200
ҚАҢКА СҮЙЕКТЕРІНІҢ БАЙЛАНЬІСЬІ
Қаңқа сүйектерінің байланысын зерттейтін ілімді — Syndesmologia
(грек, syn — байланыс; desmos — дəнекер; logos — ілім) — деп атайды.
Сүйектер байланысы (juncturae ossium s. articulationes) жануарлар қаңқасы
сүйектерінің
бір-бірімен
өзара
белгілі
заңдылықпен
байланысуын
қамтамасыз етеді. Жануарлар қаңқа сүйектерінің байланыс түрлері, олардың
организмдегі атқаратын қызметтерімен тікелей байланысты. Егер де сүйектер
организмнің тіршілігіне тым қажет мүшелерді қорғау қызметін атқаратын
болса, мысалы, ми сауыты, онда сүйектер байланысы шектеулі қозғалысты
немесе қозғалмай байланысуды қамтамасыз етеді, яғни сүйектер бір-бірімен
тұтаса байланысады. Ал организмнің кеңістіктегі қимыл қозғалысына
қатысатын сүйектер бір-бірімен өзара буындар арқылы қозғалмалы
байланысады. Демек, жануарлар қаңқасы сүйектерінің байланыс түрлерін екі
топқа белуге болады. Олар: қаңқа сүйектерінің тұтаса байланысы жəне
буынды байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: