Аддукторлар: 1. Сымбат бұлшық еті (m. gracilis) санның медиальды
бетінде жатқан жалпақ қалың ет. Ол жамбас жігінен жəне құрсақтың тік
бұлшық еті сіңірінен басталады. Тобық буынының тұсында жалпақ сіңірге
айналып, тобық сүйектің тік байламында, асықты жілік қырында жəне сирақ
шандырында аяқталады.
Қызметі. Сымбат бұлшық еті жамбас пен сан аумақтарын тұлғаға
жақындатады.
2. Санды жақындатқыш бұлшық ет (m. adductor femoris) шат сұйектен
жəне жапқыш тесігінің медиальды жəне каудальды жиектерінен басталып,
ортан жіліктің кіші ұршығы мен медиальды айдаршығы аралығында
аяқталатын ет.
Достарыңызбен бөлісу: |