Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы


Түркиядағы «әріп төңкерісі»



Pdf көрінісі
бет14/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Түркиядағы «әріп төңкерісі» 
Түрік тілі латын әліпбиіне 1928 жылдық 3 қарашасынан бастап алты 
айдың ішінде Мұстафа Кемал Ататүріктің «қару және тақта» саясатының 
күшімен өткенімен латын қарпіне ауысу мәселесі 1862 жылдан басталған 
болатын.
Алғаш рет латын әліпбиін таңдау туралы тілге тиек еткен Муниф 
Ефенди мырза еді. Оның бұл туралы пікірін қысқаша жеткізетін болсақ, 11 
май 1862 жылы ғылыми конференцияда әліпби тақырыбында сөз қозғалды. 
Мырза араб әріптерін қайтадан жаңарту, жазу мен оқуды оңай жолмен шешу 
туралы өз ойын былай жеткізді: «Европалықтардың жазуында еш қиындық 
жоқ, барлық оқушы білім ала алады, 6-7 жастағы баладан ер адам, әйел адам, 
қарапайым халықтан жұмыс жасайтындарға дейін барлығы жақсы, қатесіз 
оқып-жазуды үйренеді» дей келе, алдағы уақытта Түрік мемлекетінің 
халықаралық байланысын нығайту үшін еуропалық (латын) әліпбиді 
таңдауға ұсыныс жасады. 
Мешрутиет кезеңінде, әріптердің жаңартылуы мен әріптердің бөлек 
таңбалануы тақырыбы қайта қозғалды. Атақты түрік жазушылары Хусейін 


33 
Джахит (Ялчын), «Ичтихад» журналының редакторы Доктор Абдуллах 
Джевдет, журналист Джелал Нури, Кылычзаде Хаккы секілді зиялы қауым 
латын әліпбиінің тиімділігін және осы негізде түріктің жаңа алфавитін құру 
жолында батыл қадамдар жасап өз пікірлерін жариялады. Өйткені ол дәуірде 
Түрік мемлекетінде әліпбиі мәселесін қозғау, жазуды өзгерту туралы пікір 
айту, бұл тақырыпта қалам алу шынымен де мәдени батылдық болатын. 
Зиялы қауымның ойынша, Түрік елінде қалыптасқан мынадай стереотиптік 
түсінікті жоюдың уақыты келді деп есептеді. Себебі, түріктердің танымында
араб әріптері Алла тарапынан жіберілді деген ұғым, оқу-жазу дін үшін керек 
деген жаңсақ сенім терең сіңген болатын. Осы жаңсақ сенімнің кесірі, Түрік 
мемлекетінің тіл арқылы әлемдік мәдениетке жетуіне, ғылыми-техникалық 
прогреске ілесуіне кедергі болды. Латын әліпбиіне ауысу туралы осындай 
алғашқы пікірлер пайда бола бастағаннан кейін «латын алфавиті 
қабылданатын болса ескі Ислами ғылым мен мәдениетті жоғалтамыз» деген 
ой, «өткенмен байланысымыз үзіледі» деген пікірлер туындай бастады. Бұл 
пікірлерге берілген жауап ретінде 1921 жылы 4 жазушысынан біреуі Джелал 
Нури алдымен «Тарих-и Истикбал (Болашақтың тарихы)» атты кітабында 
былай дейді: 
«Алтайларға дейін барғанша, қазіргі мүшкіл жағдайда болған Түрік тілі 
мен әдебиетін тазартсақ, дамытсақ, Түрікшілдік атына көп нәрсе жасаған 
боламыз. Мысалы, Сами тілдері мен тіліміздің рухына сәйкес келмейтін 
әріптерді (араб әріптерін) алып тастайық. Әмбебап латын әріптерін алайық. 
Араб әріптері Араб пен еврей сияқты Сами тілдері үшін қажет. ....... Түрік 
тіліміз араб тілінің ішінде болғанымен өзінің Тұрандық негізін жоғалтқан 
жоқ. Сами тілдерінен гөрі Европа тілдеріне келеді. Бізге латын әріптері 
секілді бөлек жазылған әріптер қажет. Тілде, әдебиетте, әріпте, пікірде 
төңкеріс жасайық. Барлық бауырларымды латын әріптерінің қабылдануы мен 
Түрікшілдіктің дамуы мен артуына шақырамын» [26]. 
Ұлттық күрес жеңіспен аяқталған соң Анкарада Түріктің Ұлы Ұлттық 
Мәжіліс үкіметі құрылғаннан кейін 21 ақпан 1923 жылы Измирде Казым 
Карабекир Пашаның басшылығымен «Ұлттық Экономика Конгресі» болды. 
Бұл жиында экономикалық және әлеуметтік бірнеше мәселелер туралы 
келіссөздер туындады. Осы келіссөздер барысында «Латын әрпінің 
қабылдануы» жайында Конгрестің ішкі делегация мүшесі Измирлік Назми
мырза ұсыныс жасады. Бірақ бұл тікелей төрағаның «Латын әріптері Ислам 
бірлігін бұзады» деген қарсы пікірімен оларға жалпы жиында өз ойларын 
айтуға мүмкіндік бермеді. Конгресс төрағасы Казым Карабекир паша осы 
тақырыптағы ойларын барлық жұртқа айтты. Пашаның «Латын әріптерін 
қабылдамаймыз» тақырыбындағы Хакимиет-и Миллийе газетінің 5 наурыз 
1923 жылғы санында жариялаған мақаласында былай дейді: «Осы пікір бір 
уақыттарда Европада белең алды. Бұл ағым сол жерден басталды. Біздің 
Ислам әрпіміз жеткіліксіз екен, сол үшін де латын әрпін енгізуіміз қажет 
екен. Ол жердегі кейбір достарымыз осы пікірді қолдайды екен. Алайда 


34 
нәтижеде, мұның қиын екенін, өкінгендерін айтады. Осы пікірдің қиын 
екенін Албаниядағы жұртшылық та кеш түсінді. Осы жөнінде біздің 
пікірімізді сұрағандар да болды. Достар, қазір қандай шетелдікпен 
жолықсаңыз айтатыны біреу-ақ: Түрік тілі өте әдемі тіл, оңай, бірақ әріптері 
жаман. Бір күш бар, ол күш бар әлемге қарсы үгіт жасайды: Түрік жазуы 
оқылмайды, қиын. Латын әрпінің қабылдануы мүмкін бе? Қабылданған 
жағдайда қиын күй кешеміз. Бәрінен бұрын, кітапханамызда тұнып тұрған 
кітаптарымыз, тарихымыз және мыңдаған томдық туындыларымыз бір 
тілмен жазылып тұрғанда, таңбаларды мүлдем басқаша әріптерді қабылдаған 
күні үлкен бір апатқа жолығамыз. Бұл демек барлық Европаның қолына 
күшті қару ұстатқандай боламыз, бұлар Ислам әлеміне былай дейді: Түріктер 
басқа жазуды қабылдады, Христиан болды. Міне, дұшпандарымыздың 
шайтани пікірі осында жатыр» [27] деп латын әліпбиін қабылдаудан 
туындайтын халықаралық саяси олқылықтарды осылайша түсіндіреді. 
Казым Карабекирдің осы пікірінен кейін латын әрпін қабылдағысы 
келмейтіндердің саны артты. Алайда бұл пікірді қолдайтындар да кездесті.
Кылычзаде Хаккы мырзаның мақаласында: «Жоғары білімді, көзі 
ашық Казым Карабекир ғылыми мәселе болған латын әрпін қабылдауға 
қарсы, себебі Ислам әлемі не дейді? деп отыр. Біздің мемлекетімізде жалпы 
оқу, сауат ашу бірыңғай дамымаған. Өйткені әріптеріміз бұған кедергі 
болады. Балаларымыз мектепте 3-4 жыл оқиды, алайда дұрыстап оқи 
алмайды. Тек балаларымыз емес, әрбіріміз әр сөзді дұрыстап дыбыстай 
алмаймыз. Мұндай тіл, мұндай білім бола ма? Ауыл баласы қаншама жыл 
мектепке барып ештеңе үйрене алмаса не үшін уақытын бос өткізеді? Газет 
оқи алмайды, кітап оқи алмайды» [28] деп елдегі халықа ағарту жайын 
өзгерту үшін латын әліпбиіне көшуді қолдатынын білдірді.
Осыдан кейін әріптерді ауыстыру мәселесі қайта-қайта айтыла берді. 
Дегенмен, көпшілік түрік зиялыларының көкейінде мынадай күдік, 
қорқыныш болғаны рас: «Әлемде осыған ұқсас бір тәжірибе болғанын білсек, 
яғни мәдениет, қанша ғасырғы кітап пен кітапханасы бар бір халықтың бұдан 
да оңайы бар екен ғой деп ауыса салғанын көрген болсақ, ең болмағанда 
салыстырмалы түрде бір пікір немесе жорамал айтуға мүмкіндігіміз болар 
еді. Мұндай тәжірибе болмағаннан кейін ия немесе жоқ деу үшін аса 
батылдық қажет» [29]. 
Латын әрпін қабылдағысы келетіндердің дәлелдері мынадай болды: «1) 
жазуды әрең үйренеміз, 2) емлеміз қиын, 3) шетелдіктер тілдегі әрпіміздің 
қиын болғаны үшін үйренуге құлқы жоқ, 4) азды-көпты білім 
алғандарымыздың өзі бір мақаланы қате-қате оқиды». Осы түрік жазуындағы 
қиындықтарды шешу мақсатын басымдық етіп, латын әліпбиіне көшу басты 
түрткі болды. Және де түрік мемлекеті латын графикасына ауысса, бұл 
жаңалық «арабтар, ирандықтар және басқа да Тұран тайпаларына да 
(Қазақтар, Башқұрттар, Өзбектер, Татарлар және Азербайжандықтар) үлгі 


35 
болып, емлелерін түзелтетініне күмән тудырмас еді» деген стимул (ынта, 
талпыныс) да болды. 
Республика үкіметі әріп төңкерісін жасамас бұрын қолданып жүрген 
сандарды өзгерту, Латын негізіндегі сандарды қабылдаудан бастады. 1928 
жылы май айының соңында Үкімет, Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісінде 
төмендегі заң ұсынысын алға тартты: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет