Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі санаттарына сипаттама беру



Дата28.01.2022
өлшемі16,21 Kb.
#24494

  1. Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі санаттарына сипаттама беру.

Мектепке дейінгі педагогика – баланы туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі тәрбиелеу , дамыту.

НЕГІЗГІ САНАТТАРЫ:

Әлеуметтену - бұл іс-әрекетте жүзеге асырылатын жеке тұлғаньң әлеуметтік тәжірибесін игеру процесі жәнеде оның нәтижесі.

Даму - әртурлі факторлардьң, оның ішінде тәрбиенің әсерінен болатын сапалық өзгерістер.

Мектеп жасына дейінгі балалардьң жас ерекшеліктеріне сипаттама (даму ерекшеліктері), жеке даму (өзіндік ерекшелігі), жеке тұлғальқ даму (жеке қасиеттерін дамыту, және ерекшеліктері).

Жас ерекшелік даму дегеніміз баланың ерекшеліктері және дамуы

Жеке даму – ол әрбір баланың даралық ерекшеліктері

Жеке тұлғалық даму деп - мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғальқ қасиеттерінің пайда болуын айтамыз

Оқыту - бұл ақпарат беру, өңдеу және жаңасын жасау үшін бағытталған ересек (мұғалім, ата-ана және т.б.) балалармен өзара әрекеттесудің арнайы құрылған процесі. Бұл кезде балалардың танымына қарай ақпаратпен жұмыс істеуде арнайы дағдылар мен ептіліктерін қалыптастыру және адамгершілік мінез-құлық әдеттерін дамыту ол өте маңызды.

Білім - әлеуметтік тәжірибені берудің жетекші тетігі. Білімнің қазіргі заманғы түсінігі адамның әлеуметтік маңызы бар тәжірибесін мeңгepyдi, білімге, шығармашылыққа жәнеде эмоциялық құндылыққа бағдарлауды қамтиды.

2. Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары.

2016 жылы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды әмбебап құндылықтарға баулу үшін баланың бойына оң әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылды. Бала тұлға болып қалыптасуы үшін, тұлғалық мәдениет критериясы құрылды. Бұл критерий 4 бөлімнн тұрады және бала яғни болашақ жеке тұлғаға ең қажетті 4 пукнктті қабылдады. Ең бірінші дене тәрбиесі, екінші ақыл-ой тәрбиесі, үшінші адамгершілік тәрбиесі, төртінші эстетикалық тәрбие болып табылады.

Ақыл ой тәрбиесі дегеніміз– баланың білім деңгейі мен таным деңгейін қалыптастыруға бағытталған арнайы педагогикалық үдеріс. Баланың ақыл-ой тәрбиесі әдетте оның басқа адамдармен қарым-қатынасы кезінде, ойын ойнау кезінде дамиды. Ақыл ой тәрбиесінің негізгі мақсаты-баланың ақыл ойын және интелектуалдық қабілетін дамыту. Ақыл ой тәрбиесінің негізінде балалардың қызығушылығы артады, логикалық есте сақтау, ойлау сынды қабілеттері және икемділігі мен дарындылық қабілеттері жетіле түседі.

3. МДҰ Кюзенер таяқшаларын пайдалану әдістемесі



Жалпы Кюзенер сөзінің шығу тарихына көз жүгіртіп өтейік. Кюзенер Бельгиялық математик болған. Сол кісі әлемге танымал дидактикалық құрал ойлап тапты. Кюзенер таяқшалары—бұл балалабақшадағы балалардың математикалық және логикалық ойлау қабілетін жақсартатын ойын түрі. Ол таяқшалар түрлі түсті пішінде, түрлі сандар бейнеленген. Бала сол таяқшаның түсін, пішімін, қандай сан екенін табу қажет. Осы ойын арқылы балаға, таяқшалардың қасиеті, логикалық ойлау қабілеті, ойын арқылы қызығушылықтарын арттыру түсіндіріледі. Ата аналардың осы ойынды ойнатқандағы бір қателігі, таяқшаға қандай сан екінін белгілеп, жабыстырып қояды, әрине бұл дұрыс емес. Бала оны өзі табу керек. Сол кезде оның ойлау қабілеті жұмыс жасайды. Сол таяқшаға магнит жабыстырып қоюға болады. Ол балаларғада ыңғайлы. Және ойыншықтардың қорапшасы болғаны дұрыс, балаға ойнап болып жинауды және түстеріне байланысты бөліп жинауды үйретіп, әдетке айналдырады. Жалпы қорытынды айтатын болсам, бұл Кюзенер таяқшалары арқылы, баланың есте сақтау қабілеті, салыстыру ұзын, қысқа және түстерді ажыратады. Бұл ойын сәбилер тобымен ересек топтармен жұмыс жасағанға қолайлы ойын түрі.

Кюзенер таяқшалары баланың санау қабілетін дамытып қоймай, түстердің атауын, пішімдердің түрлерін, олардың атауларын біледі. Санауды үйретудің тиімді тәсілі осы ойын түрі деп ойлаймын. Оны бала ұмытып қалмау үшін, жиі қайталатып тұру қажет. Кей бала көзбен жаттап алады түстерді, кей бала жадында жаттайды. Екеуінің жаттау қабілеті осы ойынның жиі қайталануынан. Сандар ғана емес, жан жануарларды да қолдануға болады. Олардың атауын, түсініп біліп жаттайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет