сынның салыстырмалы дәрежесі,
сынның салыстырмасыз дәрежесі
деп екі топқа бөліп, оларды өз ішінен тағы да
бірнеше топқа жіктейді. Айталық, сынның салыстырмалы дәрежесін
теңдік
дәреже, теңсіздік дәреже
деп, ал сынның салыстырмасыз дәрежесін
қалыпты
32
дәреже, бәсеңдік дәреже, күшейтпелі дәреже
деп үш топқа бөледі. Әрі қарай
«сын дәрежесі» ұғымының лексика-грамматикалық өрісін құрайтын тілдік
бірліктерді қазақ және неміс тілі материалдары негізінде талдап көрсетеді [22].
Мөлшер
категориясының
ғылыми
деңгейде
зерттелуіне
З.Қ.Ахметжанованың функционалды грамматика мектебі шәкірттерінің үлесі
зор. Ғалымның М.Жолшаева, А.Жаңабекова, О.Жұбаева сынды шәкірттері
докторлық диссертацияларында мөлшер семантикасының жекелеген ұғымдар
аясында берілу жолдарын қарастырды. Атап айтқанда:
М.Жолшаева «Қазіргі қазақ тіліндегі аспектуалды семантика: форма және
мазмұн» атты докторлық диссертациясында қимылдың өту сипаты семантикасы
(аспектуалды семантика) «мөлшер» ұғымы аясында да берілетінін айтады. Яғни
сөзжасамдық формалар
(-ла /-ле (-да /-де/, -та / -те); -қыла / -кіле, -ғыла / -гіле;
-мала / -меле, -бала /-беле, -пала /-пеле
) арқылы қимыл-әрекет өтуінің дүркіндік
мағынасы берілсе [24, 206-213 бб.], көсемше тұлғалардың қайталана қосарлануы
(жұлқып-жұлқып), аналитикалық формалы етістіктердің қайталануы (сүйе
беретін, сүйе беретін) арқылы қимылдың уақыт жағынан созылыңқылық,
мөлшер жағынан көптік семантикасын білдіретінін айтады [24, 229-230 бб.].
Сондай-ақ «Қазақ тіліндегі сын есімдердің валенттілігі» атты еңбегінде сапалық
сын есімдерді бес түрлі мағыналық топқа топтастыра келіп, мөлшер семантикаға
қатысты «құн, мөлшер, салмақты білдіретін сын есімдер», «көлем, форма,
қашықтықты білдіретін сын есімдер» деген екі үлкен мағыналық тобын көрсетеді
[145, 31-32 бб.]. Сонымен қатар аталған сапалық сын есімдер тобының тіркесім
қабілеті мен функционалды-семантикалық ерекшелігін көрсетеді.
А.Жаңабекова «Уақыт ұғымының тілдік парадигмасы» атты докторлық
диссертациясында уақыттың түрлері мен тілдегі көрінісін «мөлшер» ұғымы
тұрғысынан да қарады. «Уақыт» ұғымын өз ішінен
объективті уақыт,
физикалық уақыт, биологиялық уақыт, жағдаяттық уақыт, психологиялық
уақыт, этномәдени уақыт, тарихи уақыт, әлеуметтік уақыт, концептуалды
уақыт, перцептуалды уақыт, шынайы уақыт, тілдік уақыт, көркем уақыт,
т.б.
түрлерге жіктейді. Ал «уақыт» ұғымының лексика-семантикалық парадигмасы
адам, мал (жан-жануар), өсімдіктердің жас мөлшері мен аспан денелері, түрлі
тамақ түрлеріне қатысты мәдени, тарихи лексикада көрініс табатынын айтады
[23]. «Уақыт» та жалпы тілдік мөлшер субкатегориясының микроұғымына
жатады. Уақыттың аталған түрлері мен тілдегі формасы белгілі мөлшер, өлшем
аясында туындайды. Оның тілдегі және жаратылыстық болмыстағы бейнесі
«мөлшер» ұғымы шегінде өмір сүреді.
О.Жұбаева
«Қазақ
тілі
грамматикалық
категорияларының
антропоөзектілігі» атты докторлық диссертациясының бір тарауын сан-мөлшер
категориясына арнайды. ««Сан-мөлшер» ұғымының морфологиялық деңгейдегі
тілдік көрінісі» деп аталатын бұл тарауда көптік семантиканың берілуін
морфологиялық деңгейде қарастырылады. Аталған деңгейде мөлшер
семантикасы көптік жалғауы мен сын есімнің шырай категориясы арқылы
берілетінін айтады. Өзіне дейін зерттеген ғалымдардың пікірлеріне тоқтала келіп,
көптік категориясын
дискретті көптік, сапалық көптік, репрезентативті
көптік, нақты көптік, кеңістік көптік, заттық көптік-континуум, абстрактілі
көптік, жалпыланған көптік, нақты жекелік
сияқты топтарға бөледі. Ал
33
«шама» концептісінің
морфологиялық репрезентациясын
сын есімнің шырай
категорияларымен байланыстырады. Сондай-ақ салыстырмалы шырай тұлғалы
етістіктердің қимыл мәнін білдіру ерекшеліктерін
қимыл-сын, мезгіл мәнді,
мөлшер мәнді, кеңістік мәнді, сипат мәнді, заттың түр-түсіне қарай
сияқты
бірнеше топқа бөліп көрсетеді [146, 221-275 бб.].
Сан-мөлшер категориясын функционалды бағытта қарастырған келесі бір
жұмыс – Л.М.Қабылдинаның «Мөлшер-өлшем мағыналарының функционалды-
семантикалық өрісі» атты кандидаттық диссертациясы. Зерттеуші бұл
жұмысында ұлттық өлшем бірліктерге қатысты тілдік бірліктер мен қимылдың
қайталануын білдіретін кейбір қосымшаларды «мөлшер-өлшем мағыналы» деп
танып, оның функционалды-семантикалық өрісін талдауға баса назар аударылды
[147]. Ал Г.Сәрсеке өз мақаласында сан-мөлшер категориясы мен көптік
категориясын бірдей ұғымдар ретінде қарап, тек сандық жағынан «көптік»
ұғымдарды білдіретін лексикалық, морфологиялық, синтаксистік бірліктерді
көрсетумен шектеледі [148].
Л.О.Асқардың «Қазақ тіліндегі тәулік кезеңдері атаулары» атты
кандидаттық диссертациясында тәулік кезеңдері атауларын семантикалық,
концептілік және функционалды-семантикалық өріс тұрғысынан зерттеп,
«тәулік кезеңдері» функционалды-семантикалық өрісі құрылымын, оның тілдегі
берілу формаларын анықтайды. Сондай-ақ тәулік кезеңдерін білдіретін тілдік
бірліктерді
табиғат құбылыстарына байланысты атаулар, діни әдет-
ғұрыптарға байланысты атаулар, адамның қимыл-әрекетіне, төңіректі
қабылдауына байланысты атаулар, шаруашылыққа, төрт түлікке байланысты
атаулар, жан-жануар, құстарға байланысты атаулар
деп бес семантикалық
топқа бөліп көрсетеді [149, 14 б.].
Өз кезегінде біз де мөлшер категориясы тақырыбында шағын мақалалар
жаза бастап, әрі қарай ізденісімізді тереңдетуге талпындық, мөлшер
категориясының тілдік табиғатына өзімізше үңілдік. 2011 жылы шыққан «Қазақ
тілінің функционалды грамматикасы» атты ұжымдық еңбекте мөлшер мәнді
тілдік бірліктердің құрылымдық ерекшелігін қарастырсақ [150, 721-775 бб.],
2014-2016
жылдары
«Қазақ
тіліндегі
сан-мөлшер
категориясының
функционалды-семантикалық өрісі» тақырыбында магистрлік диссертация
жаздық. Бұдан соң осы жұмыстың толық мәтіні «Грамматикадағы дүниенің
тілдік бейнесі» атты ұжымдық еңбекте жарық көрсе [151, 255-353 бб.], оқулық
мазмұнына сәйкес ықшамдалып өңделген нұсқасы (30 бет) «Жұмсалымды
грамматика» атты монография-оқулықта жарық көрді [152, 422-466 бб.]. Ал
мөлшер категориясын «тарихи парадигма» тұрғысынан қарастыруға арналған
зерттеулеріміз, нақтырақ айтқанда, XV–XVIII ғасырлардағы тілдік деректер
бойынша мөлшер категориясының поэтикалық ерекшелігі талданған
«Поэтикалық мәтіндерде «мөлшер» ұғымының теңеу тәсілі арқылы берілуі» [153]
деп аталатын бір мақала отандық конференция материалында, «Поэтикалық
тілдегі «мөлшер» ұғымының метафора тәсілі арқылы берілуі» [154],
«Поэтикалық тілдегі «мөлшер» ұғымының перифраз тәсілі арқылы берілуі» [155],
«Miktar Semantiğinin Dünya Dillerine Ortak Eski Sentaktik Yapısı» [156] деп
аталатын үш мақала шетелдік конференция материалдары мен ғылыми
журналдарда, «Поэтикалық тілдегі мөлшер ұғымының көрінісі» [157], мөлшер
34
категориясының түркілік кезеңдегі (V–XIV ғғ.) тілдік ерекшеліктерін талдауға
арналған «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегіндегі «мөлшер-өлшем» ұғымын
білдіретін соматизмдер» [158], «Мөлшер категориясын зерттеудің логика-
семантикалық тәсілдері» [159] атты мақалаларымыз отандық ғылыми
журналдарда, «М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегіндегі өлшем
бірліктер» [160], «Language Units Expressing the Notion of Degree or Quantity on
Turkic Monuments» [161] деп аталатын екі мақаламыз Scopus базасындағы
халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланды. Аталған
зерттеу жұмыстары мөлшер категориясының тілдік табиғатын ашуға септігін
тигізеді деген ойдамыз.
Мөлшер категориясын зерттеудегі ендігі бір мәселе – аталған категорияның
тұрақты терминдік атауы мен оған тән тілдік бірліктер. Мөлшер категориясының
тілдік тұрғыдан зерттелу тарихына үңілгенде, аталмыш тақырыпта азды-көпті
ізденістер, зерттеулер жасаған ғалымдар бұл тілдік құбылысты түрліше
қарастырғанын көруге болады. Соған сәйкес әртүрлі терминдермен берілген.
Олар қысқаша төмендегідей: «Телімдік», «жарнақ сан» (А.Байтұрсынұлы),
«өлшеуіш»
Достарыңызбен бөлісу: |