпы биохимиялық функциясы си-
патталған; арнайы биологиялық рөлі
белгісіз
24
Осындай талдау жүргізу үшін гендер туыстастықтары «әмбебап» болуы қажет. Ол үшін гендер
келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс: гендер, кем дегенде, екі архей (Archaeoglobus fulgidus және Aeropyrum pernix), эволюциялық тұрғыдан алшақ орналасқан екі бактерия (Escherichia coli және Bacillus subtilis) және бір эукариот (ашытқы, Saccharomyces cerevisiae) геномдарында кез-
десуі тиіс (ақпарат R.L.Tatusov, E.V.Koonin and D.J.Lipman, Science 278:631-637, 1997; R.L.Tatusov et al., BMC Bioinformatics 4:41, 2003; және COGs database at the US National Library of Medicine,
көздерінен алынған).
Ген функциясының зерттелуі генетикалық және биохимиялық сияқты екі әдістердің
дамуымен тікелей байланысты. Генетикалық әдіс мутанттарды зерттеуден басталады:
біз гені өзгерген организмді табамыз немесе оны қолдан жасаймыз және кейін оның
организмнің құрылымы мен әрекетіне ететін әсерін талдаймыз (
1.23-сурет ). Биохимия
молекулалардың тікелей функциясын зерттейді: біз организмнен молекулаларды бөліп
аламыз және олардың химиялық белсенділігін зерттейміз. Генетика мен биохимия
әдістерін ұштастыру көмегімен синтезі белгілі генге тәуелді болатын молекулаларды
анықтауға болады. Сонымен бірге, мутантты организмге жүргізілген нақты зерттеулер
бізге осы молекуланың бүтін организмдегі рөлін көрсетеді. Сонымен, генетика мен био-
химия клеткалық биологиямен біріге отырып, бізге организмнің құрылымы мен функ-
циясына қатысты гендер мен молекулаларды анықтаудың ең тиімді тәсілін ұсынады.
Жақында ДНҚ тізбегінің ақпараты және молекулалық биологияның заманауи құрал-
1.23-сурет. Геннің функциясын көрсетететін мутантты