Бұлшықет ұлпасының көмегімен байланысу қалай аталады? Синсаркоз
Артқы аяқтың белдеуін құрайтын сүйекті көрсетіңіз: жамбас белдеуі қанқасынан(cingulum membri pelvini), еркін қозғалатын бөлімнің қаңқа сүйектерінен(skeleton membri pelvini libera).
Мықын сүйектерінің басты бөліктерін көрсетіңіз? Денесінен, қанатынан, қырынан
Қандай сүйектер мұрын қуысының түбін түзеді? Таңдай сүйектері
Итте алдыңғы аяғында қанша жіліншік сүйектері бар? 5.
Ит пен шошқадағы бел омыртқалар саны? 7.
Түтікше сүйектердің төменгі бөлігі қалай аталады? Дистальды эпифиз
Қай жануарда жауырынның қыр төмпешігі жақсы жетілген? Жылқы мен шошқада.
Төменде көрсетілген байланыстың шеміршек арқылы тұтасуын атаңыз? Синхондроз
Қандай сүйекте дельталы және дөңгелек кедір-бұдырлар бар? Тоқпан жілік.
Ірі қараның ортан жілігінде неше ұршық бар? 2.
Аяқтың еркін қозғалатын бөлігі қандай звенолардан тұрады? Стилоподий, зейгоподий, автоподий
Синостоз дегеніміз не және бұл байланыс қандай сүйектердің арасында кездеседі? Сүйек ұлпасы арқ. Байланыс, ересек жануарлар бассүйектерінің, құйымшақ омыртқаларының, жамбас сүйектерінің, кейбір тізе және тілерсек сүйектерінің байланысы.
ligamentum longitudinale ventrale омыртқа жотасының қандай бөліктерін және қай жағынан байланыстырады? Соңғы көкірек омыртқаларының вентральды қырынан басталып, құйымшаққа дейін созылып омыртқа денелерін төменгі вентральды қыр жағынан байланыстырады.
articulatio coxae(жамбас-ортан жілік буыны) - қызметі жағынан қандай буын, қандай сүйектер құрайды? Жамбас сүйектің ұршық шұңқыры мен ортан жілік басының байланысуынан құралған қарапайым, көп білікті буын.