бордақ шай – сүтсіз шай,
бордама шай, қайырылған шай – ұнды майға қуырып алған соң,
үстіне қара шай құйылып дайындаған тағам.
Əрине, бұларда ешбір бейнелілік жоқ, тек атау бар. Ал мына тіркес-
термен :
Күн алу – рұхсат алу
Базар күні – демалыс күні
Сүт қозы – кенже туған қозы т.б.
Жəне кəсіби лексикамен:
боз жер – тың жер, бау арық, желке арық (арықтың түрлері)
салыстырғанда:
Құйрық суын үзбеу – арықтамау
Жиде қағып шығу – тоңып шығу
Тірсек сөз – қыңыр сөз
Ақ үйлі болып кету – азып-тозып кету
Сезім қыдырту – ұнату, көңілі ауу
Қалпақ кию – кінəлі болу
Битке пышақ суыру – болысмыз нəрсеге ашулану т.б.
диалектілік фразеологизмдерге бейнелілік жəне құбылысқа қатысты
адресанттың өзіндік көзқарасы, оқиғаны сипаттау барысындағы
эмоционалдық пен экспрессивтілік тəн.
Əдеби тілдегі фразеологизмдер сияқты диалектілік тұрақты
тіркестердің тақырыптық-семантикалық топтары ұқсас. Тілдік дерек-
204
тер ретінде жинастырылған, сөздіктерде тіркелеген фразеологизмдер
адам, оның тұрмыс тіршілігін, өмір сүру ерекшеліктеріндегі салт-
дəстүр, психикалық жай-күйін жəне басқа ұлттардан ерекшелендіретін
менталдық болмысын көрсетеді.
Жалпы диалектілік фразеологизмдер тілде өмір сүре беретін құбылыс.
Алайда олардың əдеби тілге енуі, тұрақталып қалуы қиын. Жазушылар,
қаламгерлер əдетте көркем шығармада, мəселен, кейіпкер тілінде белгілі
бір стильдік мақсатпен ғана қолданады. Онда да ауызекі сөйлеу стилінің
аясында жергілікті тіл ерекшелігі ретінде көрінеді. Шығармада бастан
аяқ дилектілік лексика мен тіркестердің орын алуы көркем дүниенің тілі
шұрайлы екен деуге келмейтін, керісінше автордың кемшілігі ретінде та-
нылады. Диалектілік тіркестердің кейде бұқаралық ақпарт құралдарында
да жиі кездесетіндігі байқалады. Алайда əдеби тіл нормасы қашанда тіл
тазалығын жоғары қояды.
205
Достарыңызбен бөлісу: |