240
4. Шыбықтың ұзын бұлшық еті (m. peronaeus longus) сирақ аумағы
сүйектерінің латеральды жағында орналасады. Ол шыбық сүйек пен асықты
жіліктің латеральды айдаршығынан басталып, оның сіңірлі құйрығы сирақ
аумағының төменгі тұсының латеральды бетінен, IV тілерсек жəне артқы
жіліншік сүйектері аралықтарындағы саңылау арқылы тілерсек буынының
плантарлы (артқы) жағына өтіп, медиальды бағытта I немесе II тілерсек,
болмаса I артқы жіліншік басында аяқталады.
Ерекшеліктері. Жылқыда аталмыш бұлшық ет болмайды. Қызметі.
Шыбықтың ұзын бұлшық еті тілерсек буынын бүгеді.
Достарыңызбен бөлісу: