Кроссинговер, хромосомалардың учаскелерімен (гендерімен) мейозе I алмасуы
Кроссинговер, обмен участками хромосом (генами) в мейозе I
Crossingover - exchange of parts of chromosomes (genes) during meiosis I
Құрастырған: Нуртаева К.С.
№ 3 сабақ
1. Тақырыбы: Гендер әсері. Генотип, фенотип
2. Мақсаты: генотиптегі гендер әсерінің мәні мен негізін түсіну үшін белгілермен (фенотиппен) бақыланатын гендер (генотип) арасындағы өзара әсері жайлы студенттерде білімді қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері: - генотип, фенотип, аллельді және аллельді емес гендер терминдерінің түсінігін студенттерде қалыптастырып, түсіндіріп, сипаттау
- сау және тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын адамдардың сыртқы (фенотиптік, клиникалық) белгілерінің дамуының генетикалық механизмдерін ашу
- фенотиптік белгілердің дамуына аллельді және аллельді емес гендердің әсерінің рөлін көрсету
- тұқым қуалайтын патологияның клиникалық белгілерінің дамуын түсіндіру үшін науқас (генотипіндегі) ағзасындағы гендер әсерінің механизмдері мен типтері жайлы білімнің мәнін түсіндіру