Морфология


Бірқабатты эпителий ұлпалары



Pdf көрінісі
бет154/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   1132
Бірқабатты эпителий ұлпалары 

 

Бірқабатты  жалпақ  эпителий  жануарлар  организміндегі  сірлі 

қабықтар  мен  олардың  туындыларын  (өкпеқап,  жүрекқап,  ішперде,  плевра, 

шажырқай,  шарбы,  сірлі  байламдар,  үңгілер),  өкпе  көпіршіктерінің 

(альвеолаларының)  қабырғаларын,  ортаңғы  құлақ  куысын,  ен  торы 

қабырғасын,  бездердің  майда  ендірме  өзектерін,  бүйрек  денешігі  қапшығы 

мен  нефронның  жіңішке  бөлігін  астарлап,  шекаралық  шектеу  қызметін 

атқарады.  Өкпеде  газ  алмасуға,  бүйректе  несеп  бөлуге  қатысады.  Сірлі 

қабықтағы 

бірқабатты 

жалпақ 


эпителийді 

мезотелий 

(мезодерма 

спланхнотомынан  дамиды)  —  деп  атайды.  Бірқабатты  жалпақ  эпителий 

ұлпасын  негіздік  жарғақта  орналасқан  биіктігі  енінен  əлдеқайда  кіші, 

ядролары  сопақша жəне  жалпақ  келген,  тым  аласа  эпителиоциттер  құрайды. 

Сірлі  қабық  мезотелиоциттерінің  тек  ядро  орналасқан  тұстары  ғана  сөл 

көтеріңкі  келеді.  Мезотелийдің  астында  жұқа  борпылдақ  дəнекер  ұлпасы 

болады.  Бұларды  бір-бірінен  негіздік  жарғақ  бөліп  тұрады.  Эпителиоциттер 

қабатының  зақымдануы  көп  ядролы  тым  ірі  мезотелиоциттердің  (амитоз 

арқылы  бөлінеді)  түзілуіне  əсерін  тигізеді.  Мезотелий  көкірек  жəне  құрсақ 

қуыстарының  ішкі  бетін  астарлап,  аталған  қуыстардағы  ішкі  мүшелерді 

сыртынан  қаптап,  олардың  аралығындағы  сірлі  куыстарға  сір  сұйығын  бөлу 

арқылы  мүшелердің  бір-бірімен  өзара  жабыспай  сырғанай  қозғалуын 

камтамасыз етеді. 

 



99 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет