(Х.Досмұхамедұлы),
«сан-мөлшер категориясы» (С.Исаев), «сан есім
мағыналы сөздер» (Ә.Хасенов), «бейтарап фразеологизмдер» (Ә.Болғанбаев),
«есептік сөздер» (Ж.Ахмедова), «шама есім» (М.Думанұлы), «мөлшер сөз»,
«мөлшерлік» (Н.Сұлтаншәріп), «өлшемдік атау» (К.Қ.Күркебаев), «түсіндірмелі
сөздер» немесе «сандар мен зат атауларының арасында қолданылатын сөздер»
(В.А.Гордлевский), «нумеративті сөздер» (А.Н.Кононов, А.М.Щербак) «счеттік
есімдер» немесе «счеттік сөздер» («счетные имена», «счетные слова»)
(А.Н.Баскаков, Ә.Т.Қайдаров) деп аталса, кейбір ғалымдар «сан-мөлшерді
білдіретін сөздер» (Ф.Р.Зейналов), «есептеп шығарылатын» (считаемый),
«есептеп шығарылмайтын» (несчитаемый), «санауға келетін» (исчисляемый),
«санауға келмейтін» (неисчисляемый) сөздер, метрологиялық лексика,
классификаторлар
(Л.А.Молчанова),
мезуративтер
(М.М.Копыленко
В.В.Акуленко, С.А.Букреева), «халықтық номенклатура» (Т.В.Дементьева) деп
атайды. «Мөлшер мәнді тілдік бірліктер», «шама есім» дегендер де бар.
Байқағанымыздай, бір тілдік құбылысқа әр алуан атау берілген. Алайда бұл
атаулардың қай-қайсы да мөлшер семантикалы тілдік бірліктердің ішкі сипатын
толық қамти да, аша да алмайды. Біз өз жұмысымызда тілдің барлық деңгейіндегі
мөлшер семантикалы бірліктерді «мөлшер мәнді тілдік бірліктер» деген ортақ
атаумен береміз. Ал лексикалық деңгейде қажетіне қарай «мөлшерліктер»,
«мөлшер мәнді сөздер», «мөлшерлік лексема», «өлшем бірліктер», «мөлшер»
ұғымын білдіретін сөздер деген атауды қолдансақ, грамматикалық деңгейде
«мөлшерлік форма», «синтетикалық форма», «аналитикалық форма» атауларын
қолданамыз. Ал жалпы категорияға «сан-мөлшер» де, «көптік» те емес, «мөлшер
категориясы» деген атауды қолданамыз.
Қорыта келгенде, жоғарыда аталған зерттеулер әртүрлі бағытта, түрліше
деңгейде жазылғанына қарамастан, мөлшер категориясының тілдік табиғатын
тануға көп септігін тигізері даусыз. Сондай-ақ мөлшер категориясының көп
қырлы, сан салалы, аса ауқымды тілдік категория екендігін көрсетеді.