98
Ұлт тіліндегі фазеологиялық қордың осындай авторлық ерекше
сөз қолданыстары арқылы фразеологизмдердің жасалуындағы жаңа
толықтырулар – шын мəнінде басқа мəдениет үлгілерін адамдардың өз
қолымен дүниеге əкелуі, олардың қызмет етуімен ортаның өзгеше тір-
шілікке бейімделуін көрсетеді. Мұндай өзгерістер алдымен лексикада
көрінсе, бара-бара фразеологиялық бірліктер құрамына ауысады. Со-
нымен, бұл жаңарулардың басты себептері: экстралингвистикалық жəне
лингвистикалық.
Экстралингвистикалық себеп – кейбір ұғым-түсініктердің ескіруі,
жаңа ұғымдардың пайда болуы десек, лингвистикалық себептерге тіл-
дегі түрлі өзгерістер, тіпті пуризмдердің орын алуы, варваризмдердің
дендеп енуі
(базар жоқ, косякқа кіру, крышасы бар, танкісі бар). Кел-
тірілген мысалдардың екі факторға да қатысы бар. Аз топтардың (мы-
салы, орыстардың) территориялық жəне тілдік қатысы мен жергілікті
топтардың (қазақтардың) өзара əлеуметтік байланысын байқататын мо-
тивтер деп айтуға болады.
Мысалы:
Бөшке домалату- бочку катить (жала жабу); Көзімен
Достарыңызбен бөлісу: