Бұлшық еттер даму тегіне қарай: сомалық (денелік) жəне,
висцеральдық (іштік) болып екі топқа бөлінеді. Сомалық бұлшық еттер
мезодерманың миотомынан, ал висцеральдық бұлшық еттер ұрықтың
желбезек аппаратынан дамып жетіледі.
Дене (сомалық) бұлшық еттерінің болінуі
Жануарлар денесіндегі бұлшық еттер қаңқадағы орналасу орындарына
сəйкес: біліктік қаңқаның жəне аяқтардың бұлшық еттері болып үлкен екі
топқа бөлінеді.
Біліктік қаңқаның бұлшық еттері өз кезегінде: бастың, тұлғаның жəне
құйрықтың бұлшық еттер топтарына болінеді. Тұлғаның бұлшық еттері төрт
бұлшық еттер топтарына бөлінеді. Олар: І.Иық белдеуінің бұлшық еттері
немесе алдыңғы аяқты тұлға мен бас аумақтарына бекітетін бұлшық еттер; 2.
Омыртқа бағанының бұлшық еттері; 3. Көкірек керегесінің бұлшық еттері; 4.
Құрсақ қабырғасының бұлшық еттері.
Достарыңызбен бөлісу: |