Морфология



Pdf көрінісі
бет417/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

қабырғааралық  т.  б;  сыртқы  пішініне  байланысты:  үшбұрышты,  ромб 

жəне трапеция тəрізді бұлшық еттер — деп аталынады. 



Атқаратын  қызмеперіне  қарай  бұлшық  еттер:  динамикалық  жəне 

статикалық бұлшық еттер болып екі топқа бөлінеді. Динамикалық бұлшық 



еттер  тобы  жануарлардың  кеңістіктегі  қозғалысын  қамтамасыз  етеді. 

Динамикалық  бұлшық  еттер  күшті  жиырылып,  үлкен  көлемде  жұмыс 

атқарады, бірақ тез шаршайды. Бұлар кұрылысы жағынан қарапайым бұлшық 

еттерге  жатады.  Статикалық  бұлшық  еттер  негізінен  дененің  кеңістіктегі 

тепе-теңдігін  сақтап,  оны  белгілі  жағдайда  тұрақты  бекітіп  ұстап  тұрады. 

Статикалық  бұлшық  еттер  жай  жəне  ұзақ  уақыт  жиырылып,  көп  уақытқа 

дейін  шаршамайды.  Бұлар  құрылысы  жағынан  қауырсынды  бұлшық  еттерге 

жатады. Жануарлар организмдерінде динамикалық жəне статикалық бұлшық 

еттер  таза күйінде сирек кездеседі.  Бұлшық  еттердің  құрылысы  мен  қызметі 

аралық  сипатта  болады.  Демек,  құрылысы  жағынан  олар  қарапайым 

қауырсынды болып келеді. 

Бұлшық  еттер  организмдегі  атқаратын  қызметіне  байланысты:  жазғыш 

(экстензор),  бүккіш  (флексор),  жақындатқыш  (аддуктор),  алыстатқыш 

(абдуктор),  көтергіш  (леватор),  түсіргіш  (депрессор),  кергіш  (тензор), 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет