Ерекшеліктері. Жылқыда, сиырда, ұсақ малдарда жəне шошқада
санның жалпақ шандырын кергіш бұлшық еттің каудальды жиегі беткей
бөксе бұлшық етімен бірігіп кетеді, ал итте ол краниальды бағытта тігінші
бұлшық етімен шектеледі.
Қызметі. Санның жалпақ шандырын кергіш бұлшық ет жамбас ортан
жілік буынын бүгеді жəне тобық буынын жазуға қатысады.
4.Тігінші бұлшық еті (m. sartorius) санның медиальды бетіндегі ұзынша
келген таспа пішіндес ет. Ол кіші бел бұлшық етінің сіңірі мен мықын сүйек
денесінен басталып, тобықтың медиальды бетіндегі шандырда аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |