Ерекшеліктері. Жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда бұлшық
ет асықты жіліктің алдыңғы бұлшық етімен бірігіп кеткен. Итте I тырнақ
қалдығында аяқталады.
Қызметі. Үлкен бақайдың ұзын жазғыш бұлшық еті бақай (тырнақ)
буындарын жазады.
Флексорлар. 1. Бақайдың беткей бүккіш бұлшық еті (m. flexor
digitorum superficialis) ортан жіліктің айдаршықүсті шұңқырынан басталып,
балтыр етінің латеральды басымен бірігіп кетеді де, өкше төмпегінің
латеральды жəне медиальды беттеріне бекіп, одан əрі бұлшық еттің сіңірлі
құйрығы екіге бөлініп, тұсамыс пен топай сұиектерінде аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |