"ұландық немесе ювенальді түлеу" — дейді. Бұған мысал ретінде
құлынның жабағысын тастап түлеуін келтіруге болады.
Түктің дамуы. Тері тұгі эпидермистен дамиды. Бастапқы кезде тері
түктері дамитын тұстарда эпидермисте эпидермоциттер белсенді түрде
бөлініп көбейе бастайды. Эпидермис қалындап, астындағы мезенхимаға
төмен қарай бойлай өсе бастайды. Эпидермис өсінділерінің ұштары жуандап,
түк баданасына айналады. Мезенхимадан бадана ішіне түк емізікшесі еніп,
ұздіксіз көбею сатысындағы эпителиоциттерді қоректік затпен қамтамасыз
етеді. Түк баданасы эпителиоциттерінен түк сабағы түзіліп, эпидермис
өсіндісінің орталығы арқылы терінің сыртқы бетіне тесіп өтеді де түк
фолликулының өзегін жасайды. Осы кезде эпидермис өсіндісінің орта
тұсынан май бездері жетіліп, олардың өзектері түк фолликулы өзегімен
жалғасады. Эпидермис өсіндісінің эпителиоциттер қабаты өз кезегінде
сыртқы жəне ішкі түбір қынаптарына ажырайды. Түк түбірінің сыртындағы
мезенхимадан түп қапшығы жəне онымен байланысқан түк көтергіш ет
будасы дамып жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |