112
Мақалдап, мəтелдеп сөйлеу, ойын бейнелі сөздермен жеткізу, фра-
зеологизмдермен сөйлеу мүлдем қалып барады. Айтайын деген ойын
жан-жақты, түсінікті, мəнерлі жеткізетін сөздің шырайын кіргізетін
мақал-мəтелдер мен фразеологизмдерді жиі қолданатын ұрпақ азайып
келеді, шынында студент айтқандай, «апам мен атам сөйлейді». Ол
апасы мен атасының балалары, бүгінгі орта жастағылардың о жақ бұ
жағындағылардың тілінде суреттілік бейнесі айтарлықтай қалыптаспаған.
Оның орнын ақпараттық ағындағы үнемделген сөйлемдер басқан.
Орта буын өкілдері жазба əдебиет үлгілерін көп оқыса да, күнделікті
қолданыста оқыған, естіген образды тіркестерді немесе фразеоло-
гизмдерді өте аз пайдаланады. Əке-шеше, отбасы, араласатын ортада
қазақтың төл сөздері болып кеткен мақал-мəтелдер, фразеологизмдер аз
қолданылатындықтан, бірте-бірте ұмытыла бастайтыны заңдылық.
Ал жастар тілінің сөйлеу мəнері күн өткен сайын шұбарланып,
түсініксіз сөйлемдер басты. Бұл сөйлемдер ішінде бейнелілігі ешбір
ақылға сыймайтын «фразеологизмдер» жетерлік. Мысалы, жастар тілінің
шұбарланғанын бөтен тілдегі сөздерді қосып, варваризмдермен сөйлеуі
ғана емес, қазақтың сөйлеуіне тəн тұтас тіркестер де сөйлеу тілінде əбден
бұзылып барады.
Кейбір тұрақты тіркестер, мəселен,
поставить на место – орнына
Достарыңызбен бөлісу: