19
- білім беру үдерісінің санитарлық-гигиеналық шарттары мен дәрігерлік-
сауықтыру бағыттары;
- білім беру үдерісіне психологиялық қолдау көрсетілуі;
- педагогтар мен жетекшілердің кәсіби құзыреттілігі;
- педагогикалық ұжымның әлеуметтік институттармен өзара әрекеттері;
- балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамыту мәселесінде мектепке дейінгі
ұйымдар мен отбасының бірлескен әрекеттері;
- мектепке дейінгі ұйымдарды инновациялық басқарудың ұйымдастыруы;
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту – негізінен білім мазмұнының
мәнін ашу және оны дұрыс таңдай білу, бiлiм мазмұнын жүйелеу, білім сапасын
арттырумен және оны қалыптастыруда дәстүрлі әдіс- тәсілдердің орнына жаңа
педагогикалық технологияларды пайдалана білумен де тығыз байланысты.
Мұнда Ресейлік ғалымдар: В.В.Рубцов, А.Г.Асмолов, «балалар көп нәрсені тек
қана үлкендерден ғана емес, бір-бірімен қарым-қатынас арқылы да үйренеді»
десе, А.П.Усова, Н.Н.Поддьякова, А.Н.Поддьяков, «балалар әр түрлі обьектіні
өздігінен зерттеп, қарап көру барысында, тәжірибелік іс-әрекетте жан-жақты
дамиды»-деп дәлелдейді.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдерісті
зерттеуші ғалым Н.Ю.Вознюк: білім мазмұнын жаңарту мәселесіне жүйелі
талдау жасаған. Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістің мәнін
ашып, ұйымды басқарудың тиімді жолдарын ашып көрсеткен.
Г.П.Щедровский. «білім берудің мазмұнын жаңарту оқу пәндерінің
аясындағы өзгертумен шектелмеуі қажет, ол бүкіл адам білімдері жүйесінің
мазмұны мен ұйымдастыру формаларын қамту қажет» деген ойды айтады.
Г.И.Ильин: «оқу көздерінің жаңа көздері пайда болуда: пресса, радио, көп
арналы теледидар, аудио–бейнетаспалар, интернет. Сол себепті педагогикалық
үдерісті әлеуметтік, әдістемелік тұрғыдан кең көлемді қарастыруымыз керек»
деп есептейді.
Р.Р.Витчинкина: Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың жеке тұлға ретінде
дамуын теориялық тұрғыдан негіздеп, мектепке дейінгі жастағы бала
дамуының моделін жасаған, осы жастағы даму өлшемдері мен көрсеткіштерін
анықтап, оны жүзеге асырудың әдіс–тәсілдерін нақтылап, белгілеп берген.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог тәрбиешілер баланың жеке басының
сапаларын дамытуға арналған бағдарлама ұсынған.
С.В.Жундрикова, М.Х.Мизова, И.Б.Бичева, Е.А.Аникудимова т.б. мектепке
дейінгі тәрбие мамандарын дайындаудың мазмұны мен тиімді әдіс-тәсілдерін,
формалары мен құралдарын айқындап, оның мектепке дейінгі тәрбие жүйесіне
тигізетін ықпалын өз зерттеулерінде дәйекті дәлелдеген. Болашақ мектепке
дейінгі ұйымдар педагогтарының кәсіби тұлғалық дамуының сабақтастығы
және Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сыныптардағы білім мазмұны
сабақтастығы мәселелері жан-жақты қарастырылған.
Қырғыз қыздарынан алғашқы шыққан педагогика ғылымдарының докторы,
ғалым ұстаз М.Р.Рахимованың еңбектерінің көбі жас балаларға, яғни мектепке
дейінгі жасқа арналып, тәрбие жұмыстарында басшылыққа алынуымен құнды.
Атап айьқанда: «Балаларды ерте еңбекке тәрбиелеу», «Балабақшада балаларға
20
оқитын кітап», «Қырғыз жазушыларының балабақшаларға жазған еңбектері»
т.б
зерттеулерімен
қоса
мұғалім
дайындаудағы
проблемалар
мен
педагогиканың тарихына байланысты мәселелерді қарастырғандығы атап
көрсетілген. Бұл еңбектерден біздің зерттеуімізге байланысты қырғыз еліндегі
мектепке дейінгі тәрбиеде білім мазмұнын айқындаудағы оқу әдістемелік
құралдарды тәжірибеде пайдалану мүмкіндіктерінің кең екендігін байқаймыз.
Жалпы орта білім беру мазмұнын жан-жақты зерттеген отандық ғалым
М.Ж.Жадринаның ебектерінде білім берудің мәні мен маңызын ашып көрсете
отырып, ғылыми-әдістемелік, дидактикалық тұғыдан негіздейді. Оқу пәндерінің
вариативтік және инварианттық бөліктері негізінде білім мазмұнын
қарастырады. Инварианттық бөлік оқу пәндері мазмұнының негізгі компоненті,
сол арқылы пәнді оқытудың мақсаты жүзеге асырылады деп есептейді. Ол
негізгі ережелер мен заңдылықтарды, теориялар мен бөлімдерді және
тақырыптарды қамтиды.
Мектептегі білім мазмұны қоғамдық құндылықтың көрнісі тұрғысынан
зерделеген ғалым С.Д.Мұқанова: өзінің еңбектерінде шет елдік және отандық
ғалымдардың мектептегі білім мазмұнына сәйкес тұжырымдамалары мен
анықтамаларына талдау жасай келіп, 12 жылдық білім берудің жеке тұлғаға
бағдарланған үлгісі, заманауи педагогикалық тұжырымдамасы дайындалып,
қоғамдық сұраныстарды, талаптарды қамтамасыз ету жолдарын қарастырды.
А.А.Бейсембаеваның еңбектерінде: педагогикада білім беру мазмұны өте
күрделі көп қырлы түсінікте беріледі. Ғалымның пікірінше, білім беру мазмұны
дегеніміз–жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді
меңгеруі мен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, ақыл-
оймен сезімді дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру–деп
пайымдайды.
Білім мазмұнын анықтауда, жалпыға міндетті білім беруде, оның ғылым мен
техниканың және мәдениеттің даму деңгейіне сай болуын қамтамасыз ету
мақсатында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жетілдіру аса қажет болуда.
Білім мазмұнын іске асыру барысында аға ұрпақтың жинақталған тәжірибесін
болашақ ұрпаққа меңгерту, сонымен қатар әлеуметтік–мәдени тұрғыдан
мазмұнын дамыту мақсатында ғылым туралы толық мәлімет беру (білім
мазмұнының теориялары, заңдары, ұғымдары т.б) білім мазмұнының ғылыми
және практикалық мәнін ашу, білім алушылардың жас және дара
ерекшеліктерін ескеру, әртүрлі пәндерді оқытуда берілген мерзіміне, көлеміне
қарай беру, білім беру мазмұнын әлемдік тәжірибемен ұштастыру, мектепке
дейінгі ұйымдардың оқу-әдістемелік және материалдық базасына сай құру
қажет. Білім беру мазмұнын жаңартудың мақсаты қашанда қоғамның
қажеттілігін, жеке тұлғаның сұранысы мен қызығушылығын қанағаттандырып
отыруы тиіс. Осыған орай,
мектепке дейінгі кезеңдегі білім мазмұнын
Достарыңызбен бөлісу: