Морфология


Экстензорлар:  І.  Иықтың  үшбасты  бұлшық  еті



Pdf көрінісі
бет466/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Экстензорлар:  І.  Иықтың  үшбасты  бұлшық  еті  (m.  triceps  Ьгасһіі) 

алдыңғы  аяққаңқа  сүйекгерінің  үш  жерінен  басталады.  Оның  ұзын  басы 

(caput  longum)  жауырынның  каудальды  жиегінің  жоғарғы  жағынан, 

латеральды  басы  (caput  laterale)  тоқпан  жіліктің  шынтақ  сызығынан, 

медиальды  басы  (caput  mediale)  тоқпан  жіліктің  медиальды  бетінен 

басталып, үшеуі бірігеді де, шынтақ өсіндісінің төмпегінде аяқталады. 



Ерекшеліктері. Ит пен шошқада үшбасты бұлшық еттің қосымша басы 

болады. Ол тоқпан жіліктің мойнынан басталып, үшбасты бұлшық еттің ұзын 

басының сіңірімен бірігіп кетеді. 

Қызметі. Үшбасты бұлшық ет шынтақ буынын жазады. Сонымен қатар, 

оның ұзын басы иық буынын бүгуге де көмектеседі. 



2.Білек  шандырын  кергіш  бұлшық  ет  (m.  tensor  fasciae  antebrachii) 

иықтың  үшбасты  бұлшық  етінің  ұзын  басының  медиальды  бетінде  жатқан 

жұқа, таспа пішіндес ет. Ол жауырынның каудальды жиегінен, үлкен жұмыр 

жəне  арқаның  тым  жалпақ  бұлшық  еттерінің  шандырларынан  басталады  да, 

шынтақ өсіндісінің төмпегі мен білек аумағы шандырында аяқталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет