Монография «Елтаным баспасы»


Сондықтан кез келген ұғым, сөз концепт бола бермейді. Концепт



Pdf көрінісі
бет35/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   162
Байланысты:
Монография «Елтаным баспасы»

Сондықтан кез келген ұғым, сөз концепт бола бермейді. Концепт 
болу үшін белгілі бір ұғымға қатысты ұлттың мəдени көрсеткіші 
болатын тілдік дерек – лексика-семантикалық тақырыптық топ, 
сондай-ақ, менталдық мінездемені қажет ететін жəне философиялық 
мазмұнды, логикалық бағдары бар ұжымдық білім көрсеткішіне 
негізделген күрделі құрылымды бірлік болу керек.
Концепт белгілі бір ұлт мəдениетіне тəн болғандықтан, сол ұлт бей-
несін көрсететін салт-дəстүрлер көрінісі, ұлтқа тəн таным мен білім 
сияқты ерекшеліктеріне қарай жетілдіріліп отырады. Мысалы, 
ана
ко-
цептісіндегі мазмұндық ақпараттар арасындағы «Батыр ана» немесе 
«көкек ана» тіркестері осыған дəлел.
Концепт туралы айтылған ой-пікірлерді сараптап, тұжырымдай келе, 
концептінің ең басты өлшемдерін айта кету керек. Олар: 
ü
бейне
лілік, 
ü
 ұғымдық, 
ü
 құндылық.
Концептінің бейнелілігі – бұл заттар мен құбылыс, оқиға сипатта-
рын көру, есту, сипау, иіс, дəм арқылы тəжірибелік біліміміздің дара 
қасиеттерімен біздің жадымызда сақталуы. Бұлардың барлығы түрлі 
бейнелер, олардың түрлі қасиеттері арқылы танылады, əрі фреймдік 
құрылымды жасауға негіз болады. Дүние суретін қалыптау үшін түрлі 
бейнелер қонцептілік құрылым түзеді. Ал бұлардың барлығы фразеоло-
гизмдерде сипаттау арқылы жүзеге асырылады. 
Мысалы, адамға қатысты: 
ер
 
– 
еркек кіндікті
(ұл, ер адам)

ердің ері, егеудің сынығы
(тектінің ұрпағы, жақсының көзі)

əйел
 
– 
бес биенің сабасындай 
(толық, етжеңді əйел),
жігіт
– 
қыз мінезді жігіт
(момын, сыпайы жігіт)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет