Моөж пән атауы: «Сапаны басқарудың халықаралық стандарттары» Тақырыбы



бет2/6
Дата02.10.2023
өлшемі101,8 Kb.
#112654
1   2   3   4   5   6
ИСО 9001:2000 Сапа менеджменті жүйесі – Талаптар;
ИСО 9004:2000 Сапа менеджменті жүйесі – Іс-әрекеттерді жақсарту үшін ұсыныстар. Осы екі стандарт сапа менеджменті жүйесін енгізу мен дайындау үшін негізгі болып табылады.
ИСО 9000:2000 Сапа менеджменті жүйесі – Негізгі жағдайлар мен сөздік;
ИСО 10011: 2000 Сапа жүйелерінің аудиті бойынша нұсқаулар.
2005 жылы ИСО 9000 стандарты қайта қаралды. 2008 жылы ИСО 9001 стандартына бірнеше өзгертулер енгізілді, қазіргі кезде ол өзгерістер ИСО 9001:2008 төртінші стандарт басылымында әрекет етеді. Өзгерістер мынадай мақсатпен енгізілді:
– ИСО 14001 стандартымен біршама толық келісімділікті қамтамасыз ету;
– стандарттың кейбір жағдайларын түсіндіру;
– пайдаланушылардың кейбір ұсыныстарын іске асыру, нақты емес пункттер мен ескертулерді жою.
ИСО 9004 стандарты 2009 жылдың аяғында қайта қаралды. Қазір ол «Табысқа жетуге арналған менеджмент. Сапа менеджменті негізіндегі әрекеттер» деп аталады. Стандартқа ескермеуге болатын өзгерістер енгізілді. Стандарттың әрекет етуі толықтай кәсіпорын менеджменті бағытында түсіндіріледі.
Қазіргі уақытта ИСО 9001:2008, ИСО 9004:2009, ИСО 9000:2005 стандарттары әрекет етеді.
ИСО 9000 стандартынан басқа қазіргі уақытта сапа менеджменті аумағында тағы 4 жүйе: TL 9000 (телекоммуникация саласындағы талаптар), AS 9100 (аэрокосмостық саладағы талаптар) және QS 9000 (автомобиль жасау саласындағы талаптар), IRIS (теміржол көліктері саласындағы талаптар) қолданылады.
TL 9000 – ИСО 9000 стандарттарының ең жаңа жүйесі, QuEST Forum ассоциациясы жасап шығарған. Стандарттардың берілген жүйесін жасап шығарудың себебі телекоммуникация индустриясы үшін ИСО 9000 стандартын кеңейту қажеттілігі болып табылады. TL 9000 жүйесіне қосымша сенімділік талаптары; программалық қамтамасыздандырудың өмірлік циклін басқару талаптары; қызмет көрсетуді басқару саласындағы талаптар (инсталляция және программалық қамтамасыздандырудың реттеулері сияқты мәселелер ИСО 9000 стандартында қарастырылмаған); тұтынушының жеткізушімен байланысын сақтау талаптары енгізілді.
AS 9100 – бұл американдық аэроғарыштық сапа тобы мен EN 9000-1 еуропалық стандарт жобасының бірлесуі арқылы жасап шығарылған стандарттар жүйесі. Қазіргі кезде Дженерал электрик, Хо­увэлл, Ройлс-Ройс компаниялары өздерінің аэроғарыштық жеткізушілерінен AS 9100 стандарттарына сәйкестікті талап етеді.
QS 9000 – бұл автомобильдік компаниялар жасап шығарған стандарттар жүйесі. Қазіргі уақытта әлемдегі 13 мыңға жуық компаниялар QS 9000 стандарттарының талаптарына сәйкестік сертификатын алған (оның 6 мыңға жуығы АҚШ-та).
IRIS – бұл теміржол көліктерінің сапа менеджменті саласында құрылған стандарт, 2006 жылы жасап шығарылған (International Railway Industry Standart). Ол теміржол кәсіпорындары үшін теміржол техникасын өндірушілер мен өнімді жеткізушілерге базалық жүйені анықтайтын халықаралық стандарт болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет