Семантикалық өзгеріс. Мұнда фразеологиялық бірліктің компонентер құрамы сақталады,
бірақ қолданылуына байланысты оның мағынасы өзгереді.
Мысалы:
• Аузын шөпке жеткізбей көтере байлаған аты тілін тістеп аш қалған қонақ оның үйіне екінші қайта өзі де жоламауға тырыса- тын (Ж. Ахмади).
1) тілін тістеу– сөйлемей қойды, ойына, пікіріне тыйым салды
[ҚТФС, 1977, 535; 2) тілін тістеу – нəр сызбады, ашығу деген мағынада
айтылады. Фразеологизмдердегі полисемияның көрінісі.
Лексика-семантикалық өзгеріс. Мұнда тіркестің жартылай лексикалық құрамы, сонымен қатар,
фразеологиялық бірліктің мəні де өзгереді.
Мысалы:
• Аспаннан айы құлап тұрған ана тілін төрге оздыруда тым созы-
лып кеткен былқыл-былқылды енді Елбасы төбеге ұрғандай ғып
тоқтаса ғой. (Ж.Сабыржанұлы).
• Мырзан жүзін суытып ала қойды да, қабағын түкситіп орнынан
тұрды.Бетіне қан тепті.(Б.Мұқаи).
Бірінші мысалда Аспаннан айы құлап – жолы болмау, істеген істің
кері кетуі. Ал қалыптасқан тіркестер аспаннан түсу (аяғы салбырап