201
коллаген талшықтары шоғырлы будаларынан кұралған сіңір. Бұған иттің кəрі
жілігі мен шынтақ сүйегі аралығындағы сіңірді жатқызуға болады.
3. Жік
(sutura) сүйектер арасындаты тым жұқа дəнекер ұлпалық аралықтар арқылы
олардың байланысы. Жіктік байланысқа жас төлдердің жалпақ бассүйектері
аралықтарындағы
пішіні
əр
түрлі
жұқа
жіктер
жатады.
Сүйектераралықтарындағы қимыл шектеулі болады.
4. Синхондроз (хрящевое сращение) — synchondrosis — сүйектердің
шеміршек ұлпалары арқылы байланысы. Синхондрозға омыртқа денелері мен
төссүйек бөліктері аралықтарындағы жəне қабырғалардың төссүйекпен
байланысы жатады. Сүйектераралықтарындағы қимыл тіптен шектеулі.
5. Синостоз (костное сращение) — synostosis — сүйектердің сүйек
ұлпасы арқылы байланысы. Байланыстың бұл түріне, яғни сүйектенуге
ересек
жануарлар
бассүйектерінің,
құйымшақ
омыртқаларының,
жамбассүйектерінің, кейбір тізе жəне тілерсек сүйектердің байланысы
жатады. Сүйектераралықтарында қимыл тіптен болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: