63
• Ал, қалтасы қалыңдар… жүр ғой талтаңдап. Жемқорлар, парақорлар…
(Ш.Мұртаза. «ЕҚ» 26.ХІІ.97. Адам құны).
ҚАЛТАСЫ КӨТЕРЕ БЕРМЕУ
– шамасы келмейді деген мағынада
• Ауыл-ауылдағы колхоз, совхоздар таратылып жатыр. Бұрынғыдай
тұрақты алып отырған жалақылары тағы жоқ. Жеке шаруашылықты
құрамын деушілер екінің бірі емес қазір...
Оған көпшіліктің қалтасы
көтере бермейді («ЕҚ» 7.03.95).
ҚАЛТАҒА ТҮСУ
– біреудің мүлкіне, затына қол салу, ұрлау
• Ақымақ, екінші рет біреудің қалтасына түсуші болма! – деді де…
тамақ ішуге жүріп кетті (Д.Ис. 2 т.).
Келтірілген мысалдарда «қалта» сөзі арқылы ақша, байлық ұғымдары
ассоциацияланған. Ал ақпараттық мағыналық бөліктеріне келетін болсақ,
ежелгі қазақ мəдениетінде киім үлгілерінде қалта болмаған. (Қалтаға
салатын ұсақ-түйек заттар: кілт, ақша т.б. мəдениет үлгілері де
ол кезде
жоқ). «Жең ұшынан жалғасу» фразеологизмінің астарында қалтаның
қызметін жең атқарғандығы байқалады. Бұл бірінші мағыналық бөлік
десек, екінші бөліктегі ассоциация бойыша коннотациялық белгілердің
жан-жақтылығы көрінеді.
Əдетте фреймдер бір-бірімен жеке дара өмір сүрмейді. Суретте-
летін немесе бейнеленетін нақты жағдаяттар тілдік танымда əр түрлі
ұғым-түсініктермен сипатталады. Талдауларға қарағанда,
фреймдік
құрылымдар иерархиялық түрде ұйымдасады. Əлем суретін «фразео-
логизмдермен тану» бала жастан-ақ этномəдени кодпен қабылданады.
Мысалы, «бес биенің сабасындай» – толық етжеңді адам. Бірақ
тек əйел адамға ғана қатысты айтылады. Тіркес мағынасына қарай,
ақпараттық мағына этномəдени кодқа салынған.
ü
«Саба» мəдени лексика, қымыз құюға арналған жылқы терісінен
арнайы иленіп, жасалған ыдыс.
ü
«Бес биенің» деуіне қарағанда көлемді, үлкен ыдыс.
ü
Келген адамдарға сол үй иесінің бəйбішесі немесе əйелдер
қымыз
құюы тиіс.
ü
Қымыз құюшының толықтығы сабаға ұқсайды.
64
Толық, етжеңді əйел адамның сырт кейпі дағдылы көріністермен,
фразеологиялық суреті осылай танылып, қалыптасады.
Адамның затқа, əрекетке, қалыптасқан танымымен көзі жеткен
шындық болмысқа қалай жəне қандай жағдайда назары түсуі мүмкін.
Демек, сондай жағдаяттардың санада тұрақталып қалуына байланыс-
ты «назары түскен» лингвомəдени көрініс жеке фразеологизм ретінде
немесе оның варианттары, синонимдері, фразеосеманиткалық топтары
арқылы тілде көрініс табады.
Егер көруші, қабылдаушы, естушінің назары əлдебір фрейм туралы
түсінігі бір-бірімен өте тығыз байланыста болса онда фразеологиздердің
варианттарымен жүзеге асырылады. «Жылау» фреймінің жанама-туын-
ды вербалдануы:
көздің /көзінің/ жасын көл қылу/ көздің /көзінің/ жасын
бұлау/ағызу/көз жасы көл болу/ көздің жасын көлдету;
Фреймдегі түсінік өте тығыз байланыста болмай,
жеке қабылдау
көріністерімен ерекшеленсе, онда мағыналас фразеологизмдермен вер-
балданады.
Мысалы:
ЖƏРДЕМ БЕРУ, КӨМЕКТЕСУ –
• Ат салысу
• Ат сауырын беру
• Жанын тындыру
• Жылу жинап беру
•
Қанатымен су себу
• Қол ұшын беру
• Себін тигізу
• Шапағаты тию
Қабылдаушының фрейм түсінігіне қатысты назары бір-бірімен
мағыналық жағынан пəлендей байланысы жоқ, əр түрлі тіркестермен
беріледі, бірақ бір фразеосемантикалық топтан көрінеді. Мысалы,
«сыйлау» фреймінде қонаққа шақыру да бар, сыйлау құрметтеу де бар.
Барлығын бір фразеосемантикалық топқа біріктіргенде:
• Дəм –
ауыз тигізу
• Есік /төр/ көрсету
• Сыбаға тарту
• Сый – сияпат көрсету
65
ҚҰРМЕТТЕУ, СЫЙЛАУ
–
•
Алдынан қия өтпеу
• Асты – үстіне түсу*
(қызмет көртсету)
• Бəйек болу*
(қызмет көртсету)
• Қадыр тұту
• Қошемет көрсету
Қазақ фразеологизмдерінде «сыйлау, құрметтеу» фреймдері осындай
менталдық бірліктермен бір семантикалық топта сақталған.
Ал адресат назары фреймдердің қарама-қарсы жақтарына шоғырланса,
онда жанама-туынды аталымдар қарсы мəнді фразеологизмдерді жасай-
ды. Мысалы:
• Ауырдың
Достарыңызбен бөлісу: