Ерекшеліктері. Жылқыда, сиырда жəне ұсақ малдарда иықтың
екібасты бұлшық еті құрсағының ішімен жіңішке де жұқа сіңірлі қабаттар
өтеді.
Қызметі. Иықтың екібасты бұлшық еті шынтақ буынының бүккіш
бұлшық етінің, ал иық буынының жазғыш бұлшық етінің қызметтерін
атқарады.
2.Тоқпан жілік бұлшық еті (m. brachialis) тоқпан жілік мойнының
латеральды жəне пальмарлы беттерінен басталып, иықтың екібасты бұлшық
етінен сəл төменірек көрі жілік бұдырында аяқталады.
119 - сурет. Иық жəне шынтақ буындарынын бұлшық еттері А — латеральды,
Б — медиальды жағы
1 — қыралды бұлшық еті, 2 — иықтың екібасты бұлшық еті, 3 — тоқпан жілік
бұлшық еті, 7 — жауырын шеміршегі, 8 — қырарты бұлшық еті, 9 — дельта тəрізді
бұлшық ет, иықтың үшбасты бұлшық еті (10 жəне 14 — ұзын басы; 11 —- латеральды
басы; IS — медиальды басы), 13 - - үлкен жұмыр бұлшық ет, 18 — жауырынасты бұлшық
ет, 19 — құс тұмсықша-тоқпан жілік бұлшык еті.
Достарыңызбен бөлісу: |