Жоталық және жартылай жоталық бұлшық еттер қай топқа жатады? Омыртқа жотасының дорсальды бетінде
m. Longissimus(тым ұзын бұлшық ет) бұлшықеті қандай бөліктерден тұрады? 4б: арқа мен белдің, мойынның, бастың, атланттың
Ірі қара малдың тұяғының ерекшелігі-Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада тұяқ сүйектің пішіні үшбұрышты болып келеді. Тұяқ сүйекте латеральды жəне медиальды бүйірлік беттер, ұлтандық жəне буындық беттері ажыратылады.
m. рhrenicus қандай бөліктерден тұрады? Етті, сіңірлі
Бет немесе мимикалық бұлшықеттердің басталуы және аяқталуы - бір ұшымен бассүйектің бет бөлімінің қозғалмайтын сүйектеріне бекиді. Ал екінші ұшымен бас аумағындағы табиғи тесіктер қабырғаларындағы қозғалмалы бұлшық еттер мен теріде аяқталады.
Терінің негізгі қабаты эпидермистен не арқылы ажыратылады?
Терінің негізгі (дерма)қабаты қандай қабаттардан түзілген –сыртқы емізікше, ішкі торлы
Шынтақ буынына әсер ететін бұлшықеттер – иықтың үшбасты, білек шандырын кергіш, шынтақ, иықтың екібасты бұлшық еттері.
glandulae sebaceae(май бездері) қай жерде орналасады? Терінің емізікше қабатында
Құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшықеті қай жерде аяқталады? Құрсақтың төменгі бетінде ақ сызықта??
Қай бұлшықет шынтақты бүгеді? Иықтың екібасты бұлшық еті
Жамбас-ортан жілік буынын бүгетін бұлшықет? Тігінші бұлшық еті
Миология нені зерттейтін ғылым? Бұлшық еттер жүйесін
Түк түбірін (radix pili) сыртынан қаптайтын түк фолликулы қандай қабаттардан тұрады? Түк қапшығы, түк түбірінің қынабы
Биенің желінінің құрылысының ерекшелігі қандай? 4 бөлімді, 2 емшекті
Шайнау бұлшықетінің тобын көрсет – үлкен шайнау, қанатша, самай, қос құрсақты, мойындырық-жақ