Молекулалық биология және генетика кафедрасы жалпы медицина мамандығы бойынша оәК



бет10/258
Дата16.10.2023
өлшемі3,88 Mb.
#116150
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   258
Байланысты:
sillabus МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА

Баға жіктелуінің шкаласы

Әріп жүйесі бойынша
бағалау

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық
құрамы %

Традициялық жүйемен бағалау

А

4,0

95-100

ҮЗДІК


А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

ЖАҚСЫ


В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

ОРТАША

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

ҚАНАҒАТТАНАРСЫЗ



Кеңестер және емтихандар уақыты:
Кеңесті дәріскер кестеге сәйкес кафедрада өткізеді. Емтихандар кестеге сәйкес жүргізіледі.

ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА МАМАНДЫҒЫ


МолекулАЛЫҚ биологиЯ ЖӘНЕ
генетикА кафедраСы


ДӘРІСТІК КЕШЕН


КУРС: 1
ПӘН: МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: кафедра оқытушылары
  1. жыл


Кафедра отырысында талқыланып бекітілді, «04» маусым 2013 ж., хаттама № 17 .


Кафедра меңгерушісі, профессор Қуандықов Е. Ө.

1дәріс




1. Тақырыбы: Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері. Нуклеин қышқылдары. Геннің молекулалық биологиясы


2. Мақсаты: студенттерде ағза қызметінің негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері, тұқым қуалау материалының құрылысымен қызметінің құрылымдарының молекулалық деңгейі (ДНҚ). Геннің құрылысы және қызметі жайлы қазірі кездегі көзқарастарды қалыптастыру.
3. Дәріс тезистері:

  1. Молекулалық биология және генетиканың медицинадағы рөлі және маңызы.

  2. Нуклеин қышқылдары – жіктелуі, құрылысы, қызметі.

  3. Геннің анықтамасы, жіктелуі.

  4. Про- және эукариот гендерінің құрылысы. Геннің реттеуші және кодталатын суббірліктері, құрылысы, қызметі.

  5. Реттуші гендердің реті, қызметі.

  6. Кодталу реті (кодондар), қызметі.

  7. Эукариот гендерінің экзон – интрондық құрылысы.

  8. Мутон, рекон, цистрон жайлы түсініктер.

Молекулалық биология және генетика тірі ағзалардың генетикалық материалының (ДНҚ) құрылымы мен қызметін молекулалық, гендік, геномдық, хромосомдық және популяциялық деңгейде зерттейді.


Молекулалық биология – биологияның алдыңғы қатарда ең бір қарқынды дамып келе жатқан ғылымдарының бірі.
Тірі ағзалардың барлық жасушаларындағы тұқым қуалау материалын тасмалдаушы нуклеин қышқылдары (НҚ) болып табылады. Бұлар молекулалық массасы өте үлкен күрделі биополимерлер.НҚ мономерлері нуклеотидтер болып табылатындықтан да НҚ полинуклеотидтік тізбек түзеді. Әр бір нуклеотидтің құрамына: бес көміртекті моносахарид (пентоза),фосфор қышқылының қалдығы және азотты негіздер аденин (А), тимин (Т), гуанин (Г), цитозин (Ц), урацил (У) кіреді. Екі азоттық негіздер пуриндер (А және Г), ал үшеуі (Т,У, және Ц) пиримидиндер класына жатады.
Фосфор қышқылының қалдығы пентозаның 3′-көміртегімен, ал азоттық негіздер көміртегінің 1′ атомымен байланысады. Нуклеотидтер бір-бірімен тізбектеліп бір нуклеотидтің фосфат тобы екінші бір нуклеотидтің дезоксирибозасымен ковалентті байланысады. Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі жағынан ажыратылатын екі түрі - ДНҚ және РНҚ бар.
Молекулалық-биологиялық көз қарас бойынша, ген реттеуші және кодталынған бөлімдерден тұратын ақуыз өнімі - полипептид синтезін бақылайтын құрылысы күрделі ДНК бөлігі болып табылады. Геннің бойында бір полипептидтік тізбектің синтезін бақылайтын және көптеген мутация және рекомбинация (мутон және рекон) сайттарынан тұратын бірнеше функционалдық бірлік – цистрон болады.
Геннің кодталатын бөлігінің функционалдық активтілігіне әсер ететін реттеуші гендер қатары, эукариоттарда кодталмайтын (интрондар) және мағналы реттері (экзондар) болады.
Құрылымдық және реттеуші гендер деп ажыратады. Құрылымдық гендер құрылымдық ақуыздар мен ферменттердің синтезін бақылайды. Реттеуші гендер құрылымдық гендердің белсенділігіне әсер ететін ақуыздардың синтезін бақылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет